Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 22 тамыз — Түркістанда суға батқан 11 адамға қатысты тергеу амалдары басталды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. «Қазір іздеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар, тергеу органдары бұл оқиғаның себебін анықтауға кірісті. Қайғылы оқиға болған жерде суға шомылу үшін тиісті жағдай жасалмаған. Ол жерге төрт отбасы демалуға барған. Лауазымды адамдардың жауапкершілігі тексеруден кейін анықталады», — деді С. Шәріпханов Үкіметте тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Айта кетейік, қайғылы оқиға кеше Отырар ауданында болған. Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кетті. Олардың барлығы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Ақтаудағы  «жартасты соқпақ» жолы уақытша жабылды. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміндегілер әлеуметтік желіде тарап кеткен жазбалардан соң осындай шешімге келген, деп хабарлайды CaspianLife.  Ғаламтордағы фото-бейнежазбалардан  жарқабақтан құлағалы тұрған үлкен тасты көруге болады. Алайда, соған қарамастан үңгір үстінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар бұл адамдардың өміріне қауіп төндіреді деп, алаңдаулы. Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміндегілердің сөзіне сүйенсек, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Жартасты соқпақ» жолын жабуға мердігердің өзі бастамашы болған.  Сондай-ақ,  үңгірдің үстіне  22 қабатты 2 үй салуды жауапты органдар мақұлдапты. «Бәрі заңға сай» дейді олар. Жергілікті әкімдік өкілдері рұқсат беру процедурасы 5 жыл бұрын жасалғанын айтады.…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі. ҚР  Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп хабарлайды CaspianLife.  Нақтырақ айтқанда, енді докторанттарға, оның ішінде денсаулық сақтау саласына ден қойғандарға – 217 500 теңге, осы бағыт бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 500 теңге, магистранттарға – 97 мың теңге, интерндерге 76 мың теңгеге жуық шәкіртақы төленбек. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитындарға төленетін қаржының көлемі 32 мың теңгеден асты. Қаулы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді. Тағы бір жағымды жаңалық.  Үкімет колледждер мен жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің кейбіріне жатақханаға төлейтін шығындарын жабу үшін арнайы…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Құрманғазы ауданында 3 қабатты 4 үй салынады. Әрқайсысы 60 пәтерлік болатын тұрғын үйлердің жобалық сметалық құжаттары жасақталып жатыр, деп хабарлайды CaspianLife. Мұны Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев айтты. Әзірге жұмыстың қашан басталары белгісіз. Жаңа үйлер аудан орталығына жақын орналасқан Кадырка  елді мекенінде бөй көтеретін болады. Пәтерлер көпбалалы, әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға, жетімдер мен мемлекеттік қызметшілерге және апатты үйлердің тұрғындарына берілмек. Айта кетейік, қазіргі уақытта аудан бойынша баспана кезегінде 1061 адам тұр.

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Аймақтағы ірі кәсіпорындар «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінен қолдау сұрайды. Солардың бірі — «Дәулет нан» ЖШС. Олардың сөзінше, компания ірі кәсіпорындардың қатарына енгелі мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек азайып кеткен. Оған үкіметтің шағын және орта бизнеске баса назар аударуы себеп, деп хабарлайды CaspianLife. Рашид ОТАРОВ, «NSS» ЖШС директоры «Қазір Даму малый бизнес пен средний бизнесті қолдап тұр. Біз крупный бизнеске жатамыз. Сол себепті біздерге ондай көп төменгі пайыздағы несиелер қарастырылмаған. Енді дамудың басшылары келіп, қыркүйек айынан бастап, тағы да осыны қарастырып жатырмыз»  Қазіргі уақытта «Дәулет нан» серіктестігінде 240 астам адам қызмет етеді. Инсдустриялық аймақта 9 өндіріс орны орналасқан.Сондай-ақ,…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Сағыз ауылында «Жастар жырлайды» атты жас ақындар байқауы өтті, деп хабарлайды CaspianLife.  Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған шараға 18 бен 35 жас аралығындағы 11 ақын қатысып, 6 сағат бойы ауыл халқына тартысты жыр додасын ұсынды. Бүгінгі айтыстың ерекшелігі ақындардың жеребе арқылы жұпталуы болды. Олар көрермен таңдап берген жұптарымен 15-20 минут айтысып, оза шапқаны келесі кезеңге жолдама алды. Супер финал атыраулық Өнербек Дәулекенов пен жылыойлық Ернұр Исахаевтың арасында өтті. Қазылардың шешімімен атыраулық айтыскер жеңімпаз атанды, алайда ағасы інісіне жол беріп жеңісін сахна төрінде махамбеттік жас ақынға табыс етті. Іс-шараның…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Атырауда шекарашылар күніне орай велошеру етті. Оған ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облыстық департаментінде жұмыс істейтін әскерилер қатысты, деп хабарлайды CaspianLife. Велошерудің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, елдің шекарасын күзетіп жүрген қарулы күштердің бейнесін көрсету. Шекарашылардың велосипедпен жүріп өткен жолының ұзындығы – 31 шақырым. Олардың жол бойындағы қауіпсіздігін полиция қызметкерлері қамтамасыз етті. Осы орайда, Атырауда жұмыс істеп жүрген шекарашылар кәсіби мерекеге орай өзге өңірлердегі әріптестеріне жылы лебіздерін білдіріп, бейнеқұттықтау жолдады.

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Атырау қалалық кітапханасында жазушы-журналист Айболсын Елеусіновтің  «Ғұмыр дастан» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Шараға автордың жұбайы, ұрпақтары мен замандастары, кітапхана қызметкерлері қатысты. 100 данамен басылып шыққан кітаптың  10-ы Атырау қалалық кітапханаға сыйға берілді. «Ғұмыр дастан» кітабында Айболсын Елеусіновтың көзі тірі кезінде жазған күнделіктері, жазбалары мен шағын материалдары жинақталған. Қаламгердің жұбайы Роза Қарақызының сөзінше, әлі күнге автордың іздеушісі, оқырманы бар.   Роза ҚАРАҚЫЗЫ, қаламгердің жұбайы «Тағы да қалған жинақтары бар екен, шығармалары бар екен. Соны енді мына ұрпаққа естелік болып қалсыншы, әр жерде шашылып, отқа жанып кетпесінші деп соны осы кітап басып шығаруға ұйымдастырып, бүкіл материялдарын…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Атыраудағы дүкендердің бірінен 2,5 мың дана заңсыз темекі өнімі табылды, деп хабарлайды CaspianLife. Нақтырақ айтқанда, электронды темекі, вейп және соларға арналған сұйықтықтар. Бүгінде акциздік маркасыз және таңбалаусыз темекі өнімдерін сатқандарға қатысты әкімшілік іс қозғалған. Енді кінәлі азамат заңды белден басқаны үшін жауап береді. Жалпы жыл басынан бері Атырауда 21914 дана заңсыз темекі өнімі тәркіленген. Сандық таңбалау коды жоқ темекі өнімдерін сатқан кәсіпкерлерге бизнесінің көлеміне қарай 1 миллион 800 мың теңгеге дейін айыппұл салынатынын айта кетейік. Фото: malim.kz

Read More

CaspianLife, 17 тамыз — «Нұрсая» ықшам ауданында салынып жатқан «Елорда Резиденс» тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасады. 2020 жылы басталған жұмысты аяқтауға «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ 2,6 миллиард теңге қаржы бөлді, деп хабарлайды CaspianLife.  Бұл мекеме алғашында осы тұрғын үй кешенін салып жатқан компанияға кепіл болуға келісіп, шарт жасасқан. Жалпы көпқабатты үйлер өткен жылдың наурыз айында халық игілігіне тапсырылуы керек еді. Алайда, құрылыс метариалдары қымбаттап, тұрғын үй кешенін салып жатқан компанияның қаржысы жетпей қалған. Олжас ЖОЛДАСБАЕВ,  «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нысанды 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей пайдалануға беру керек еді. Заңға сәйкес біз құрылыс мерзімін ұзартуды мақұлдадық.…

Read More