Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 16 тамыз — Жатақханадан орын тапппаған атыраулық студенттер қонақ үйлерге жатады, деп хабарлайды CaspianLife. Мұны Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры Ләйла Қойшығұлова айтты. Себебі, биыл ақпанда 560 орындық №2 жатақхана апатты деп танылған еді. Қазір оның орнына жаңасын салу жоспарланып отыр. Бірақ оған дейін студенттер басқа оқу орындарына тиесілі жатақхана мен қонақ үйлерде тұрады. Ләйла ҚОЙШЫҒҰЛОВА, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры «Біздер қыркүйек айын 2 оқу орнынан 100 орыннан келісімшартқа отырдық. Және Владимирский көшесіндегі Дана гостиницасын 170 орынды біздер жалға арендаға алып отырмыз. Сонда біз студенттерді толық қамтамасыз етеміз деп айтықым келеді». Ал Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай…

Read More

CaspianLife, 16 тамыз — Өзен-көл, арық бойын қуалай өсіп тұратын қамысты игеремін деген атыраулық кәсіпкер өзінің бастағалы отырған ісіне қолдау ретінде мемлекет тарапынан кепілдік берілсе деп, хабарлайды CaspianLife. Өйткені жобаны жүзеге асыру үшін қажетті 10 миллиард теңгені бөлетін инвестор осындай талап қойыпты. Рашид Қабдешев Жайық жағасындағы қамысты түрлі елге жөнелтіп, одан отын, кірпіш, қағаз, бір реттік ыдыс,  мал азығын, құрылыс материалдарын әзірлеуге болатынын білген. Бірақ, кепілдіктің болмауы себепті қимылдай алмай отырмын, — дейді кәсіпкер. Рашид ҚАБДЕШЕВ, кәсіпкер «Біздің атқарушы органдарға сөздің шыны керек, поддержка керек. Бұлардан біз ақша сұрап жатқан жоқпыз. Біздің Құрманғазы ауданында зауыт салуға 10 гектар жеріміз бар.…

Read More

CaspianLife, 15 тамыз — Маңғыстау облысында «Берали Маңғыстау Company» серіктестігінің қызметкерлері билік пен олардың компаниясының басшылығы тарапынан мұнайшылардың талаптары толық орындалмағанын мәлімдеді. Олар өтініштерін айтып видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды CaspianLife. Үш айдан астам уақыт өтті. Ешқандай өзгеріс көріп отырған жоқпыз. Тиісті орындарға хатта жолдаған болатынбыз. Ешқайсысы жауапсыз. Барлық оң шешімін табу үшін қанша хат жазып, қанша табалдырық тоздыруымыз керек. Жұмысшылардың айтуынша, үш айдан астам уақыт бұрын олар Президенттің назарын өз проблемаларына аудару үшін Астанада бейбіт митинг өткізген. Алайда, осы күнге дейін олардың талаптарының ешқайсысы қанағаттандырылмады. Берали жұмысшыларының айтуынша, үш ай бұрын билікке және компания басшылығына жолданған өтініш әлі орындалмаған. Мұнайшылар…

Read More

CaspianLife, 15 тамыз — Қазақстанда соңғы бір жылда оқу құралдары 64,4%-ға қымбаттады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады. Мамандардың сөзінше дәптер – 77, қалам – 38,6%, түрлі-түсті қарындаш – 41,9%-ға, сурет альбомы 44,1%-ға өскен, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл баға қыркүйек жақындаған сайын өзгере түсуі мүмкін. Баласын ертіп, сауда орындарын аралаған ата-аналар да мектеп формасы мен оқу-құралдары құнының қалтаға айтарлықтай салмақ салып тұрғандығына ренішті. Олардың сөзінше қазір бір баланы сабаққа дайындау үшін 100 000 теңгеден көп қаражат керек. Әсел СҮЙЕНІШҚАЛИЕВА, ата-ана «Былтырғы жылға қарағанда әрине қазір қымбат бізде. Өте қымбат баға. Оқушы балам біреу.  Бір балаға шамамен бір 100 мыңға шығатын болар.…

Read More

CaspianLife, 15 тамыз — Ақтауда қоғамдық 5 әжетхананы 87 миллион теңгеге сатып алған қалалық әкімдік қызметкерлеріне қатысты тексеру басталды, деп хабарлайды CaspianLife. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облыстық департаментінің офицерлері мемлекеттік сатып алу процесінің қалай жасалғанын зерделей келе, заңсыздыққа жол берілгенін анықтапты. Модульдік әжетханалар қондырылғанмен, әлі пайдалануға берілмеген. Департамент қызметкерлері әлеуметтік желіде осы тақырыптың қызу талқыланып жатқанын байқаған соң бірден тексеріске кірістік дейді. Біржан ХАЙРУЛЛИН, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі МОД басшысының бірінші орынбасары «ТҮКШ жұмыстардың нақты орындалмағанына қарамастан шартқа қол қойғаннан кейін екі күннен соң жеткізушіге 87 миллион теңге көлеміндегі толық сумманы аударған. Бұл факт есепке алу кітабына…

Read More

CaspianLife, 15 тамыз — Атырау облысындағы мектеп оқушыларын тасымалдау үшін жаңа 23 автобус сатып алынады. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов үкімет отырысында айтты. Көлік сатып алу үшін 1,1 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды CaspianLife.  Облыстағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы баяндаған әкімге сенсек, биыл 1 мың интерактивті тақта мен 500 компьютер сатып алыныпты. Ол үшін қазынадан 1,9 миллиард теңге бөлінген. Ал оқушыларды кітаппен қамтуға жұмсалған қаржы 2 миллиард теңге. Оқулықтар тамыздың 25-іне дейін жеткізілмек. 1,3 миллиард теңге барлық мектепті жедел басқару орталығына қосу үшін бөлініпті. Қазіргі уақытта өңірде мектептердің 70 пайызы жедел басқару орталығына қосылған. Бұл республика бойынша…

Read More

CaspianLife, 15 тамыз — Жуықта Атырау қаласының әкімі болып тағайындалған Шәкір Кейкін әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Шенеуніктің көптің назарына ілігуіне оның ескерткіштер мен көгершіндерге қатысты айтқан пікірі себеп болды, деп хабарлайды CaspianLife.  Қала басшысы Қаныш Сәтбаев ескерткішінің қазіргі күйіне алаңдап, тұрғындардың ол жерде құстарға жем беруіне тыйым салу керектігін айтқан еді. «Көгершін -бейбітшілік құсы болғанымен, айналаны бүлдіріп, қолайсыздық тудырып тұр» деді Шәкір Кейкін Шәкір Кейкиннің сөзінше, бұл көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселе. Енді құстар мен оларды тамақтандыратын тұрғындардың жағдайы қиындамақ. Мұнымен ескерткіштерді жуып шаршадық деген жұмысшылар да келісіп отыр. Ғаламтор пайдаланушылары қала басшысының бұл әрекетін сан-саққа жүгіртіп-ақ жатыр.…

Read More

CaspianLife, 15 тамыз — Атырауда алғаш рет Tomiris ақпараттық білім беру бағдарламасы басталды, деп хабарлайды CaspianLife.  Оған бойында көшбасшылық қабілеті бар 50-ге жуық жергілікті қыз-келіншек қатысуда. Мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ өкілдері, кәсіпкерлердің басын қосқан жиын 4 күн бойы өтеді. Жиналғандарға тәжірибелі мамандар көшбасшылық дағдыны дамыту, қаржылық сауаттылық, көп алдында сөйлеу, тайм менеджмент секілді тақырыпта дәріс оқиды.  Tomiris ақпараттық білім беру бағдарламасы былтыр жасақталды. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз жолдауында «әйелдердің мүмкіндігін кеңейту – қазіргі саясаттың басым бағыттарының бірі» деуі себеп болды. Мемлекет басшысы «әйелдер партиялық тізімде болып қана қоймай, парламент пен түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары құрамының 30%-ын құрауы тиіс» деген еді…

Read More

CaspianLife, 15 тамыз — Қаз-қатар тігілген киіз үй. Асық атып, ләңгі тепкен, арқан тартқан жастар. Мақатта кейінгі буын өкілдері өз мерекелерінде көңілді тимбилдинг ұйымдастырды, деп хабарлайды CaspianLife. Мерекелік басқосуға жергілікті және өзге аймақтарда білім алып жүрген жастар арнайы қатысты. «Өнерлі жастар», «Шабыт», «Сад сарбаздары», «Өнер қырандары», «Мәдениетті жастар» секілді командалар ұлттық ойындардан жарысып, өзара мықтыны анықтады. Мерекелік іс-шара әрі қарай аудан көркем өнерпаздарының гала концерті мен жастардың би кешіне ұласты.

Read More

Caspianlife, 15 тамыз — Мектеп формасына байланысты сұрақтарға Оқу-ағарту министрлігі жауап берді, деп хабарлайды CaspianLife Биыл міндетті мектеп формасы өзгертілді. Атап айтсақ мектеп оқушыларына поло жейде, водалазка мен тоқылған жемпір немесе түймелері бар кардиган киюге болады. Галстук тағу міндеттелмейді. Мектеп формалары күнделікті, спорттық және салтанатты болып бөлінеді. Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келетінін еске салады. Ұл балаларға арналған мектеп формаларына, поло жейде, футболка, пиджак, жакет, шалбар, күнделікті және салтанатты жейде, кардиган, ал қысқы кезеңде водолазка мен тоқылған жилет киюге болады. Ал қыз балалар пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, түймелері не…

Read More