caspianlife, 14 тамыз — «МАЭК» Маңғыстауды электр энергиясымен қамтамасыз етуді 50 пайызға қысқартты, деп хабарлайды CaspianLife. Бұған аймақты су, жылу және тоқпен қамтып отырған комбинаттың екі электр станциясындағы ақау себеп. Сондықтан жергілікті билік энергия тұтынуды шектеуге мәжбүр болып отыр. Әзірге тек «Өзенмұнайгаз» кен орнына 10 мегаватт тоқ берілуде. Ал өзге компаниялар электр энергиясымен түнде ғана қамтылады. Қазіргі кезде төрт аудан мен Жаңаөзен қаласына тоқ беруді шектеу жұмысы басталып кетті. Мамандардың айтуынша тұрғындар бір апта бойы 3- 5 сағат бойы жарықсыз отырады. Ол туралы халыққа алдын ала хабарланады. Осы орайда жергілікті билік мемлекеттік органдар және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге ең алдымен…
Автор: Сайт әкімшілігі
caspianlife, 14 тамыз — 2012-2014 жылдары несие серіктестіктері арқылы 3 миллион теңгеге дейін несие алып, кәсіп бастаймын дегендердің қазір шоттары бұғатталып, шекарадан аса алмай отыр, деп хабарлайды CaspianLife. Несие тұрғындарға бір серіктестік арқылы рәсімделген. Енді оны уақытылы өтеп, құтылғандар қарызын жабуға асықпайтын өзгелерінің кесірінен зардап шегіп отырмыз дейді, Қызылқоға ауданының тұрғыны, Жәмилә АЛҚУАТОВА «Монша ашатын болдым. Моншамды ашып бастадым. Маған 2,5 миллион дым да болған жоқ. Газымның өзіне бірталай ақша кететін болды. Жерімді сатып алдым. 2,5 миллион моншаның жартысына жетпей қалды. Маған 5 жыл болмай жатып, арестке қойып тастады. +02:41 қазір кредитке кіріп отырмын. 11 миллион теңге дейді. Халықтың жағдайын…
caspianlife, 14 тамыз — Облыс орталығында құрылысшылардың кәсіби мерекесі тойланды. Тамыз айының екінші жексенбісінде аталып өтетін бұл мейрамды осы салада еңбек етіп жүргендер асыға күтеді. Мерекелік іс-шараның шымылдығын әртістер театрландырылған қойылыммен ашса, облыс басшылары сала қызметкерлерін төл мерекемен құттықтады, деп хабарлайды CaspianLife. Іс-шара барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне «Құрылыс техникалық бюросы» ЖШС сарапшысы Талғат Бисенов, «Құрметті жолшы» төсбелгісіне «Атырауинжстрой» компаниясының бригадирі Ербол Қалмағанбетов ие болды. Сонымен қатар, бір топ маман министрліктің құрмет грамотасы мен алғыс хатын алды. Облыс әкімінің және AMANAT партиясы Атырау облыстық филиалының атынан берілген марапаттар да өз иелерін тапты. Сондай-ақ, облыс әкімінің…
caspianlife, 14 тамыз — Атырауда халықаралық жастар күніне орай «Таза аймақ – таза өмір» атты сенбілік өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Тазалық акциясына түрлі мекеменің қызметкерлері, жергілік атқарушы орган өкілдері, жастар, спортшылар мен «Жасыл ел» еңбек жасағының құрамындағылар қатысты. Барлығы 200-ден астам атыраулық «Тұрғындар қалашығы» мен «Авангард» ықшам ауданын байланыстыратын көпір маңын қоқыстан тазартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы айналаны таңдауға тұрғындардан түскен шағымның көптігі себеп болған. Нәтижесінде акцияға қатысушылар 1 жүк көлігін қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарға толтырған. Фото: ser-per.kz
caspianlife, 14 тамыз — Атырауда алғаш рет әуесқой триатлоншылар арасында Swimrun Challenge жарысы өтті. Акватлон деп аталатын сайысқа 100 адам қатысып, жүзден жүйрік атануға тырысты. Ереже бойынша қатысушылар ең алдымен түрлі қашықтыққа жүгіріп, кейін жүзіп, судан шыққасын тағы да жүгіру керек, деп хабарлайды CaspianLife. Спорттық сайысты Atyrau Irom Team триатлоншылар клубы ұйымдастырды. Оларға қаладағы түрлі мекеме мен жергілікті әкімдік қолдау көрсеткен. Іс-шара соңында жарыс жеңімпаздары марапатталып, медальдар мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Фото: inform.kz
caspianlife, 14 тамыз — Жанбай ауылында Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ақын, мемлекеттік қызметкер Адайбек Есекештің 60 жас мерейтойы атап өтілді. Және іс-шара аясында оның «Тіршіліктің тылсымы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі де ұйымдастырылды, деп хабарлайды CaspianLife Жиынға аудандық мәдениет бөлімі, «Нарын таңы» газетінің, ауыл әкімдігінің қызметкерлері, тұрғындар қатысты. Жастар жағы ақынның «Боз жусанның бүршігі», «Жүректегі жыр шыңы» атты жинақтарына енген өлеңдерін оқыса, ауыл үлкендері туған өлкенің тарихын жатқа білетін, сөзге жүйрік Адайбек Есекештің сан қыры туралы айтты. Сазды кеште айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының сәлем жеткізген ақын Серікбол Панабердиев авторға қазақтың қара домбырасын тарту етті.
caspianlife, 14 тамыз — Атырауда «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен ATYRAU QUIZ ойынының облыстық кезеңі өтті. Ақтық мәреге аудандық және қалалық іріктеу сайыстарынан жолдама алған 22 команда қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іріктеу ойындарында 500-ге жуық атыраулық білім сынаған. Бұл жастар арасында квизге деген қызығушылықтың жоғары екендігін көрсетеді дейді олар, деп хабарлайды CaspianLife. Ойын «Кіріспе», «Сөзжұмбақ», «Тізбекті логика», «Үш әріп», «Қисын» және «Ақтық мәре» деп аталатын 6 кезеңнен тұрды. 150-ге жуық қатысушы логикалық түрлі сұраққа барынша дұрыс жауап беруге тырысты. Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша Атырау қаласынан қатысқан «Питүн» командасы 37 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орынды Мақаттан келген «Bas Time Maqat» командасы иеленсе,…
caspian.life, 14 тамыз — 12 тамыз –халықаралық жастар күніне орай Атырауда ауқымды фестиваль өтті. Сенбі күнгі іс-шара аясында елімізге танымал мобилограф Қыран Талапбек атыраулық жастарға дәріс оқыды. 50 мыңға жуық қазақстандыққа сапалы видео түсіруді үйреткен ол бұл жолы видеоны сату жолы яғни, маркетинг туралы айтты, деп хабарлайды Caspianlife. Мобилография курсы облыстық әкімдік алдындағы түрлі іс-шарамен жалғасты. Түстен кейін бұл жерде нағыз мейрам басталды. Жастар арасында қазақша әндерді насихаттауға бағытталған Ulttyq Karaoke ұйымдастырылды. Оған әлеуметтік желі арқылы іріктелген 20-ға жуық өнерпаз қатысты. Олар алғашқы айналымда кез келген қазақша әнді орындаса, финалда Шәмші Қалдаяқовтың әндерін шырқады. Атыраулықтар халықаралық жастар күнін алғаш рет…
CaspianLife, 10 тамыз — Облыста жыл басынан бері кезінде ауыл шаруашылығы мақсатында беріліп, алайда игерілмеген 64 мың гектардан асатын жер мемлекетке қайтарылды, деп хабаралайды CaspianLife. Ал былтыр 206 мыңнан асатын гектар жер мемлекет меншігіне өтіпті. Бұл жұмыстар әлі жалғасады. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқалидың айтуынша шаруалар жер алу үшін дайындаған бизнес жоспарында инвестицияның көлемін молайтып, участокты барынша көбірек алғысы келеді. Бірақ, оны игеруге шамасы жетпей қалады. Ақырында 137 жер учаскесін азаматтар өз еркімен тапсырған. Бұл жүргізілген түсіндірме жұмыстарының оң нәтижесі дейді облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Гүлзия Құрманова. «Егер де жер учаскесі игерілмеген жағдайда біз 1 жылға…
CaspianLife, 10 тамыз — Атырау облысындағы білім беру ұйымдарына қарасты спорттық алаңдар тексеріледі, — дейді білім беру басқармасындағылар. Бұған Астанадағы 10 жасар баланың өлімі себеп, деп хабарлайды CaspianLife. Оқушының үстіне мектеп ауласындағы футбол қақпасы құлап, көз жұмған болатын. Осы жағдайдан кейін оқу-ағарту министрі елдегі мектептердің аумағындағы спорт алаңдары мен құрал-жабдықтар жіті тексерілетінін жеткізді. Қазір Атырау өңіріндегі мемлекеттік саналатын 201 білім беру ұйымының басшылары өздеріндегі бар-жоқты түгендеуге көшіпті. «Бүгінгі күні мониторинг жасау жөнінде бұйрық шығарып, қазіргі уақытта сол бұйрықты жан-жаққа жіберіп жатырмыз. Біздерде тек мектептер ғана емес, мектептен тыс тұрған спортивный площадкалар бар. Енді осының барлығы бойынша да ақпарат алуды көздеп…
