CaspianLife, 17 тамыз — «Қазақстанның даму банкі» АҚ «АтырауНефтеМаш» компаниясына қаржылай қолдау көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, зауыт дайындайтын өнімнің түрін көбейтіп, қуатын арттыруды мақсат етіп отыр, деп хабарлайды CaspianLife. Ірі мұнай компанияларымен жұмыс істейтін мекеме осыған дейін аталған банктен 11 миллиард теңге шамасында несие алған. Нәтижесінде, өндірістік цехтар ашылып, мамандар оқытылған. Яғни, бірлескен жұмыс оң нәтиже көрсеткен. Өңірге жұмыс сапарымен келген «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен оған қарасты мекемелердің басшылары зауыттың тыныс-тіршілігімен танысып, жобаларын қолдауға дайын екендерін айтты. «Қазақстанның даму банкі» басқарма төрағасының баяндауынша, зауыт несиесін уақытында төлеп отыр. Жұмыстарында да ілгерілеу бар. Енді өндіріс орнына қосымша 1,5 миллиард теңге бөлуге…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 тамыз — Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды CaspianLife. Кездесуде Серік Шәпкенов облыстың даму үдерісіне «Бәйтерек» холдингі тұрақты қолдау көрсетіп келетінін жеткізді. Сонымен қатар, Атырау аймағы өндірістік жобаларды іске асыру үшін қолайлы өңір екені баса айтылды. Жиында Атырау облысының даму келешегі, инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктері және Холдингтің қолдау құралдары арқылы бірлескен жобаларды іске асыру жайы талқыланды. Сонымен қатар «KPI Inc.» компаниясының мұнай кластерін одан әрі дамыту, кәсіпкерлікті қолдау бағытында субсидиялау үшін қаржы бөлу, агроөнеркәсіпті дамыту, тұрғын үй кешенін салу мәселелері көтерілді. Айта кету керек, «Бәйтерек» холдингі «Атырау облысының…
CaspianLife, 17 тамыз — Антикор қызметкерлері атыраулық волонтерларды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады, деп хабарлайды CaspianLife Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің өңірдегі өкілдері бұл жұмысты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында ұйымдастырмақ. Басты мақсат – белсенді азаматтар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін түрлі іс-шараға ерікті ретінде тарту. Антикор қызметкерлері ең алдымен азаматтық белсенділермен кездесіп, жобаның жай-жапсарын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, жобаның осал тұстары мен пайдасы талқыланды. Жоба 4 бағытта іске асады. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік сатып алу порталындағы баға, бюджет қаражатының тиімді жұмсалғанына мониторинг жүргізу, әлеуметтік маңызы бар объектілердің жағдайын қадағалау сынды жұмыстар қоғамдық бақылау бойынша жүреді. Саладағы проблемаларды зерделеу, алдын-алу іс-шараларына…
CaspianLife, Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды CaspianLife. Олар күнделікті сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін, Жайық өзенінің әр жерінде шолу жұмыстарын жасайды. Айтуларынша, түсіндірме жұмыстарына қарамастан ескертпеге немқұрайлы қарайтындар көп. Оның ішінде ересектер ғана емес, балалар да бар. Өңірде суға түсу маусымы басталғаннан бері тыйым салынған орынға суға түскен 85 баланың ата-анасына хаттама толтырылып, ескерту берілген. Бұл жағдайлардың басым көпшілігі қала аумағында болады. Мұны Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі растап отыр. Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 11 адам суға батып, қаза тапқан. Оның үшеуі бала.
CaspianLife, 17 тамыз — «Заңсыз жұмыстан шығарды» деп наразылықтарын білдірген мақаттық өрт сөндірушілер датын айтып, «Аманат» партиясына жүгінді, деп хабарлайды CaspianLife Бір айдан астам уақыттан бері талай табалдырықты тоздырғандар кімге шағынарын білмей дал болып жүр. Айтуларынша, олар «Интергаз Орталық Азия» компаниясының мердігері «GR World» ЖШС-нен жалақыны 50 пайызға өсіруді талап еткен. Өйткені алып жүрген еңбекақылары 85 мың теңгеден аспайды. Жұмыс беруші болса, бұл талапқа келіспейтінін айтып, 17 адамды қызметінен босатқан. Кейін басқа кісілерді жұмысқа алыпты. Мақаттық өрт сөндірушілер тапсырыс беруші компанияның мердігері жиі ауысатындықтан, бірнеше жылдан бері еңбек демалысына да шықпағандарын айтады. Жиналысқа онлайн қосылған «GR World» ЖШС директоры Азат…
CaspianLife, 16 тамыз — «Ауланы абаттандырғаннан не пайда, өзіміз құлайын деп тұрған үйде өмір сүріп жатырмыз». Бұл Атыраудағы Сырым Датов көшесінде орналасқан 31-үйдің тұрғындарының жанайқайы, деп хабарлайды CaspianLife. Олар жаңбыр жауса ең алдымен шелек іздейді. Қыста да үйдің салқындығынан қиналады. Жертөленінің де жағдайы адам шошырлықтай. Лас суға толы. Үйде егеуқұйрық қаптап жүр. Жылу жүйелері ашық-шашық жатыр. Қабырғаларында жарықтар пайда болған. Бір сөзбен айтқанда, ғимарат адам көргісіз күйде. Тұрғындардың айтуынша, 5 қабатты үй бір жаққа қисайып барады. Ғалия ИСМУРЗИНА, Сырым Датов 31 үйінің тұрғыны «Оған кеткен ақшаны лучше бітіп, құлайын деп тұрған аварийный үйге ең болмаса подвалдарымызды түзеп берсе деймін. Бізге мынаның…
CaspianLife, 16 тамыз — Алмалы ауылдық округіндегі «Жаңа құрылыс-3» көшесінде тұратындар электр қуатының аздығына шағымданады.Өйткені, олардың үйлеріндегі тұрмыстық техникалар жиі өртеніп кететін көрінеді, деп хабарлайды CaspianLife. Қазір көшедегі бағаналар арқылы жоғары кернеулі ток жүріп жатыр. Бұл бағаналар жол салу жұмыстарына кедергі келтіруде. Яғни, тұрғындар биылдан қалмай көшеге жол салып, кернеуі 220 волт болатын ток жүргізіп беруді сұрайды.Жергілікті атқарушы орган мәселенің барынан хабардар. Жол да салынады, ток та жүргізіледі деп отыр. Қалалық әкімдіктегілер биылдан қалмай жол салу жұмыстарын бастаймыз дейді. Қазіргі уақытта мердігер мекеме электр бағаналарының орнын ауыстыру бойынша жұмысты бастап кеткен. Алмас СӘРСЕНОВ, Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль…
CaspianLife, 16 тамыз — «Теңізшевройл»компаниясына 2,8 миллиард теңге айыппұл салынды. Мұндай шешімді Жылыой аудандық соты шығарды. Облыстық экология департаментіндегілердің айтуынша, компаниямен жұмыс істейтін 10-нан астам мердігер мекеме заңға қайшы әрекеттерге барған, деп хабарлайды CaspianLife. Мысалы, атмосфераға күкіртсутегі, азотдиоксиді, көміртегі оксиді сияқты сынды шығарындыларды рұқсат етілген мөлшерден көп жіберген. Абзал ТЕМІРОВ, Атырау облыстық экология департаменті басшысының м.а. «Мердігер компанияларға тиесілі объектінің ішінде орналасқан стационарлық көздер бар. Сол стационарлық көздерде шығарындылардың нормативтері асқан. Жалпы алғанда 425 тонна асу фактілері орын алған. 5 тоннадан рұқсат алынбай шығарындылар жүзеге асырғаны белгілі болды. ТШОның объектісінде резевуар паркі бар. Сол резевруар паркінде жердің ластану фактілері орын…
CaspianLife, 16 тамыз — Исатай ауданында кіші аяқ добынан аудандық лига ойындары басталды, деп хабарлайды CaspianLife. Іс-шараны аудандық мәдениет және спорт бөлімі, «Барыс» балалар және жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы мен аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруда. Басты мақсат – жастардың жазғы демалысын тиімді өткізу. Аудандық лигаға 7 ауылдық округтен 16 команда қатысып жатыр. Ережеге сәйкес әр команда Атырау қаласынан немесе өзге аудандардар екі ойыншы алуына болады. Бірақ ойын кезінде алаңда бір ғана лигионер болуы шарт. Ойындар әр аптаның сенбі – жексенбі күндері өтуде. Жалпы лига ойыны қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады. Екі айға созылатын доп додасында 15 кезеңде шамамен 120…
CaspianLife, 16 тамыз — Биыл күрделі жөндеуден өтіп жатқан қаладағы бес мектептің үшеуіндегі жұмыс қыркүйекке дейін аяқталмайды, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл № 13, 19 және 27 мектеп. Алғашқы қыркүйекте күрделі жөндеу жасалған №22 және 31 мектеп балаларды қабылдауға дайын болады. Ал жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатқан 3 білім ордасында оқитын оқушылар жақын маңдағы оқу орындарының ғимаратында білім алады. Мұны қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, осы жылдың қараша айында Мағжан Жұмабаев атындағы №1 мектеп пайдалануға берілмек. Ал қалған білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстары екінші тоқсанның соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.…
