CaspianLife, 24 тамыз — Құлсары қаласында биыл екінші рет «Жүзім фестивалі» өтті. Шара аясында бағбан Бауыржан Хасан жүзім сорттары, күтімі және оның қоршаған ортаға тигізер пайдасы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды CaspianLife. Ал келген қонақтар кәнігі бағбанның еңбегіне тәнті болып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Фестиваль барысында жүзімдерге дегустация ұйымдастырылды. Асыл АХМЕТОВА, фестивальге қатысушы Бүгінгі виноградный фестивальға бірінші рет қатысуым, былтыр да болдым, ол кезде келе алмадым. Қазір келіп тұрмын. Фестиваль өте ұнап жатыр маған, жаңа бір аукционның жеңімпазы болдым. Виноград өте ерекше дәмді, күнделікті жеп жүрген виноградтан бөлектеу и маған ұнағаны ішіндегі мякоты, басқа бір виноград жегендей болып тұрмын. Айта кетейік,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 23 тамыз — Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев президентке аймақтағы ауыз су мәселесі қашан шешілетінін айтты, деп хабарлайды Caspian Life. Ақорда сайтының хабарлауынша, аймақ басшысы президенттің қабылдауында биыл 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, жоспарларын баяндады. Оның айтуынша, жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылған. Қаңтар-шілде айларында өңірдің негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 523 миллиард теңгені құрады. Сонымен бірге, аймақтағы су мәселесін кезең-кезеңімен шешу үшін облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге аспақ. Соның нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік туады. Сондай-ақ Президентке Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын…
CaspianLife, 23 тамыз — Бүгінде 2 мыңнан астам атыраулық банкроттыққа өтініш берген, деп хабарлайды Caspian Life. Мемлекет олардың барлығын «банкрот» деп танып жатқан жоқ. Мысалы, 1546 азаматтың арызы мақұлданбаған. Оған борышкердің немесе зайыбының атында мүліктің болуы, кәсіпкер ретінде тіркелгендігі, атаулы әлеуметтік көмекті 6 айда аз мерзімде алуы, 1 жыл ішінде қарызды ішінара өтегені себеп болған. Ал 302 азаматтың өтініші алдын-ала мақұлданыпты. Бір қызығы, өтініші мақұлданған екі азамат кейін өзін банкрот деп танудан бас тарқан. Ал қалғандары қаралуда, дейді мамандар. «Ал алдын-ала мақұлданған 302 өтініштің түпкілікті шешімі 6 айдан кейін шығады. Ол енді жеке сайттарда болады немесе жеке тұлғаның e.gov порталындағы…
CaspianLife, 23 тамыз — Атырау қаласында ұзындығы 17,9 шақырымды құрайтын 13 көшеге орташа жөңдеу жұмыстары басталды деп хабарлайды caspianLife.kz Қазіргі уақытта мамандар Әлия Молдағұлова, Құлманов көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі аралық жолды жөндеуді бастап кетті. Мердігер мекеме — «Маңғыстау жол құрылысы материалдары комбинаты». Жоба бойынша жолдың ені кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы салынады. Аталған аумаққа жоба аясында Бином мектебінің алдына автотұрақ салу жоспарланған.Сонымен қатар, Әбілқайыр хан даңғылы мен Елорда көшесіне дейінгі аралыққа тас жол салу жұмыстары басталды. Аталған жұмысқа «Казсервисгруп» компаниясы жауапты. Жобада жаяу жүргінші жолы, велосипедке арналған жол, көше жарық шамдары мен автотұрақ қарастырылған.
CaspianLife, 23 тамыз — Каспий теңізінде жер сілкінді, деп хабарлайды Caspian Life. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 тамыз күні Атырау уақытымен сағат 02:24-те жер сілкінісін тіркепті. Оның ошағы Каспий теңізінің акватаорийінде орналасқан. Тербелістің энергетикалық санаты – 12.3. MPV магнитудасы –5.9. Тереңдігі – 5 км. Эпицентр координаттары — 40.37° с.е. 50.86° ш.б. MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ
CaspianLife, 22 тамыз — Атырауда ертең бірнеше көшеде жарық болмайды, деп хабарлайды Caspian Life. «Атырау Жарық» АҚ-ның Қалалық электр жүйелерінің хабарлауынша, электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында аталған мекен-жайларда сөндіру жұмыстары жүргізілетінін ескертеді. 10.00-14.00 Ст.Аэропорт, мкр.Жеруйык пр-д 8 10.00-17.00 С.Томарлы ул.Смагулова, ул.Куткожина, ул.Гагарина п.Жумыскер ул.Сундеталиева 10.00-18.00 Еркинкала ул.Асанова, ул.Тусупкалиева, ул.Акжайык, ул.Айтмаганбетова мкр.Жұмыскер ул.Актау, ул.Жастар ул.Азаттык д.132, ул.Алаш, пр-д.Досмухамедова
CaspianLife, 22 тамыз — «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында атыраулық еріктілер Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы кентішілік жолдарды қайта жаңарту кезінде бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын анықтаған, деп хабарлайды Caspian Life. Абай және Достық көшелеріндегі асфальтбетон жабынының бұзылуы, шұңқырлар туралы ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жіберілген. Атап айтсақ, Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары аудандық ТҮКШ бөлімі мен «Информстройсервис» ЖШС арасында кентшілік жолдарды жаңғыртуға 1,4 млрд.теңге сомаға жасалған шарт шеңберінде жалған актілерге қол қойған. Бұл фактіні салалық Департамент растап, нәтижесінде 78 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру қаупі анықталған.
CaspianLife, 22 тамыз — Атыраудағы табиғи монополия субьектілері жылу беру маусымына әзірлік паспортын алмаған. Бұл әзірлік құжатының болмауынан республикадағы ең жоғары үлес саналады, деп хабарлайды Caspian Life. Бұдан кейін кезекте Ақмола мен Абай облысы тұр. Мұны жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова мәжілістің жалпы отырысында айтты. Оның сөзінше, аталған субъектілер еш құжатсыз-ақ қысты өткерген. Айта кетейік, Атырау қаласында 177 автономдық жылыту қазандығы бар. Бұл құрылғы әрі кетсе 3 үйге ғана жылу беруге қауқарлы. Оларды қалалық ТҮКШ бөлімі тиісті паспорттаудан өткізуге міндетті. Ал салалық басқарма қадағалауы қажет. Қалай десек те, осы мәселені жергілікті атқарушы органның салғырттығынан деп бағамдауға болады
CaspianLife, 22 тамыз — Атырауда тұрғындарды 49 млн теңгеге шығынға батырған қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Caspian Life. Агенттіктің дерегінше, күдіктілер «QazHome» тұтыну кооперативінің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан кіріс алу, кейбір қатысушылардың активтерін қайта бөлу және басқалардың жарналары есебінен байыту қызметін ұйымдастырған. Оған қаржысын берген 296 салымшының 35-і ғана шағымданыпты. Тергеу нәтижесінде оларға 49 млн теңге залал келгендігі анықталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. «ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың…
CaspianLife, 22 тамыз — «Мектептерде оқушыларға орамал тағуға, хиджаб киюге болмайды». Мұны облыстың бас ұстазы Ерлан Сламбеков айтты, деп хабарлайды Caspian Life. Оның баяндауынша, мектеп формасына түрлі діни конфессияға қатысты киім элементтерін қосуға тыйым салынған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы шыққан бұйрығында анық жазылған. Білім беру ұйымдарындағы ата-аналар комитеті осы құжатты негізге ала отырып, оқушылардың мектеп формасын бекітеді. «2016 жылғы 16 қаңтардағы білім және ғылым министрінің №26 бұйрығы бойынша мектеп формасына қатысты орамал тағу мәселесіне тыйым салынған. Осы мәселе бойынша ата-ана комитеті болсын, қамқорлық кеңес болсын, мектеп әкімшілігі болсын заңға бағынады», — деді облыстық білім беру…
