CaspianLife, 24 тамыз — Құлсары қаласында биыл екінші рет «Жүзім фестивалі» өтті. Шара аясында бағбан Бауыржан Хасан жүзім сорттары, күтімі және оның қоршаған ортаға тигізер пайдасы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды CaspianLife.
Ал келген қонақтар кәнігі бағбанның еңбегіне тәнті болып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Фестиваль барысында жүзімдерге дегустация ұйымдастырылды.
Асыл АХМЕТОВА, фестивальге қатысушы
Бүгінгі виноградный фестивальға бірінші рет қатысуым, былтыр да болдым, ол кезде келе алмадым. Қазір келіп тұрмын. Фестиваль өте ұнап жатыр маған, жаңа бір аукционның жеңімпазы болдым. Виноград өте ерекше дәмді, күнделікті жеп жүрген виноградтан бөлектеу и маған ұнағаны ішіндегі мякоты, басқа бір виноград жегендей болып тұрмын.
Айта кетейік, Құлсары қаласының тұрғыны Бауыржан Хасан 2013 жылдан бері жүзім өсірумен айналысып келеді. «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жүзеге асатын «Жарқыра» бағдарламасына да қатысқан. Ол мұнда «А-дан Я-ға дейінгі жүзім өсіруге оқыту» атты жобасын ұсынып, конкурс жеңімпазы атанған-ды.