CaspianLife, 24 тамыз — ҚР Конституциясы күніне орай №15 ерлер түзету мекемесінде «Ел тірегі — Ата заң» атты интеллектуалды сайыс өтті. Оған жазасын өтеушілер қатысып, үш топқа бөлініп, әр команда төрешілер қойған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды CaspianLife.
Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Алғашында қатысушыларға салт-дәстүр турасында, кейін қазақ даласындағы ислам тарихы, казақ халқының дүниетанымындағы сандық ұғым және құқық жайында сұрақтар қойылды. Шараны «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы ұйымдастырып отыр. Олар мұндағы мақсат – жазасын өтеушілердің бойына патриотизмді орнықтыру, дейді.
Мейірбек ҚҰБЫШЕВ, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы директорының орынбасары
Мұндай шаралармен шектелмейміз. Әр мереке сайын Мұндай спорттық шаралар сайыс түрінде семинар тренинг бағытында біздің теологтарымыз, психологтарымыз осындай жұмыстарды жүргізіп тұрады.
Сайыс соңында қатысушылардың барлығы марапатталып, жеңімпаз командаларға тұрмыстық техникалар табысталды.