CaspianLife, 4 қыркүйек — Атырауда тас жолдағы жол көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды CaspianLife.
Оқиға 3 қыркүйек күні Облыстық маңызы бар Атырау-Индер тас жолының 18 шақырым тұсында болған. Атырау облысы ПД хабарлауынша, Toyota автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіне аударылған. Салдарынан 25 жастағы жүргізуші мен 26 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды.
Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісіне оқиға болардың алдында, тас жолдың 17 шақырымында ескерту бергендерін айтады.