CaspianLife, 7 қыркүйек — Мұнайлы ауданының тұрғындары Басқұдық ауылындағы өрт сөндіргіштерді қалпына келтірген соң ұнтақ қалдықтарын көшеге лақтырған цех жұмысшыларына шағымданды, деп хабарлайды CaspianLife mangystaumedia ақпараттық порталына сілтеме жасап.
— Назар аударыңыз SOS! Ынтымақ көшесіндегі мына цехта бөлшектеп, кейін өрт сөндіргіштерді қайта қалпына келтіріп жатқан көрінеді. Сонымен қатар ұнтақтың қалдықтары көшеге шашылған. Бұл тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіретін, спазмды, жөтелді және басқа қауіпті салдарды тудыратын заттар. Әрекет жасаңыз! – деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы.
Желідегі мәліметтерге сәйкес: өрт сөндіргіш ұнтақтар — ұсақталған әр түрлі қоспалары бар майда минералды тұздар. Өрт сөндіргіш ұнтақтарды аммоний фосфор тұздары (моно-, диаммоний фосфаттары, аммофос), натрий және калий карбонаты және бикарбонаты, натрий және калий хлоридтері және т.б. қоспалардан жасайды. Соның салдарынан жөтел мен шырышты қабықтың тітіркенуі болуы мүмкін.
Айта кетейік, ұнтақты тыңайтқыш ретінде пайдалануға немесе қайта өңдеуге жіберуге болады.