Caspianlife, 14 қыркүйек. Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін қызметінен кетті. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдік мәліметінше, Шәкір Кейкін қызметтен өз еркімен кету туралы өтініш берген. Аймақ басшысы оның өтінішін қанағаттандырған.
Шәкір Кейкін Атырау қаласының әкімі болып 2023 жылғы 10 шілдеде тағайындалған еді.
Қала басшысы қызметіне дейін ол Сауда және интеграция министрлігінде еңбек етті. Атап айтқанда, 2023 жылдың наурызынан бастап Атырау қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін министрліктің Сауда департаментін басқарған.
Шәкір Кейкін бұған дейін де мемлекеттік қызмет жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарған.

