Caspianlife, 14 қыркүйек. Қазақстандық теннисші 9 901 ұпай жинап, рейтинг көшін бастады. Осылайша ол Арина Соболенконы екінші орынға ығыстырды.
Рыбакина бұл жетістікке US Open турниріндегі жеңісінен кейін қол жеткізді. Финалдық кездесуде ол Арина Соболенкомен тартысты матч өткізіп, қарсыласын 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Бұл — Елена Рыбакинаның US Open турниріндегі алғашқы чемпиондығы. Сондай-ақ бұл оның Үлкен дулыға турнирлеріндегі үшінші титулы.
Осылайша Елена Рыбакина Қазақстан тарихында теннистен әлемдік жеке рейтингте бірінші орынға көтерілген алғашқы спортшы атанды.

