Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 13 қыркүйек — Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында қала аумағында синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды CaspianLife. Тінту кезінде күдіктіден ақ түсті ұнтақты зат салынған 50 орама тәркіленді, ал тұрғылықты жерін тексеру кезінде 3 дана ақ түсті ұнтақты зат салынған зип-пакет табылды. Тексеру барысында күдіктінің Атырау қаласына жұмысқа орналасу үшін тамыз айында келгені анықталған. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың жалпы салмағы 447,89 грамм және 1500 доза синтетикалық есірткі заттары екенін анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оған «күзетпен ұстау» түріндегі…

Read More

CaspianLife, 13 қыркүйек — Қазақстандықтар енді сыбайлас жемқорлық фактілері туралы арнайы Telegram-ботта айта алады, — деп хабарлайды CaspianLife. Ведомствоның мәліметінше, осы чат-бот арқылы іздеуде жүрген адамдар туралы ақпаратты да хабарлауға болады екен. Іздеудегі адамдар бойынша бағдарлар Агенттіктің сайтында сілтеме бойынша жарияланады. «Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламаларға жедел ден қою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет @antikorkz_bot Telegram-ботын іске қосты», — делінген хабарламада. Азаматтар басқа мәселелер бойынша 1424 қысқа нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алады.

Read More

CaspianLife, 13 қыркүйек — Бүгін таңғы сағат 06.45-те Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясының төмендеуі салдарынан бірқатар технологиялық қондырғылардың жұмысы тоқтаған, деп хабарлайды CaspianLife. Төтенше жағдайды болдырмау үшін технологиялық регламентке және Төтенше жағдайларды жою жоспарына сәйкес отын газының артық қысымы алау жүйесіне жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Read More

CaspianLife, 12 қыркүйек — Елордаға қазақстандық «ЗИКСТО» зауыты шығарған заманауи плацкарт және купелік жеңіл вагондардың бірінші партиясы жеткізілді. Олар Қарағанды-Жезқазған, Атырау-Маңғыстау, Атырау-Ақтөбе бағыттарында қатынайтын пойыздар құрамында болады, деп хабарлайды CaspianLife. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушыларға жайлылықты қамтамасыз ету үшін вагондар кондиционер, ауа тазартқыш сүзгілер, түтін датчиктері, биоәжетханалар және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар. Жаңа вагондардың жарамдылық мерзімі 40 жылға дейін деп болжанған. Биыл қазан айының соңына дейін «ЗИКСТО» АҚ құрастырған тағы 50 вагон, ал келесі жылдың басында тағы 100 вагон қолданысқа беріледі. Сондай-ақ 2030 жылға қарай Stadler компаниясынан 537 жоғары технологиялық вагон сатып…

Read More

CaspianLife, 12 қыркүйек — Бүгін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін кейбір мекенжайларда суық су беру тоқтатылды, деп хабарлайды CaspianLife. «Атырау облысы Су Арнасы» КМК мәлімдеуінше, Құрманғазы көшесіндегі «Аптекоуправления» ғимаратынан бастап, «Тоқаш» дүкенінің маңайындағы Мәденова көшесіне дейінгі ВОС-Нұрсая аумағындағы Д-600 мм су құбыр жапқышын ауыстыру жұмыстарын жүргізуге байланысты төмендегі мекенжайларда кешкі ағат 6-ға дейін суық су болмайды. — Т.Алиев және Т.Садыкова көшелері, Лесхоз шағын ауданы (тұрғын үйлермен объектілер) — «Сарайшык» базары — «Салтанат Сарай» ғимараты — «Worley Parsons» ғимараты, «Денхолм жолдас» ЖШС, «Хундай Атырау» ЖШС, «Тоета Центр» ЖШС — «Модерн Строй» тұрғын кешені, №15а, №15б, №15в, №15к, №21, №25, №25а, №10 блок…

Read More

CaspianLife, 12 қыркүйек — Жылыой ауданының прокуратурасы «Батыс Тех Инвест» ЖШС жұмысшыларының жалақысын, сондай-ақ «ЖылыойСу» мемлекеттік кәсіпорны мен «ИнтерТаско» ЖШС Теңіз кен орындарында жұмысшыларға зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды төленбегенін анықтады, деп хабарлайды CaspianLife. Прокурорлық қадағалау актілерінің қорытындысы бойынша 180 қызметкерге 32 млн теңге көлемінде жалақы, сонымен қатар, 744 қызметкерге 48 млн теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдар төленді.

Read More

CaspianLife, 12 қыркүйек — Бұл «Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңінің басталуымен байланысты, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қыркүйекте Жайық-Каспий бассейнінде «Бекіре-2023» жыл сайынғы жедел-профилактикалық іс-шарасының (ЖЖБ) күзгі кезеңі басталды. Іс-шара 31 қазанға дейін жалғасады. Атырау облысы ПД бастығының бұйрығына сәйкес облыста «Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шара жоспары бекітіліп, басқарма басшыларынан тұратын жұмыс тобы құрылды. «Сонымен қатар мобильді топтар құрылып, жолдарда, вокзалда, жолаушылар пойызының бағыттарында, базарларда бақылау күшейтілді. Бұл балық және балық өнімдерін заңсыз өндіру, тасымалдау, сатып алу, өткізу және сату фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында жүзеге асырылады. Осыған байланысты, жедел-профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде құқық қорғау органдары…

Read More

CaspianLife, 12 қыркүйек — Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұсынып отыр, өйткені 2025 жылы ЕАЭО елдері шеңберінде мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығына көшу жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Нәтижесінде, көлік құралдарына салынатын салықты ескере отырып, жеке тұлғалардың жеңіл автокөліктерді пайдаланғаны үшін жалпы шығындары артады, деп хабарлайды CaspianLife. «Жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуімен (мысалы, екі есеге) азаматтардың көлікті иеленуге және пайдалануға жұмсайтын шығындары сәйкесінше артады. Мұндай өсім әсіресе эконом-кластағы көлігі бар адамдарға қатты әсер етеуі мүмкін. Сәйкесінше, бұған қатысты шара қолдану керек. Халықтың әлеуметтік және қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеуқажет», — делінген құжатта. 2022 жылы жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық…

Read More

CaspianLife, 11 қыркүйек — 2024 жылы тас жол, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға ұлттық қордан 3,6 трлн теңге бөлінеді, деп хабарлайды CaspianLife. -Мәжілісте қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды. Келесі жылы ұлттық қордан 3,6 трлн теңге көлемінде трансферт тарту жоспарлануда. Оның ішінде нысаналы трансферттер 1,6 трлн теңге. Аталған қаражат әлеуметтік маңызды және стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Ол автомобиль жолдарын, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғырту, сондай-ақ «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары шеңберінде бірқатар әлеуметтік нысананы салу, — деді вице-министр. Абзал Бейсенбекұлы 2024 жылы…

Read More

CaspianLife 11 қыркүйек — Соңғы сегіз айда Маңғыстау облысының патрульдік полиция инспекторлары 70216 адамның әкімшілік құқық бұзғанын анықтады, деп хабарлайды CaspianLife. Тексеріс барысында, телефон пайдаланған 7471 жүргізушіге, қауіпсіздік белдігін тақпаған 13 685 жүргізушіге хаттама жасақталған. Құжатсыз көлік айдаған 3558 жүргізуші, ал мас күйде тізгінге отырған 591 жүргізуші жауапқа тартылды. Қарсы қозғалыс жолағына 50 жүргізуші шыққан. Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін үш айда 926 адамға әкімшілік хаттама жасақталды. Сондай-ақ, жыл басынан бері 6989 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Read More