Атыраулық палуандар Әлем кубогынан жүлдемен оралды — CaspianLife ақпараттық порталы
Среда, 27 сентября, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атыраулық палуандар Әлем кубогынан жүлдемен оралды

08.09.2023
Жаңалықтар, Қоғам, Спорт
0
Атыраулық палуандар Әлем кубогынан жүлдемен оралды

фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

CaspianLife, 8 қыркүйек — Жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем кубогынан атыраулық 2 спортшы жеңіспен оралды, деп хабарлайды CaspianLife.

Оқи отырыңыз...

АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

27.09.2023
Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

27.09.2023

Додаға 20 мемлекеттен 150 спортшы қатысқан. Жерлесіміз Бекет Жүніс 55 кг салмақ дәрежесінде үш белдесу өткізіп, бірінші сында тәжік палуанын айқын басымдықпен жеңсе, екінші белдесуде өзбек палуанын жеңіп, ақтық айқаста қырғыз палуанын ұтқан. Осылайша ол Әлем кубогында жеңіске жетті. Ал Нұрболат Ізімғалиев 66 келі салмақта Эстония спортшыларын жеңіп, күміс жүлдені иеленді.

-Жарыс жоғары дәрежеде өтті. Мұнда бірінші орын алған спортшылар «Халықаралық спорт шебері» нормативін орындады. Жүлде қоры бірінші орынға 3 млн, екінші орынға 2 млн, үшінші орынға 500 мың теңгеден берілді, — деді Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Айбек Серғазиев.

Айта кетейік, екі спортшы да қазақ күресінен «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері».

Тегтер: Caspianәлем кубогықазақ күресі
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.