CaspianLife, 14 қыркүйек — Атырау облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері 2 қыркүйек күні қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын сақтаған 22 жастағы күдіктіні анықтаған, деп хабарлады CaspianLife.
Сараптама қорытындысына сәйкес, 13,66 грамм «Альфа-PVP» және 0,94 грамм «Мефедрон» – синтетикалық есірткісі табылды.
Қазір күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Күдіктінің айтуынша, ол желідегі жарнама арқылы ақшасына қызығып, шілде айында жұмысқа орналасқан.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1 тармақшасы, КПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.