CaspianLife, 15 қыркүйек — Атырау қаласында 2 наурыз бен 12 қыркүйек аралығында 277 адамның қызылшамен ауырғаны анықталған, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл туралы брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешова мәлімдеді.
№2 облыстық аурухана директоры Надя Ерғалиеваның айтуынша, науқастардың арасында шетелдіктер де бар: түркиялық 3, тәжікстандық 2 және БАӘ-нен келген 1 адам қызылшамен ауырған.
Ал №7 қалалық емхананың директоры Гүлнафис Танбаева Атырау облысында қызылша ауруының бұрынғы ошағы 2019 жылы болғанын айтты. Одан кейінгі үш жылда ешкім ауырған жоқ. Биыл қайта басталуда.