CaspianLife, 20 қыркүйек — Атырау қалалық әкімдігінде білім беру саласының ардагері, Атырау қаласының Құрметті азаматы София Алибаеваның 70 жасқа толуына орай мерейтой иесімен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды CaspianLife Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Шәкір Кейкин білім беру саласында ұзақ жылдар бойы сан мыңдаған шәкірт тәрбиелеуде аянбай тер төккен, ұстаздықтың қиын да қызықты күндерін кешкен ардагерді мерейлі 70 жасымен құттықтап, алғысын жеткізді. — «Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімідікі», — демекші, бүгін төрімізге білім беру саласына елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарымызды жинап, София Гинаятқызын мерейлі тойымен құттықтауды жөн көрдік. Шәкірт тәрбиелеуде сүбелі үлес қосқан ұстазымыздың…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 қыркүйек — Бүгін сағат шамамен 07:00-де Атырауда екі қайық соқтығысып, салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды CaspianLife. Оқиға Дамбы елді мекені, Жайық өзені, 6-шы өзектің сол жақ бетінде болған. 50 жастағы азамат ауыр күйде облыстық ауруханаға жеткізілсе, 49 жастағы азамат оқиға орнында қайтыс болған. 31 және 35 жастағы қайық жүргізушілерінің су көлігін басқаруға рұқсат қағаздары бар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
CaspianLife, 20 қыркүйек — Исатайлық полицейлер жоғалған баланы кәріз құдығынан тауып құтқарып қалды, деп хабарлайды CaspianLife. 19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылының 30 жастағы тұрғыны хабарласқан. Айтуынша, 20 минут бұрын 5 жастағы ұлы жоғалып кеткен. Жедел-іздестіру жұмыстары дереу басталған. Полицейлер жасөспірім баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап шығарып алуға талпынған. Балаға төнген қауіп пен уақыттың тығыздығын ескеріп, полицей өзге әріптестерін де көмекке шақырады. Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан бүлдіршіннің денесіне зақым келтірмей құтқарып алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кеткен. Қазір баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өткізілді.
CaspianLife, 20 қыркүйек — Атырауда 24 қыркүйек күні қала күніне орай жүгіру марафоны өтеді, деп хабарлайды CaspianLife. Жүгіру алаңы — Сұлтан Бейбарыс алаңынан Нұрсая шағын ауданындағы «Абай» оқу орталығына дейін. Марафон таңғы сағат 7:00-де басталады. Жүлде қоры 6 миллион теңге болатын марафонда қатысушылар 5, 10, 21 және 42 шақырымға жарысады.
CaspianLife, 19 қыркүйек — Алматыда 15-19 қыркүйек аралығында Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектеп оқушылары арасында таеквондодан Республикалық жарыс өтті. Жарысқа Атырау, Жетісу, Маңғыстау облыстары мен Алматы облысынан 15 команда 167 оқушы қатысып бақ сынады, деп хабарлайды CaspianLife. Республикалық жарысқа Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының маманы Наурызбай Насихатұлы және №6 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Амантур Нигметуллаевич пен Авангард Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Арсен Жанболатұлы спортшыларды дайындады. Жарыс қорытындысы бойынша Ғани Журжани мен Алихан Жалелғали 1-орын алса, Ринат Исмагулов, Амина Қуандық және Темірлан Орынбай 2-орынды иеленді. Ал Аружан Дошахова 3-орынға ие болды. Командылық есеп бойынша Атырау…
CaspianLife, 19 қыркүйек — NCOC компаниясы жылына 1 млрд текше метр газ тапсыру жобасы бойынша міндеттемелері шеңберінде газ құбырының құрылысын бастады, деп хабарлайды CaspianLife. «Болашақ» МГКДҚ мен үшінші тараптың газ зауыты арасындағы газ құбырының ұзындығы шамамен 15 шақырым. Диаметрі 16 дюйм газ құбыры Солтүстік Каспий жобасының күрделі жағдайында пайдалану үшін арнайы жасалған және газ құбырының құрылысында қолданылатын халықаралық қауіпсіздік класс стандарттарына сәйкес келеді. Жергілікті мердігер «KCOI» ЖШС теңіз және құрлық арқылы құбырларды орнату алаңына тасымалдады. Бұл жоба «Болашақ» МГКДҚ-дан үшінші тараптың газ өңдеу зауытына жылына 1 миллиард текше метр шикі газ жіберуді көздейді. Газ өңдеу зауытының құрылысын «QazaqGaz» ҰК» АҚ…
CaspianLife, 19 қыркүйек — Әлеуметтік желіде әйел адамның кәмелеттік жасқа толмаған қызбен төбелесіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды CaspianLife. Оқиға Ақтау қаласында болған. Видеодан кәмелетке толмаған қыз бен әйел адамның бірін-бірі итеріп, шашынан жұлып жатқанын көруге болады. Қыздың анасының айтуынша, көрші әйел мүмкіндігі шектеулі қызын ұрып тастаған. «Танымайтын әйел адам менің мүгедек қызымды ұрып, қолын жұлқып, дөрекі қылық көрсетті» -деді анасы. Маңғыстау облысы ПД өкілдері Оқиғаның 34-шағын аудандағы №10 үйдің ауласында болғанын анықтады. Бұл жағдай турлы хабар 17 қыркүйек күні сағат 18:28-де түскен. «Учаскелік инспекторлар бұл деректі растады. Кәмелетке толмаған қызды ұрған әйелге әкімшілік хаттама толтырылды» -дейді ПД өкілері.
CaspianLife, 19 қыркүйек — Патрульдік полиция қызметкерлері 17 қыркүйек күні қызмет барысында, Әуежай алаңында «Mercedes» маркалы автокөлігімен түрлі қозғалыс жасап, дрифт элементтерін орындағанын және бұл әрекетімен айналаға қауіп төндіріп жатқанын байқаған, деп хабарлайды CaspianLife. Тексеру кезінде, 19 жастағы жүргізушінің сақтандыру туралы заңнаманы бұзғаны анықталды. Оған қатысты ол ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігі, 230-бабы 2 бөлігімен жауапқа тартылды.
CaspianLife, 19 қыркүйек — Хабарландыру! «Атырау облысы су арнасы» ҚГП хабарлауынша, Атамбаев көшесіндегі Д-600 мм су құбырында апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды CaspianLife. Осыған байланысты 19 қыркүйекте сағат 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін суық су беру мына мекенжайларда тоқтатылады: Заңды тұлғалардың және әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы объектілері: — УГ-157/9 және УГ-157/1 ғимараты — «RTI ANPZ» ЖШС ғимараты -Атамбаев көшесіндегі бұрынғы Химзавод орналасқан заңды нысандар; — Азаттық даңғылы, №74Б «Сарайшық» мейрамханасының ғимараты — Қарымсақова көшесі, №14 «Терем у Гаджи» мейрамханасының ғимараты — Әуезов көшесіндегі «Шайхана No1» ғимараты — Азаттық даңғылы, №94Б «Дюймовочка» балабақшасының ғимараты. — Әуезов көшесі, №66 «Атырау…
CaspianLife, 18 қыркүйек — Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясы 18 қыркүйек күні рейд кезінде Атырау облысы Истай ауданындағы Солтүстік-шығыс Каспий теңізі жағалауы, Қалмақ учаскесінде балық қырылып қалғанын анықтады, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жедел хабарланған. 19қыркүйек күні Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы қызметкерлері комиссия мүшелерімен мән-жайды анықтауға шығады.
