CaspianLife, 18 қыркүйек — Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясы 18 қыркүйек күні рейд кезінде Атырау облысы Истай ауданындағы Солтүстік-шығыс Каспий теңізі жағалауы, Қалмақ учаскесінде балық қырылып қалғанын анықтады, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жедел хабарланған. 19қыркүйек күні Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы қызметкерлері комиссия мүшелерімен мән-жайды анықтауға шығады.