CaspianLife, 15 қыркүйек — Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 19 іс қаралды, деп хабарлайды CaspianLife.
Сот анықтағандай, Махамбет ауданында шетел азаматтары жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз құрылыс нысандарында, шаруа қожалықтарында, техникалық қызмет көрсету станцияларында және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында жұмыс істеген.
Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматтары кінәлі деп танылып, әрқайсысына 86 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.