Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 2 қазан — Бүгін түнгі сағат 3:17-де Атырау қаласы Әбілхайыр хан даңғылы бойында орналасқан автосалондардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды CaspianLife. Оқиға болған жерге жеткен өрт сөндіру бөлімшесі жалпы ауданы 1660 шаршы метр болатын ғимараттың төбе жабындысы жанып жатқанын анықтаған. Салдарынан төбе жабындысының 150 шаршы метр бөлігі өртеніп кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД мамандары дереу жұмылдырылып, өрт 04:59-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Сонымен қатар, өрт кезінде автосалон ішінде тұрған жаңа 10 автокөлік пен қызметтік орг техникалар ғимараттан шығарылды. Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерден барлығы 42 адам мен…

Read More

CaspianLife, 2 қазан — Халықаралық қарттар күні мен Атырау қаласы күні қарсаңында аталған орталық ғимаратының ашылуына қала әкімі Шәкір Кейкин қатысты, деп хабарлайды CaspianLife Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — ҚР Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып жатырған қарттарымызға арналған әлеуметтік жобалар мен нысандар аз емес. Міне, бүгін қос мереке қарсаңында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының ашылу салтанатына келіп отырмыз. Зейнетке шыққан ардагерлеріміз бен мүгедектігі бар адамдарға уақытын тиімді өткізуге арналған бұл орталықтың маңызы зор. Сондықтан сіздер үшін бұл ғимараттың есігі әркез ашық, деді қала әкімі. Екі қабаттан тұратын орталықтың негізі қызметі — зейнетке шыққан ардагерлеріміз…

Read More

CaspianLife, 2 қазан — 2-28 қыркүйек аралығында Атырау қалалық №1 полиция бөліміне жергілікті тұрғындардан Ж.Молдағалиев көшесінің бойында орналасқан түнгі уақытта жұмыс істейтін мейрамханалардың бірінің тыныштықты бұзғаны туралы арыз-шағым түскен, деп хабарлайды CaspianLife. Аталған факті бойынша учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Шыңғыс Мұсаев тексеру жүргізді. Түнгі тыныштықты бұзу фактісі бойынша сараптама қорытындысы бойынша жоғарыда аталған мекемеге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-баптың 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, 69 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кетейік, түнгі уақытта тыныштықты бұзу (сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін), адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіру, оның ішінде тұрғын үй-жайларда және одан тыс жерлерде шұғыл қажеттілік болмаса, шу…

Read More

CaspianLife, 28 қыркүйек — Облыс бойынша жыл сайын 30-70 жас аралындағы ер мен әйел адамдар скринигтік тексеруден өтеді. Облыста скринингтен өткен 50000-нан астам адамның 2300-ге жуығы жүрек ауруына шалдыққан. Бұл туралы облыстық кардиология орталығының дәрігер-кардиологы Айдана Ізмұханова баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының бірі. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 50%-ға жуығын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек-қан тамырлары ауруларының эпидемиясын тамақтану құрамының өзгеруімен байланыстырып отыр. Қоршаған ортаның жағымсыз факторларының…

Read More

CaspianLife, 28 қыркүйек — Атырау облысы Мақат ауданында әнұранға құрмет көрсетпеген әскери қызметкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды CaspianLife. 16 қыркүйекте Мақат ауданында «Зарница» әскери-спорттық ойыны басталарда Мемлекеттік гимн орындалған. Бір әскери қызметкер оң қолын жүрек тұсына екі саусақпен қойып, әнұранға әдепсіздік танытқан. Осыған орай, Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталық облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудан әкіміне ұсыныс жолдап, әнұранға құрмет көрсетпеген азаматты ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабы («ҚР Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу») 1-бөліміне сәйкес кінәлі деп танып, әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрапты. Әскери қызметкерге 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 172 500 теңге айыппұл салынды. Егер оны бір…

Read More

CaspianLife, 27 қыркүйек — Атыраулық жүргізушілер көлік инспекциясы қызметкерлерінің жұмысына сын айтты. Олардың сөзінше ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері ереже-талапты сақтамайды, деп хабарлайды CaspianLife.

Read More

CaspianLife, 27 қыркүйек — Атырауда қала аумағында және қалаға қарасты округтерде аялдамалар орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды CaspianLife. Жыл соңына дейін жаңа 100 аялдама орнату жоспарланған. Бүгінде кезек бойынша орналастырылып, қолданысқа берілуде. Жұлдыз ықшам ауданы, Жаңаталап ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Дамба елді мекендерінде аялдама салу жұмыстарын «ААЕ-2017» мердігер мекемесі атқаруда.

Read More

CaspianLife, 27 қыркүйек — Атыраудағы кейбір сұйытылған газ сататын бекеттерде қарбалас болып жатыр. Осыған байланысты «АМӨЗ» ЖШС директоры Мұрат Досмұратов мұнай өнімдеріне тапшылық болмайтынын жеткізді, деп хабарлайды CaspianLife. Оның айтуынша, АМӨЗ-де күрделі жөндеу емес, 1-3 қазан аралығында жоспарланған алдын-ала тексеру жұмыстары өтеді. Мұндай жөндеу жұмыстары Атырау мұнай өңдеу зауытында жыл сайын жүргізіледі. Жөндеу кезінде өндірісті тоқтату мұнай өнімдерін жөнелтуге әсер етпейді. Қазір зауыттың резервуарларында жинақталған 36 мың тонна автобензин және 32 мың тонна дизель отыны бар. Сонымен қатар, қазан айында 16 мың тонна бензин және 28 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарлануда. Өндірістік желілердің бірі 9 қазанға дейін жұмыс істейді,…

Read More

CaspianLife, 27 қыркүйек — Маңғыстау облысы Қарақия аудандық сотында алаяқтық жасаған полиция қызметкеріне қатысты (ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы) қылмыстық іс қаралды. Сотталушы учаскелік инспектор бола тұра, жәбірленушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпаймын деп уәде беріп, одан алаяқтық жолмен одан 200 мың теңге көлемінде ақша алған, деп хабарлайды CaspianLife. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, оған параның 15 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни, 3 000 000 теңге айыппұл салу керектігін айтты. Сотталушы және оның қорғаушысы соттан жәбірленушінің кешірім бергенін ескере отырып, айыппұл жазасын қолдануды сұрады.

Read More

CaspianLife, 27 қыркүйек — Атыраудағы әуежайда 28 ителгі құсын заңсыз шетелге шығармақ болған шетелдіктер мен қазақстандықтар ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 17 қыркүйекте Атырау әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның Қызыл кітабына енген 28 ителгі ақсұңқарын шетелге алып өтпек болған шетелдіктер мен ҚР азаматтарын ұстады. Құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізу жоспарланған. Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде ителгіні ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме мен оларды ұйықтатып тастауға арналған медициналық құралдар табылған. Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігі (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе…

Read More