CaspianLife, 2 қазан — 2-28 қыркүйек аралығында Атырау қалалық №1 полиция бөліміне жергілікті тұрғындардан Ж.Молдағалиев көшесінің бойында орналасқан түнгі уақытта жұмыс істейтін мейрамханалардың бірінің тыныштықты бұзғаны туралы арыз-шағым түскен, деп хабарлайды CaspianLife.
Аталған факті бойынша учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Шыңғыс Мұсаев тексеру жүргізді. Түнгі тыныштықты бұзу фактісі бойынша сараптама қорытындысы бойынша жоғарыда аталған мекемеге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-баптың 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, 69 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, түнгі уақытта тыныштықты бұзу (сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін), адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіру, оның ішінде тұрғын үй-жайларда және одан тыс жерлерде шұғыл қажеттілік болмаса, шу шығаратын жұмыс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.