CaspianLife, 11 қазан — Қашаған жобасының кейбір инвесторлары өздеріне экологиялық айыппұл салғаны үшін Қазақстанның үстінен халықаралық арбитраж орталығына шағым түсіруі ықтимал, — деп хабарлайды CaspianLife энерджи монитор телеграм каналына сілтеме жасап. Олар ел үкіметіне 5 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі экологиялық айыппұлға қатысты дау бойынша халықаралық арбитражға шағымдануы мүмкін екендіктерін хабарлаған. Биыл қазақ билігі Қашаған кен орнының операторы North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясын кен орнында «күкіртті өте көп мөлшерде сақтады» деп 2,3 триллион теңге немесе 4,8 миллиард доллар айыппұл төлеуге міндеттеген еді. Бірақ мұнай алпауыты өздерінің ешқандай заңсыздық жасамағанын айтып, сотта жеңіп шықты. Ел үкіметі мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірген…
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspian Life, 10 қазан. Қазақстанда құмар ойын ойнайтын азаматтарға несие беру тәртібін қатаңдату жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, қоғамдық талқылау 20 қазанға дейін жалғасады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құмар ойын ойнайтын адамдардың төлем қабілеттілігін бағалауды ұсынып отыр. Қарыз алушының төлем қабілеттілігі былай бағаланады. «Атаулы әлеуметтік көмек алушыға немесе ойын бизнесімен белсенді айналысатын тұлғаға тән белгілері бар қарыз алушыға қатысты оның табысын бағалау ресми кірісі бойынша айқындалады. Осы тармақтың мақсаттары үшін ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушы деп соңғы 6 (алты) айда ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам сомаға…
Caspian Life, Атырау. Атыраулық балықшылардың балық аулауға бөлінген квотаны игере алмай қалуы мүмкін. Бұған су айдындарының таяздануы себеп. Биылғы жылдың шілдесінен келесі жылдың шілдесіне дейін балықшыларға Жайық өзенінен 4200 тонна, Каспий теңізінен 7200 тонна су маржанын аулауға рұқсат берілген. Алайда, өңірдегі 20 кооператив қазірге дейін оның 10 пайызға да жетпейтін көлемін игеріпті. Балықты кооперативтерге бұрынғыдай тонналап емес, келілеп тапсырып жүрміз, — дейді балықшылар. Судың таяздануы туралы проблеманы әкімдіктегілер талай көтерген. Қазір өзеннің сағасын тереңдету жобасының сметалық құжаты дайын тұр. Жобаға сәйкес, ұзындығы 13,6 шақырым, ені 40 метр болатын судың тамағын 3 метрге дейін тереңдетіп қазу жоспарлануда. Мамандардың айтуынша, су маржандарын…
Caspian Life, 10 қазан. Атырауда 61 келіден астам заңсыз балық аулағандар ұсталды. Балық аулауға заңсыз шыққандар Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Дамбы балық инспекция бөлімі және Балық шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің бірлескен рейд шарасы барысында анықталып отыр. «Рейд барысында 4 қазан күні сағат 12:30 шамасында Жайық өзені бойы, алтыншы өзек тұсынан «Волжанка 600», ілмелі мотор «Ямаха40» қайығымен заңсыз балық аулап жүрген 3 азамат ұсталды. Тексеру кезінде шыққан 61,3 кг қара балықтарымен ау құралдары тәркіленді», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Осы ретте Қылмыстық кодекстің 335 бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген залал 768 мың 901 теңгені құрады.
Caspian Life, Атырау. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хиджаб киюге министрлік рұқсат бермегені үшін мектепке бармай отырған оқушылар туралы айтты. Оның сөзінше, оқу жылының басында мұндай проблема болған еді. Қыркүйек айының басында мұндай проблема болды. Атырау облысында мұндай балалар 150-ден де көп болды. Бірақ түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бала үшін білім алу бәрінен маңызды екенін айтып түсіндірдік. Ал республиканың басқа аймақтарында мұндай неше оқушы бар екені туралы менің қолымда ақпарат жоқ. Өйткені хиджабқа байланысты сабаққа бармай отырған оқушылар жоқ, — деді ол.
Caspian Life, 10 қазан. КМК «Атырау облысы Су арнасы» тұтынушыларға 2023 жылғы 11 қазан сағат 23.00-ден 2023 жылғы 12 қазан 09.00-ге дейін су құбыры және кәріз желілерінің күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарына байланысты Атырау қаласы мен Мақат ауданында су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. «Уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.
700-ден астам атыраулық алимент төлеуден жалтарып жүр. Олардың балалары алдындағы қарызы 1 млрд теңгеге жуық. Алимент төлемей жүргендердің көбі жұмыстың жоқтығын сылтауратса, кейбірі арнайы орындарға дұрыс ақпарат бермей, әуреге салады. Сондықтан прокурорлар 29 қыркүйектен жеке сот орындаушылармен бірігіп рейд ұйымдастырып, бала алдындағы әкелік міндетін орындамайтыны өз алдына, оларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуді де жөн көрмейтін жандардың үйін аралауға кірісті. Прокурорлардың сөзінше алименттен жалтарып жүргендер үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де өткізеді. Ұсынылған жұмыстан бас тартқандар заң алдында жауап береді. Рейд нәтижесінде күні бүгінге дейін 4,7 млн теңге алимент өндірілген. Ал жыл басынан бері баласының алдындағы қарызын өтемеген 689 адам әкімшілік…
CaspianLife, 10 қыркүйек Құрметті атыраулықтар! Атырау қаласының прокуроры құзырлы органдардың қатысуымен жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жүргізеді. Өтетін орны: «Абай» оқу орталығы Күні: 13.10.2023 Уақыты: 10:00-17:00
Caspian Life, 9 қазан. Теміртаудағы 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өзінің басына оқ атып қаза тапты. «Оқиға 9 қазан түнгі сағат 01.20 шамасында мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекетте қарумен өз басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, ол сағат 2.20-да көз жұмды. Аталған факт бойынша Орталық өңірдің Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», — деді ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. Марқұм болған қатардағы жауынгер 20 жаста және Түркістан облысында туған.
Caspian Life, 9 қазан. Атырауда кәсіпкерлерді заңсыз тексеру тыйылмай тұр. Жыл басынан бері прокурорлар 32 заңсыз тексерістің алдын алыпты. Және 180 кәсіпкерлік субъектісіне тексеріс жүргізгелі жатқан жауапты орындардың жолын кескен көрінеді. Яғни мемлекеттік мекемелер бизнес өкілдеріне еш негізсіз, дәлелдемелі құжаттары қолдарында толық болмаса да шүйліккен. Ақырында 55 лауазымды тұлға тәртіптік, 3-уі әкімшілік тұрғыдан жазаланды. Атырауда кәсіпкерлерді заңсыз тексеру тыйылмай тұр. Жыл басынан бері прокурорлар 32 заңсыз тексерістің алдын алыпты. Және 180 кәсіпкерлік субъектісіне тексеріс жүргізгелі жатқан жауапты орындардың жолын кескен көрінеді. Яғни мемлекеттік мекемелер бизнес өкілдеріне еш негізсіз, дәлелдемелі құжаттары қолдарында толық болмаса да шүйліккен. Ақырында 55 лауазымды тұлға тәртіптік,…
