Автор: Сайт әкімшілігі

Caspian Life, 15 қазан. Жексенбі. Бүгін Ақтауда күн бұлтты,  жауын-шашынсыз болмақ. Күндіз ауа температурасы +20 градустан аспайды, ал түнде +8 градусқа дейін суық болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге  дейін жетеді.

Read More

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз меторологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы  «Қазгидромет»  хабарлайды.  «2023 жылғы 14 қазанда Ақтөбе, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Read More

Caspian Life, 14 қазан. Үш күндік жұмыс сапарының соңғы күні Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабалайды.  Жаңаөзенде тұрғын үй қорының тозығы жеткен. Қазір мұнда 262 көпқабатты үй бар, оның 232-сі 1960-1980 жылдар аралығында салынған. Оның екеуі апатты деп жарияланған, 52 үй күрделі жөндеуге мұқтаж. Жаңаөзендіктерді толғандыратын тағы бір мәселе – су тапшылығы. Оны шешу үшін 2025 жылға дейін қуаты тәулігіне 50 мың текше метр теңіз суын тұщыту зауытын іске қосу жоспарланған. Халықпен алты сағаттық кездесуде тұрғындар түрлі сұрақ қойды. Кейбірі үй алуға жәрдемдесу, сондай-ақ мұнай-газ саласына жұмысқа тұрғызу жөнінде өтініш жасады. -…

Read More

Caspian Life, 14 қазан. Бейнеу-Ақтау тас жолында болған жол апатынан зардап шеккен екі адамның қазіргі жағдайы — ауыр. Ал қалған екі науқас аудандық ауруханада әлі емін жалғастырып жатыр. Бұл туралы  mangystaumedia.kz сайты хабалайды. — Екі науқас реанимация бөлімінде тәуліктік бақылауда. Оның бірі 2020 жылы туған. Қазір ол ІІІ дәрежелі комада, жағдайы — ауыр. Ал 1987 жылы туған науқас І-ІІ дәрежелі комада жатыр. Жағдайы — өте ауыр, — дейді Бейнеу орталық аудандық ауруханасының баспасөз қызметі. Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 9 қыркүйекте сағат 11:50-де республикалық маңызы бар Бейнеу-Ақтау тас жолында болған. Екі адам қаза тауып, төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілген болатын.

Read More

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 22,4 мың шетелдік турист арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде Қазақстанға 16,9 мың адам жеке мақсатпен келгені, ал қалған 5,4 мың адам іссапармен келгені анықталды. Олардың ең көп Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысында болды. Туристердің 31%-ы курорттық аймақтарға барды, оның ішінде туристердің 57,7%-ы Алматы тау кластерін таңдаған, ал тағы 14,7%-ы Маңғыстауды таңдаған Көбінесе келушілер саяхаттау үшін теміржол көлігін (31,5%), әуе көлігін (30,4%) және халықаралық автобусты (22,8%) пайдаланған. Туыстары немесе достарының үйіне тегін қону (52,3%), қонақүйде (24,9%), жалдамалы пәтер немесе үйде (18,4%) және басқа орналасу орындарында (4,4%). Шетелдіктер Қазақстанға орта есеппен 4 күнге келеді. Келушілердің…

Read More

Caspian Life, 14 қазан. Бұл шешім Әзербайжанның Шуша қаласында өтіп жатқан Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттер отырысында мәдениет министрлері шешімімен Ақтау 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Қуанышты жаңалықты халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының қазақстандық өкілі Бақытжан Омар жеткізді. Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымына мүше мемлекеттердің 40-отырысы өтті. Жиын барысында түркі әлеміне қатысты маңызды шешімдер қабылданды. — Бұл – үлкен жетістік. Себебі жыл бойы түбі бір түркі елдері Каспийдің жағасында бас қосып түрлі шаралар өткізеді. Бұл арқылы аймақтың туристік әлеуеті артады,- деп бөлісті ҚР Халықаралық Түрксой ұйымының өкілі Бақытжан Омар. Айта кетейік, бұл сында Қазақстаннан бөлек Қырғызстан мен Өзбекстан…

Read More

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанға жіберілген қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастыруда. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Наиброфи елдімекенінде қазақстандық құтқарушылар 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді. «Бір қатармен» әдісі бойынша құтқарушылар 487 учаскені жаяу жүріп өтті. Осы елді мекенде 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді. Толығымен қираған тұрғын үйдің біреуін бөлшектеу барысында құтқарушылар қайтыс болған 5-6 жастағы баланың денесін тауып алып шықты», — делінген хабарламада. Ауған тарапының өкілдерімен бірлесіп, қазақстандықтар Наиброфиден 10 км қашықтықта орналасқан  Сияхан елді мекенінде толығымен қираған үйлердің астын тексерді. Чолк елді мекенінде де үйінділерді  бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер табылған жоқ.…

Read More

Caspian Life, 13 қазан. 12 қазанға қараған түні 27 шағынаудан 51-үйден 102 кезекші пунктіне пышақ жарақаты туралы қоңырау түсті. Қоңырауға учаскелік полиция инспекторы жауап берді. Белгілі болғандай, 49 жастағы әйел ер адамға пышақ лақтырған. Иық аймағынан жеңіл жарақат алған. Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жолданды.

Read More

Бірінші жер сілкінісі 13 қазанда Астана уақытымен сағат 06:03-те ТЖМ «СОМ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен тіркелді. Магнитудасы 5,0 жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1041 шақырым жерде орналасқан. Екінші жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 07:09-да болды. «Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1052 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,6. MPV магнитудасы — 4,9», — делінген хабарламада. Еске салайық, 7 қазан, сенбі күні таңертең бұл аймақта 6,3 баллдық соққы тіркелген еді. Эпицентрі Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде болды. Бірінші жер сілкінісінен кейін магнитудасы 4,3-тен 6,3-ке дейінгі бірнеше сілкіністер тіркелген. Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің…

Read More

CaspianLife, 13 қазан — Қаламызда жыл басынан бері жол-жүріс қозғалысын таңбалы түрде реттейтін 1000-ға жуық жаңа жол белгілері орнатылған. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмас Сәрсенов мәлім етті. — Атырау қаласына және қалаға қарасты елді мекендегі автокөлік жолына және жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілерді орналастыру, Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы нұсқамасына сәйкес орындалады,- деді А.Сәрсенов. Оның айтуынша, жаңа жол белгілері пайда болған уақытта әлеуметтік желілерге міндетті түрде жарияланады. Сондай-ақ облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қолдану ережелері, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті…

Read More