Автор: Сайт әкімшілігі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Қазір №41 мектеп-гимназия оқушылары экологиялық таза өнімдерді өз қолдарымен өсіре алады. Жылыжай «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы бойынша іске асырылатын «Экологика» қоғамдық қорының «Жасыл мектеп» жобасы аясында салынып отыр. Көлемі 14х6 метр болатын жылыжайда гүлдер, көкөністер өсіруді жоспарлап отыр. Жобаға 3-9 сыныптар аралығындағы 380 оқушы қатысады. -Өздеріңіз білетіндей Атырау облысындағы экология — басты мәселелердің бірі. Сондықтан, осындай инновациялық және жасыл жоба біздің мектептердің бірінде жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Бұл жобаға тек табыс тілеймін, — деді облыстық білім басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков. Жоба авторлары атап өткендей, жылыжайда балалармен тек биология пәнінің мұғалімдері ғана жұмыс істей…

Read More

Биыл тамыз айынан бастап Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылында 54 шақырым электр желілері мен көше жарығы және жаңа 35/10 кВ «Ақкөл» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Бұл турады Атырау Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Ақкөл ауылын электр желісімен жабдықтау құрылысы 2021 жылдың қазан айынан басталған болатын. Бас мердігер мекеме «Айком LTD» ЖШС болып, құрылыс мерзімі 9 айға жоспарланған. Сондай-ақ, бірінші жоба бойынша 21,3 шақырым электр желілері мен көше жарығының құрылысы қарастырылған. «Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы Динара Қуанышеваның айтуынша, өткен жылы жобаға түзетулер енгізілуіне сәйкес құрылыс жұмыстары тоқтатылған. Жобалау-сметалық құжаттама өзгертіліп, биыл…

Read More

Маңғыстау полициясы 10 млн теңгеден астам соманы құрайтын синтетикалық есірткі тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды. 7 қазан күні сағат 11:30-да “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Ақтау қаласының 29 шағын ауданында 18 жастағы азамат ұсталды. Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде 182 синтетикалық есірткі жинағы тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында 30 синтетикалық есірткі мен 30 гашиш есірткі заты бар байлам тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 250 граммды құрайды. Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз…

Read More

Caspian Life, 19 қазан. Бүгін Қазақстанның 11 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, — деп хабарлайды Казгидромет.  Синоптиктердің болжамынша, бейсенбіде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Read More

Caspian Life, 19 қазан. Соңғы мәліметтер бойынша, Маңғыстауда Қызыл кітапқа енген жануарлардың саны 1059-ға дейін өсті.  Қоғамдық коммуникациялар орталығының мәліметінше, соңғы үш жылда облыста арқарлардың саны 18 пайызға артқан. 2021 жылы олардың саны 861 болса, биыл 1059 басқа жетті. Бұл жануарларлардың санағын 5-11 қазан аралығында «ПО Охотзоопром» мекемесі мен Зоология институтының қызметкерлері жүргізді. «Арқарлардың соңғы санағында жануарлардың өсу динамикасы оң болды. Ал оларға жойылып кету қаупі төніп тұрғанын және Қызыл кітапқа енгенін ескерсек, бұл санақтың нәтижесі қуантады. Биыл 42 жасанды бұлақ көзін ашсақ, олар қорық жануарларын суару үшін пайдаланылуда. Рейдтік іс-шаралар, соның ішінде өрт қауіпсіздігін тексеру үздіксіз жүргізіліп жатыр», -…

Read More

Caspian Life, 19 қазан. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров салықтар туралы заң жобасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Министр салық жүктемесі бөлінетінін атап өтті. «Жалпы жүктеме бөлінеді. Қаржы секторына қосымша жүктеме түседі, өйткені банктер есебінен алынған пайданың бір бөлігін алып тастау керек. Табыс саласына жүктеме сән-салтанат салығын енгізу арқылы артады. Жеке тұлғаларға келсек, біз жылына 40-50 млн теңгеден астам табыс табатындар үшін прогрессивті ЖТС енгізуді қарастырамыз. Сондай-ақ депозиттер мен бағалы қағаздарға инвестициялар үшін салық салуды қарастырамыз. Бірақ бұл табысы төмен адамдарға әсер етпейді», — деді министр. Бұдан бұрын Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сән-салтанат салығы кез келген байлыққа салынбайтынын түсіндірген. «Роскошь» термині қазақша аударғанда «сән-салтанат»…

Read More

CaspianLife, 18 қазан — Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігі шығарылды, деп хабарлайды CaspianLife. Кеше, 17 қазан күні, учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне қарай бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері көлікті өзеннен шығарып алды. «Автокөлік ішінен 1971ж.т., 1981ж.т., екі ер адамның мүрдесі табылды. Дене жарақаттары жоқ. Бейнекамераларды қарау кезінде 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны анықталды. Қазір мүрделерге сот медициналық сараптамасы тағайындалды» -деді полиция қызметкерлері.

Read More

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ҚР Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының Сенат жаңа редакцияда ұсынған жекелеген баптарымен келісті.  «Заң жобасы 2023 жылғы 23 мамырда Парламент Мәжілісіне енгізілді. Құжаттың негізгі мақсаты — кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының өскелең ұрпағын қолдау. 2023 жылғы 20 қыркүйекте Мәжіліс қабылдаған заң Парламент Сенатының қарауына жіберілді. Сенат 13 қазанда заңды қайтарды және құжатқа 10 түзету енгізілді. Оның ішінде 5 түзету редакциялық-нақтылау сипатында, ал қалған…

Read More

Caspian Life, 18 қазан. Отбасындағы зорлық-зомбылық пен балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелеріне арналған «111» бірыңғай байланыс орталығы шұғыл нөмірлер қатарына енгізілді. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева және «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек үшжақты меморандумге қол қойды. Келісімге сәйкес, «111» нөмірі «101», «102» және «103» шұғыл нөмірлерімен қатар бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына айналып, әрбір азамат үшін тәулік бойы және тегін көмек береді. Бұған дейін 16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына арналған «111 — «Amanat» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылғанын жазған болатынбыз. «Жалпы, «111 – «Amanat» шұғыл қызметі партия бастамасымен осыдан…

Read More