CaspianLife, 6 қараша — Атырау облысының тұрғындары 5-қарашадан 6-қарашаға қараған түні аспандағы ерекше құбылысқа куә болды. Тұрғындарының әуесқой түсірілімінен аспанның қызыл түске боялғанын анық байқауға болады. Бұл құбылыстың себебі белгілі болды, деп хабарлайды CaspianLife. Қызыл шұғыланы Атырау қаласымен қатар, бірқатар аудан тұрғындары да байқаған. Аталған құбылысты астроном ғалымдар «қызыл полярлық шұғыла» деп түсіндірді. Ол күшті магниттік дауылдардың нәтижесінде ғана пайда болады екен. Бұл сирек құбыыс ғаламшардың магнит өрісі әлсіреп, жоғары энергиялы күн бөлшектерінің атмосфераға енуінің нәтижесінде болған. Айта кетейік, тұрғындардың басым көпшілігі қызыл аспанды «өрттің себебінен» деп дүрліккен еді. Бірақ, облыстық ТЖД мәлімдеуінше, өңірде ешқандай қамыс өрті тіркелмеген.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 6 қараша — 5 қараша күні өткен Исатай және Қызылқоға аудандары әкімдері сайлауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды CaspianLife. Сайлаушылар тізімінде 34497 азамат болғанымен барлығы 19328 сайлаушы дауыс берген. Оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша болған жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 552 адам дауыс берген. Сайлауға 6 үміткер қатысты. Сайлау қорытындысы төмендегідей: Исатай ауданында: Ғұбаш Асылан Жарылғасұлы 1327 дауыс, Муканов Рашид Тасанович 2295 дауыс, Мусин Нұрым Бекежанұлы 4934 дауыс жинады. 35 сайлаушы «Барлығына қарсы» белгісін таңдаған. Қызылқоға ауданы бойынша: Азмуханов Канат Кадыржанович 8556 дауыс, Жексенов Магжан Абызович 892 дауыс, Салыков Сандибек Аманбаевич 1137 дауыс жинады. «Барлығына қарсы» белгісі…
CaspianLife, 6 қараша — Атырау қаласында дзюдодан 2004-2006 жылы туылған жастар арасындағы VI республикалық турнир аяқталды, деп хабарлайды CaspianLife Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы, дзюдодан 6 дан иегері Асан Раушанов жүлдесіне арналған сайысқа 20 команда, 200-ге жуық спортшы қатысқан. Республикалық турнирдің бірінші күні қыздар арасында 48 келіде М.Даушова (Шымкент), 52 келіде Н.Кадирбаева (Ақтөбе), 57 келіде Д.Есетқызы (Алматы), 63 келіде Ш.Бітімбай (Атырау), 70 келіде А.Абдикаликова (Алматы), 78 келіде А.Жандарбай (Атырау), +78 Б.Нұрғалиева (Ақтөбе) жеңіске жетті. Ал ұлдар арасында 60 келіде С.Жасұланбек (Ақтөбе), 66 келіде Б.Әділжанов (Исатай ауданы), 73 келіде О.Нұрбергенов (Ақтөбе),…
Атырау облысының Исатай және Қызылқоға ауданында әкім сайлауы өтіп жатыр. Екі ауданда 34 487 сайлаушы дауыс береді. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметінше, Исатай ауданындағы әкім сайлауы 15 учаскеде өтіп жатыр. Мұндай 15 883 сайлаушы таңдауын жасайды. Ал Қызылқоға ауданындағы 19 сайлау учаскесінде 18 614 сайлаушы тіркелген. – Екі аудандағы әкім сайлауында 34 487 сайлаушы дауыс береді. Бұл облыстағы сайлаушылардың жалпы санының 8,5 пайызын құрайды. Екі аудан әкімінің сайлауына 6 үміткер тіркелді. Үміткерлердің бәрі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, -деп хабарлады Азамат Айманакумов. Аудандардағы сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, Исатай ауданындағы…
Жұмысқа орналасу үшін миллион теңге берген тұрғыннан полицейлерге арыз түсті. Ол «ОйлСервисКомпани» ЖШС-ға жұмысқа орналасуға көмектесуі үшін 1 миллион теңгесін алаяққа жібергенін айтады. Жәбірленуші қазір не ақшасыз, не жұмыссыз қалғанын айтады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ПД хабарлайды. Белгілі болғандай, алаяқтық жасаған күдікті жәбірленушіні әр жолы Жетібай ауылындағы жұмыссыздардың наразылық митингісіне шақырып, митинг арқылы жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп отырған. Жәбірленуші өзінің алданғанын білген бойда дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан. Күдіктіні криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Аталған факті Қарақия ауданының тұрғынына ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің тағы қанша адамды алдағаны анықталуда.
Caspian Life, 5 қараша. Атырау облысында өнер мектебі бір фортепианоны 1,5 млн теңгеден сатып алмақ болған. Музыкалық аспаптың орташа бағасы бұдан 2,3 есеге арзан. Бұл туралы Kazinform хабарлайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл деректі волонтерлер анықтаған. – Махамбет аудандың білім бөліміне қарасты З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебі фортепианоның бір данасын 1 млн 510 мың 400 теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Осылайша 10 музыкалық аспап үшін жалпы сомасы 15 млн 104 мың теңге қарастырылған, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер тобы музыкалық аспаптың орташа бағасына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында…
Caspian Life, 5 қараша. Бейнеудегі №121 сайлау учаскесінде халықтың дауыс беруі қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Молдахан Малбасов айтты. №121 сайлау учаскесінде 2 394 сайлаушы бар. Жарты сағаттың ішінде 25 сайлаушы таңдауын жасады. — Халықтың сайлауда белсенділігі өте жоғары. Қазіргі таңның өзінде 25 сайлаушымыз келіп, даусын берді. Аудан әкіміне үміткер үш кандидатымыз бар. Сайлау учаскесінде екі сенімді өкіл, екі байқаушы бар. Қазір сайлау барысын қадағалап, бақылап отыр, — дейді №121 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Молдахан Малбасов. Ауданда барлығы 30 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Дауыс беру сағат 20:00 дейін жалғасады. Айта кетсек, Маңғыстауда тек бір ғана…
Caspian Life, 5 қараша. Бүгін, 5 қарашада елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімін сайлау өтеді. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттың шешімімен белгіленген аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізетін күнге дейін кемінде 50 күн бұрын тағайындады. Сайлау күні туралы хабарлама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. 17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қаланың тізбесін бекітті. Сайлау 5 қарашаға белгіленді. Кандидаттарды тіркеу сайлау комиссиясы бүкіл қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталды және сайлау күніне 25 күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат…
CaspianLife, 3 қараша — Атырау облысы бойынша экология департаменті «Karabatan Utility Solutions» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілген СО2 шығарындыларына квота көлемі 35 482 тонна бола тұра кәсіпорын жалпы көлемі 743 105,874 тонна шығарынды шығарған, деп хабарлайды CaspianLife. Осылайша, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС көміртегі мөлшерін бөлінген квота мөлшерінен көп шығаратын қондырғыны пайдаланған. Аталған факт бойынша департамент акт жасап, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берді. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 329-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен кәсіпорын 7 млрд теңге айыппұл мөлшерінде әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл мемлекет…
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттің зайырлылығын айқындайтын Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген түзетулерді бекітетін заңға қол қойды. Әділет министрлігінің мәліметіне сай, заңнамаға енгізілген түзетулер көп әйел алуды насихаттау, АХАЖ-да ресми неке қимай «никох» рәсімін жасау, гендерлік кемсіту, сондай-ақ қоғамдық орында жеке басын анықтауға мүмкіндік болмайтындай дәрежеде жабық киім кигендерге қолданылатын жауапкершіліктерді қамтиды. «Екі және одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттау, осы тұрғыда идея немесе үндеу тарату, сондай-ақ мұндай әрекеттерді қолдау 15-тен 30 базалық есептік шамаға (БЕШ) дейін немесе 4,950 миллионнан 9,9 млн сомаға дейін мөлшерде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алумен жазаланады», -…
