Автор: Сайт әкімшілігі

Газа секторында адамдардың күнелтуінің өзі қиындап кетті. Гуманитарлық көмек блокадасы аштыққа әкелді. Адамдар күніне бір рет тамақтанса соған қуанады. Бұл туралы деп хабарлайды Euronews хабарлайды. Олар үй-жайын ақшасыз және ешқандай зат алмай тез тастап кетуге мәжбүр болған. Енді азық қылатын түгі жоқ. Газа соғысы салдарынан қоныс аударған палестиналықтар қорқыныш пен қауіп-қатерден бөлек аштықпен де алысып жатыр. Бұл лагерьдегі адамдарды күніне кемінде бір мәрте тамақтандырудың өзі оңай болмай отыр. «Бұл отынды өзіме және бауырларыма бидай қайнату үшін жағып жатырмын. Демек бүгін аш қалмаймыз. Біз кешеден бері нәр татпадық», — дейді Ямен Лабад дейтін қоныс аударған бала. Лагерьдегі отбасылар бұл жерде өмір өте қиын…

Read More

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесиелерді электрон түрде берудің қолданыстағы ережелеріне өзгертулер енгізу туралы бастама көтерді. Құжаттың жаңа редакциясына сәйкес, қазақстандықтардың атынан алаяқтар алған шағын несиелер кешіріледі. Атап айтқанда, егер сот клиенттің өз атына берілген шағын несиені алмау дерегін анықтаса, онда оны берген ұйым 15 жұмыс күні ішінде міндетті: клиенттің осы шағын несие бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдау; кредиттік бюроларда клиенттің кредиттік тарихына түзетулер енгізуге, оған осы микрокредит бойынша берешегінің жоқтығы және ол бойынша мерзімі өткен күндердің саны туралы ақпарат жіберуге; клиентке бұрын өндіріп алынған немесе өзі өтеген қарыз сомасын қайтару. Бұл ретте, егер сот алаяқтар клиенттің…

Read More

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларына қатысуға шақырды, — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің көптеген елінде қызылша ауруына қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр. Инфекция жұқпалы және ол ауа тамшылары арқылы тез таралады. Соңғы екі айда елімізде сырқаттанушылар саны күрт өсті. Биыл 13 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Оның 83 пайызы балалар, негізінен 5 жасқа дейінгілер. Олардың 70 пайызы екпе алмаған. Науқастардың арасында екпе алмаған ересектер де бар. Инфекцияның таралуының артуы салдарынан Қазақстанда қосымша жаппай иммундау жүргізу туралы шешім қабылданды. Ол қаңтар айының соңына дейін жалғасады. Министрдің айтуынша, вакцина жеткілікті. — Вакциналау мәртебесі жоқ…

Read More

Атырау мұнай өңдеу зауыты толықтай іске қосылды. Мұнда қазан айының басынан бері жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстары жасалған еді.  Зауыттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта « 2 753 бақылау-өлшеу аспабы мен автоматика құралдары, 723 электр қозғалтқыш, 62 қосалқы станция, 803 түтікше және 1 539 құбырдың тексеріліп-сынақтан өткізілгендігі» айтылған. Қазір  кәсіпорын Энергетика министрлігі бекіткен жоспар бойынша сұйытылған мұнай газы, автобензин және дизель отынын өндіріп, жөнелтуде. Енді кәсіпорын орта есеппен тәулігіне 600-700 тонна автогаз шығармақ ниетте. Бұл аз да болса,  атыраулық көлік жүргізушілерінің қажеттілігін жабатыны анық.

Read More

Халықаралық сарапшылар еисінің атын шығарып, бәйгеден жүлделі орын алып жүрсе де, өзінің шын мәніндегі орнын ала алмай жүрген адай жылқысына ресми мәртебе беру керектігіне көз жеткізді. Ол үшін Кендірліде ұзаққа шабатын аттардың халықаралық жарысы өтіп, оған бүкіләлемдік ат спорты федерациясының өкілдері қатысты. Бәйгені көрмекке келгендердің арасында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та болды. Ол қазақ халқы үшін адай жылқысының орны бөлек екендігін айтып, оны ұлттық брендке айналдыру артық етпейді деді. Халықаралық арбитрлар, яғни Алматыдан, біріккен араб әмірлігінен келген судьялар тұлпарлардың төзімділігіне және желдей ескен жылдамдығына таңдай қақты. Бәйгеде Көкжебе деген сәйгүлікті мінген шабандоз жеңіске жетіп, 100 шақырым қашықтықты 4 сағат 48…

Read More

Бұл туралы «Әділдік жолы» РҚБ Атырау филиалымен бірлесе отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы волонтерлер жүргізген мониторинг барысында белгілі болды.  Мониторинг тобы облыстық балалар ауруханасына, психикалық денсаулық орталығына және онкологиялық диспансеріне барды. Тексеру кезінде тамақ өнімдерін пайдаланудың басталуы туралы таңбалаудың жоқтығы, дайындалған тамақ өнімдерінің әрбір партиясынан тәуліктік сынама алынбағаны, мәзір денсаулық сақтау ұйымы басшысымен бекітілмегені, сондай-ақ көкөністерді сақтау шарттары сақталмағаны анықталды. Мәселен, картоп пен пияз еденде жатты. Бұл — қоғамдық тамақтандыру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай емес. Сонымен қатар, асхана қызметкерлері ас мәзірінің макетін денсаулық сақтау ұйымының басшысымен келісуді қажет деп таппаған. «Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне…

Read More

6-8 қараша аралығында Маңғыстау облысында «Металл» ЖПІШ өтуде. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері металл құбырларды ұрлаумен айналысқан 38 және 57 жастағы азаматтарды ұстады. Бұл туралы  облыстық полиция департаменті хабарлайды. Белгілі болғандай, олар шаруа қожалығының иесіне тиесілі сорғы және компрессорлық құбырларды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші полицияға хабарласқан. Материалдық шығын 500 мың теңгені құрады. Күдіктілерден өз кінәләрін мойындады. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Read More

Бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаев 5 қарашада өткен аудан әкімінің пилоттық сайлауы нәтижесінде халық сайлаған Бейнеу ауданының жаңа әкімі Рахымжан Шалбаевты аудан активіне таныстырды. Бұл туралы  облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Аудандық сайлау төрағасы Дәулет Сауырбаев сайлау қорытындыларын жариялап, жаңа аудан әкіміне тиісті куәлік табыстады. Рахымжан Шалбаев Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінің шет тілдері кафедрасын бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Бейнеу ауылының № 2 орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастаған. 2003- 2007 жылдары аралығында бас маман, жастар ісі, мәдениет және спорт бөлімдерінің басшысы, Бейнеу ауданы әкімнің орынбасары қызметтерін атқарды. 2007-2010 жылдары Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы. 2010-2015 жылдары «Нұр…

Read More

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 8 қарашада Қытайда болған бірнеше жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды. Айта кетейік, бүгін 00:09 кезінде Алматы мен қала маңында 2 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. Табиғат апаты Қытайда болса да, оның күші Алматы қаласында, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілді. Содан кейін Алматы уақытымен 00:15 және 00:52 кезінде тағы екі мәрте зілзала болды. Соңыра 01:34 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 311 шақырым жерде, Қытай аумағында тағы жер сілкінді. Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты — 10.8. MPV магнитудасы — 4.8. Тереңдігі — 10 шақырым. Алматы уақытымен 01:46-да зілзала тағы қайталанды. Ең соңғы сілкіністің ошағы да Алматыдан оңтүстікке…

Read More

CaspianLife, 8 қараша — Кеше сағат 22:00 шамасында Махамбет Өтемісұлы мен Сырым Датов көшесінің қиылысында Лада Гранта маркалы көлік пен мопед соқтығысып қалды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы ПД мәліметінше, 30 жастағы мопед жүргізушісі жедел-жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілген. Екі көлікке де материалдық шығын келген. Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр.

Read More