Халықаралық сарапшылар еисінің атын шығарып, бәйгеден жүлделі орын алып жүрсе де, өзінің шын мәніндегі орнын ала алмай жүрген адай жылқысына ресми мәртебе беру керектігіне көз жеткізді.
Ол үшін Кендірліде ұзаққа шабатын аттардың халықаралық жарысы өтіп, оған бүкіләлемдік ат спорты федерациясының өкілдері қатысты. Бәйгені көрмекке келгендердің арасында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та болды. Ол қазақ халқы үшін адай жылқысының орны бөлек екендігін айтып, оны ұлттық брендке айналдыру артық етпейді деді.
Халықаралық арбитрлар, яғни Алматыдан, біріккен араб әмірлігінен келген судьялар тұлпарлардың төзімділігіне және желдей ескен жылдамдығына таңдай қақты. Бәйгеде Көкжебе деген сәйгүлікті мінген шабандоз жеңіске жетіп, 100 шақырым қашықтықты 4 сағат 48 минутта бағындырды. Атбегілер тұлпардың жүрегінің минутына 64 рет соққанын айтады.
Ұйымдастырушылардың сөзінше жарыс халықаралық деген атына сай өткен. Қашықтық та біршама болғанымен, бабы келісті жылқылар жақсы нәтиже көрсетіпті.