Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 14 қараша — 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қазақстандық жүргізушілер қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. Оның айтуынша, бұл техникалық регламентте талап етіледі және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша қаралады. Қыста жүргізуші жазғы дөңгелекпен ұсталса, полиция қызметкерлері айыппұл салуға құқылы. Мұндай бұзушылық үшін ең төменгі айыппұл мөлшері 5 АЕК, егер бір жыл ішінде жүргізуші тағы да осындай құқық бұзушылықты жасаса, айыппұл 10 АЕК-ке дейін өспек. ⠀ «Қыс жақындап қалды, сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін біздің барлық көліктеріміз қысқы дөңгелектерге көшуі керек. Қауіпсіздік талабы осындай. Өйткені үлкен мегаполисте бірінші жауын-шашын…

Read More

Биыл наурыз айынан бастап қарашаның біріне дейін атыраулық 156 жасқа арнайы комиссия 2,5 пайызбен несие беру туралы шешім шығарған. Қазіргі уақытта 107 жас қолдарына ақша алып, іске кірісіп кеткен. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жыл соңына дейін тағы 30 кәсіпкерді қаржыландырмақ. Несиенің ең жоғарғы соммасы — 5 миллион. Мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға, ал кәсіптің өзге түрлерімен айналысқысы келетіндерге 5 жылға дейін беріледі. Комиссия 21-35 жас аралығында азаматтардың өтініштерін қабылдайды. Мамандардың айтуынша, жастардың бизнес идеяларын қолдау мақсатында мұндай жобаны елімізде Атырау алғаш рет қолға алып отыр. Бұл жұмыс үшін бюджеттен 939 миллион теңгеден астам қаржы…

Read More

Caspian Life, 14 қараша. Атырау темір жол вокзалында төтенше жағдай! Мұнда апат болып, цистернадан күкірт қышқылы төгілді. Салдарынан бір адам уланып қалды. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС мамандары оқиға болған жерді дереу қоршап, құтқарушыларды шақырды. Олар болса сол маңды зарарсыздандырып,  айналаға қауіпті заттың жайылмауын қамтамасыз етті. Абырой болғанда  бұл –шынайы оқиға емес, бар болғаны оқу-жаттығу ғана. Тиісті орындар алдағы уақытта осындай жағдай бола қалса, қамсыз қалмайық деп, білгендерін пысықтамақ мақсатта ұйымдастырыпты. Дәл осындай оқу-жаттығу жылына 2 рет өткізіледі. Бұл құтқарушылар үшін ғана пайдалы емес, теміржолшылардың да абдырап қалмасы үшін қажет, — дейді Қазақстан темір жолы компаниясының жергілікті өкілдері. Кешенді оқу-жаттығуға…

Read More

Caspian Life, 14 қараша. Ақтауда көпқабатты үйлердегі су қысымының төмен болуына байланысты халықтан арыз-шағым көп түсетін. Әсіресе жоғары қабаттағы пәтерлердің тұрғындары судың сыздықтап қана тұратынын, сондықтан ыдысқа су жинап қоюға мәжбүр екендіктерін айтатын. Енді осы мәселе шешілмек: көтергіш сорғы станциялары орнатылуда. Қазіргі таңда қала бойынша судың қысымын реттеу үшін 7 дана көтергіш сорғы станциясы орнатылып, 6,7, 11 және 24-шағынаудандағы төртеуі коммуникацияға қосылған. Ал үшеуін магистральді ауыз су құбырына қосу жұмысы істеліп жатыр. Автоматты түрде жұмыс жасайтындықтан қол күшінің қажеті жоқ. 7 дана көтергіш сорғы станциясын сатып алу үшін бюджеттен 350 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Мамандардың сөзінше әрбір қондырғы бес…

Read More

CaspianLife, 14 қараша — 2024 жылы ұзақ уақыт ауыр еңбек жағдайында жұмыс істеген қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік төлем енгізілмек, деп хабарлайды CaspianLife. Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген қызметкерлерге 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін арнайы әлеуметтік төлем енгізуді тапсырған еді. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі тараптардың пікірлерін және әлемдік тәжірибені ескере отырып, заңнамаға тиісті түзетулер әзірледі. Төлемнің орташа сомасы шамамен 183 мың теңге. Қызметкер оны зейнеткерлік жасқа жеткенше алады да зейнетақы тағайындалғаннан кейін арнаулы әлеуметтік төлем тоқтатылады.

Read More

Caspian Life, 14 қараша. 13-19 қараша аралығында облыс бойынша «Қауіпсіз жол жүрісі» апталығы өтіп жатыр. Соңғы уақытта жол-көлік оқиғасының көбеюіне байланысты полицейлер осындай іс-шараны ұйымдастыруға мәжбүр болыпты.  Яғни бір апта бойы жол сақшылары рейдке шығып, балабақша, мектептерде, орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында барып, жол қауіпсіздігі, жол ережесін сақтау туралы дәріс оқиды. Полицейлердің сөзінше, өңірде жыл басынан бері 164 жол-көлік оқиғасы болып, 15 адам қаза тапқан. Ал 180 адам әртүрлі дене жарақатын алыпты. Бұған көп жағдайда жүргізушілердің алаңғасарлығы мен шаршаңқы күйде көлік басқаруы себеп болады екен.

Read More

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы зейнеатақының қандай түрлері және қанша пайызға өсетіні туралы мәлімдеді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, зейнетақы төлемдері жасына және еңбек сіңірген уақытына байланысты жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде көтерілетні айтылған. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2024 жылға арналған инфляция деңгейі 6-8 пайыз дәлізде көзделетінін ескере отырып, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерінің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өсуін ескере отырып көзделеді», — делінген министрлік хабарламасында. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан…

Read More

Биыл Атырау облысына 9 айда 21 537 адам көшіп келушілер көбейген. Оның ішінде өзге елдерден қоныс аударған 466 адам бар. Атырау облыстық статистика департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиевтың мәліметінше, былтырғы осы кезеңде мұнайлы өңірге көшіп келдер саны 13 709 адамды құраған. – Биыл 9 айда Атырау облысына көшіп келушілер қатары 21 537 адамға жетті. Оның ішінде сыртқы көші-қон бойынша 466 адам қоныс аударды. Мәселен, ТМД елдерінен 440 адам тұрақты тұруды мақсат еткен. Мәселен, Ресей Федерациясынан 213, Өзбекстан Республикасынан 205 мұнайлы өңірге көшіп келді. Ал, әлемнің басқа елдерінен келгендер – 26 адам, -деді Нұржан Құмарғалиев. Оның айтуынша, көшіп келушілер арасында еліміздің өзге…

Read More

CaspianLife, 13 қараша — Оқиға 8 қараша күні сағат 22:00 шамасында болған, деп хабарлайды CaspianLife. 11 шағынаудандағы 42 үйдің жанында Toyota Rav4 жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. 82 жастағы әйел ауруханаға жеткізіліп, кейін есін жимай көз жұмды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен Ақтау қаласы ППБ-на тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соттың рұқсатымен Toyota Rav4 көлігінің 30 жастағы жүргізушісі 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Read More

CaspianLife, 13 қараша — Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің хабарлауынша, 17 қарашада еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындардан челлендж өтпек. Мектеп оқушылары «Бес табан» мен «Бес асық» ойындарына сайысқа түседі, деп хабарлайды CaspianLife. Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мақсат – оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімін тәрбиелеу, еліміздің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау. «Ұлттық ойындар – көңілге қонымды, шабыттандыратын және таңғаларлық нәрсе, ол денсаулық пен үйлесімді өмірдің кепілі. Асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін кеңейтеді, мінезі мен ептілігін дамытады, көру қабілетін арттырады. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге,…

Read More