Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 15 қараша — Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топтардың ұяшықтары бейтараптандырды. Топтың 12 мүшесі терроризмді насихаттау, сондай-ақ экстремистік топты құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу бойынша бір мезгілде ұсталған. Тергеу болжамы бойынша, олар Қазақстандағы зайырлы құрылымды құлатуды көздеген. Ол үшін экстремистік идеологияны таратқан және қатарларына жаңа жақтастарды тартқан. Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларын тінту кезінде тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да дәлелді заттар табылды. Топтың бірқатар мүшелері полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, қарақшылық, тонау және зорлау секілді ауыр қылмыстар жасағандары үшін бұрын сотты болғандар. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне…

Read More

CaspianLife, 15 қараша — Ақтауда заңсыз салынған таунхаус бұзылды. Қожайын Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандарына тексеріс кезінде құжат көрсете алмапты. Нәтижесінде сот шешімімен ғимарат жермен-жексен етілді. Таунхаус Ақтаудағы «Приморский-1» тұрғын үй массивінде орналасқан. Еске салайық, осыған дейін заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені мен қонақ үй бұзылды. Екі нысанның да жобалау-сметалық және құрылыс бастауға қажетті құжаттары болмай шықты. «Құжаттарды рәсімдеуге, құрылысты тоқтатуға тиісті нұсқама берілді. Алайда, құрылыс салушы тарапынан бұл нұсқама еленген жоқ. Сол себепті бұл заңсыз құрылысты біз сот органдарына бұзу туралы талап арыз жолдадық. Соттың бірінші сатыдағы шешімімен жолданған талап-арыз қанағанттандырылып, содан кейін апелляциялық тұрғыда сот…

Read More

Ақтаулықтар күйік иісіне шағымданғаннан соң экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары дереу Ақтау қаласының ішінен атмосфералық ауадан сынама алған. Сынама нәтижесі бойынша ауада көміртегі оксидінің концентрациясының асып кеткені анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz департаментке сілтеме жасап. Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметі бойынша Маңғыстау облысының аумағында ешқандай өрт болмаған. — Дегенмен, БАҚ-қа мониторинг жүргізу кезінде Ресей Федерациясының Астрахан облысының аумағы, Каспий теңізі бөлігінде бірнеше тәулік бойы қамыс өсімдіктерінің өртенгені анықталды. Бұл фактіні онлайн карталардағы өрттердің аэроғарыштық мониторингінің нәтижелері растайды. Маңғыстау облысының «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 14 қараша күні сағат 22:00-ден бүгінге дейін желдің бағыты солтүстік-батыстан соғады, орташа жылдамдығы 5 м/с, екпіні…

Read More

CaspianLife, 15 қараша — Атырау қаласының экологиялық жағдайына кері әсерін азайту үшін облыстық мәслихат депутаттары Атырау мұнай өңдеу зауытына төмендегі нысандарды салуды ұсынды: ▪️ Жылыжай-лимонарий; ▪️ Атырау қаласында кемінде 2 футбол және 2 баскетбол алаңы. «Атырау қаласында ауасы оттегіге бай фитонцидтердің мекеніне айналатын «Жылыжай-лимонарий» салуды міндеттейміз. Бұл орындар жүкті әйелдер мен зейнет жасындағы азаматтар, жалпы, кез келген қала тұрғыны таза ауамен тыныс алуы үшін қолайлы болады. Жылыжай ауданы кемінде 10 мың шаршы метр болуы керек». – делінген депутаттардың Энергетика министріне, «ҚазМұнайГаз» және Атырау мұнай өңдеу зауытының басшыларына үндеуінде.

Read More

Мақат ауданының тұрғындары жеке кәсіп ашу үшін мемлекеттен алған грантты мақсатты пайдаланбаған. Бұл туралы аудан прокуратурасы мен аудандық Мансап орталығы бірлесіп өткізген жиналыс барысында белгілі болды. Прокурорлар кейбір грант иелерінің жалған құжат көрсеткенін, кейбірінің бизнесін әлі бастамағанын анықтапты. Ал енді бірі сатып алған құрал-жабдықтың бағасын асырып көрсеткен. Осындай 7 тұлғаға қатысты заң бұзушылық белгілі болып, сот шешімімен үшеуінен 3 млн 300 мың теңге өндіріліп алынса, ал қалған төртеуіне бизнесін бастауға мүмкіндік берілген. Және ірі кәсіпорындардың «Enbek.kz» порталына бос жұмыс орын туралы мәліметті жарияламауы да өзекті мәселеге айналған. Аудан прокурорлары осындай заңсыздықтың да жолын кесті. Содан кейін ғана «ҚТЖ» ҰК АҚ»…

Read More

CaspianLife, 15 қараша — Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды. Ол «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді. ҚР Ұлттық Банкі хабарлағандай, жаңа банкноталар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5 000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноталар осы жылдың соңына дейін қолданысқа берілмек. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноталардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдірілген қорғаныш қабілетін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Бұл орайда еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихы да насихатталмақ Жаңа банкноталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының…

Read More

Ақтауда қандала уынан екі баласы қайтыс болған ата-ана тергеу процесінің созылып бара жатқанына алаңдап отыр. Сөздеріне қарағанда оқиға болғалы бір айға жуық уақыт өтсе де қорытынды шығар емес және мамандар дәрінің құрамын анықтай алмай отыр. 10 айлық және 2,5 жастағы екі кішкентайынан бірдей айырылған әке пәтерін улаған көршісін жазалауды сұрайды. Жанболат Кемелдновтың айтуынша, күдікті тергеу абақтысында емес, үйінде жүр. Және қандаланы улайтын дәрі кез-келген жерде сатылмаса екен дейді. Ал полицейлер қылмыстық істің қозғалып, ойдағыдай жүріп жатқанын хабарлады. Тек сараптама қорытындысы дайын болмай, жұмыс баяулап қалған көрінеді. Естеріңізге түсірейік, бұл оқиға 23-қазан күні 7 ықшам аудандағы №14 үйде болды. Үй иесі…

Read More

Ақтау қалалық полиция басқармасына облыс орталығының бес тұрғынынан шағым келіп түсті. Олардың айтуынша, «Е» есімді адам шетелдік көліктерді заңдастыруға уәде беріп, ақша алғанымен кейін уәдесін орындамаған. Жалпы материалдық шығын 7 миллион 700 мың теңгені құрап отыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлайды.  Іздестіру кезінде полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды анықтап, қамауға алды. Аталған дерей бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазір алаяқтық оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып отыр. Әзірге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіні айтылды.

Read More

Бүгін ұлттық валютамыз – теңгеге 30 жыл толды. Есте болса, 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілген еді. Ал 1997 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні ретінде аталып өтіп келеді. Теңге тарихы Жалпы, төл теңгемізді дайындау жұмыстары 1992 жылы қолға алынып, сол жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ал ертеңінде қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер – Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1993 жылы алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылды. Теңгені…

Read More

CaspianLife, 14 қараша — Атыраулық келіншек «Аналарға көмек қолдау» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Сандуғаш Көкенованың заңсыздықпен айналысып жүргенін айтты. Оның сөзінше Көкенова әлеуметтік желідегі кейбір азаматтарға күйе жағып, қаралау үшін ұйымдағы көп балалы аналарды пайдаланады және сол үшін «материалдық көмек көрсетемін» деп уәде береді-мыс. Ал қарсы шыққан әйелдерге күш көрсетіп, ұялы телефондарын тартып алатын көрінеді. Көкенованың іс-әрекетіне ренішті әйел жергілікті полицияға арызданған. «Бірақ олар да бейжай», — дейді видео авторы. Ақпарат EGOV.PRESS телеграм арнасынан алынды.

Read More