Автор: Сайт әкімшілігі

Маңғыстауда биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Рай» әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығына 11 әйел және 32 бала көмекке жүгінген. Әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығының директоры Райхан Бекманованың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған үй 15 адамға арналған. Сонымен қатар орталыққа келген әрбір әйелге 8 бағытта көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, әлеуметтік қызмет, құқық, психологиялық, тәрбиелік,педагогикалық, мәдени-демалыс сауықтыру және еңбек терапиясы. — Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған әрбір әйел орталықты 6 айға дейін паналай алады. Бірақ оның мәселелерін шешу үшін өзінің келісімі мен құқығы бойынша паналау мерзімін анықтаймыз. Әйел 1 айға немесе бір күнге келуі мүмкін. Егер ол жыл ортасында келсе, онда ол желтоқсан…

Read More

Елімізде күріш қымбаттады. Бір жылда баға, шамамен 40 пайызға көтерілген. Бұл мәліметті зерттеу жүргізген Energyprom сарапшылары ұсынып отыр. Ал баға өскенімен, дақылды өндіру биыл 10 пайызға төмендепті. Соңғы үш жыл қатарынан күріш өндірісі тек жоғарылаған. Ал, биылғы өсім 177 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға азайыпты. Соның салдарынан дәнді дақылдың құны да шарықтаған. Қымбатшылық ең алдымен Ақтау қаласында байқалып отыр. Онда тазартылған күріштің бір келісі 904 теңгеден сатылып жатыр. Орал мен Астанадағы көрсеткіш те көңіл көншітпейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына кіретін өнім құны екі қалада 829 және 801 теңге аралығында. Елімізде күріштің 90 пайызы Қызылорда қаласында өсетіндіктенғ әзірге…

Read More

Биыл Атырауда адам өлтіру мен кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі артқан. Бұл туралы Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысында мәлімдеді.  Отырыс барысында қылмыс 21%-ға төмендеуімен сипатталатыны атап өтілді. Бұл ретте денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері 15%-ға (40-тан 46-ға дейін), адам өлтіруге оқталу 40%-ға (5-тен 7-ге дейін), өзiн-өзi өлтiру 48%-ға (325-тен 348-ге дейін), адам өлтіру 75%-ға (7-ден 12-ге дейін), кәмелетке толмағандарды зорлау 60%-ға (5-тен 8-ге дейін), жас балаларды азғындық жолға түсіру 75%-ға (4-тен 7-ге дейін) өсті. Қадағалау өкілеттіктерімен жеке адамға қарсы қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау, тіркеу және шешу кезінде заң бұзушылықтардың 2 фактісі анықталды. 6 прокурорлық ден қою актісі енгізілді, 7 лауазымды тұлға…

Read More

Caspian Life, 17 қараша. «Теңізшевройл» компаниясына тиесілі жерасты желісінде мұнай төгілді. Қолда бар ақпаратқа қарағанда бұл — мұнай резервуарлары мен кешенді технологиялық желі арасындағы жерасты құбырындағы ақау салдарынан болған. Шамамен 50 текше метр мұнайдың ағып кеткендігі айтылады. Бұл шамамен бір вагон мұнайға тең. Осы жағдайға қатысты экология және табиғи ресурстар министрлігі де, Атырау облыстық экология департаменті де ресми ақпарат берген жоқ. Ал компанияның баспасөз қызметі осы жағдайды растап, ресми ақпарат таратты. « — Қарашаның 12-сі күні Теңіз кен орнында мұнайдың ағуы анықталды. «Теңізшевройл» мекемесінің жедел тобы оны оқшаулау үшін шұғыл шаралар қолданды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қауіпсіздік шаралары мен ережелеріне…

Read More

Биыл мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы хабарлаған 5 адамға жалпы сомасы миллион теңге көлемінде сыйақы берілген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мәлімдеді. Департамент қазіргі уақытта өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытқан адамдарды көтермелеу тәжірибесі кеңінен тарағанын атап өтті. Айта кетейік, жемқорлық фактісі туралы шынайы ақпарат бергісі келетіндер 1424 нөміріне хабарласа алады. Нұргүл Қалимолда

Read More

Caspian Life, 17 қараша. Облыс орталығын жаңа жылға эстетикалық безендіруге бюджеттен 29 946 785 теңге бөлінгені белгілі болды.  Техникалық ерекшелікке сәйкес мердігер 10-20 желтоқсан аралығында екі жерде – «Ынтымақ» алаңы мен 15-шағын ауданда шырша орнатып, оны безендіруі тиіс. «Қазақтелеком» ғимаратынан «Халық банк» ғимаратына дейінгі аралықтағы ағаштар мен бұталарда, алаңда мерекелік жарықдиодты гирляндалар ілінеді, шағын сәулеттік нысандары бар фотоаймақ ұйымдастырылады. Электр элементтерін қосу «АЭжБУ» МКК-мен келісілуі қажет. «Өткен жылдардан жасанды 15 метрлік екі шырша қалды, ал жыл сайын жаңа гирлянда сатып алу қажет, өйткені ауа-райына байланысты олар тез жарамсыз болып қалады», — деді Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының м.а. Бақтияр Мақсатов.…

Read More

Caspian Life, 17 қараша. Қазақстанның бес облысында бір сәтте дүниеге келген үш ұл мен екі қыз елге танымал балалар атанды. Соның ішінде атыраулық сәбиге қандай есім қойылды және олардың ата-анасы кім екені белгілі болды.  Атырау облысында туылған 20 миллионыншы қазақстандық – Берік Жұмағазиев пен Айдана Оразымбетованың отбасындағы тұңғышы. Бала салмағы – 3 келі 660 грамм, бойы – 54 см. Әкесінің айтуынша, әйелі екеуі Мұхаммедтің дүниеге келуін төрт жыл күткен. «Бүгін таңертең әлеуметтік желілерден еліміздің 20 миллионыншы азаматы дүниеге келді деген хабарды оқыдым. Солардың ішінде менің балам бар екен деп ойладым. Осы кезде әйелім телефон соғып, қуанышты хабарды айтты. Баламызды төрт…

Read More

Атырау қаласында жоғалған бойжеткенді құтқарушылар 17 қараша күні сағат 10:20-да аман-есен тапты. Бұл туралы департаменттің қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Айта кетейік, 2003 жылы туған азаматша 14 қарашада сағат 21:50де үйінен белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін оралмаған болатын. Ал, 16 қарашада жоғалған бойжеткеннің туыстары облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарынан іздестіру жұмыстарын жүргізуді сұрап, өтініш берді. Өтініш түскен бойда, құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кірісті. ТЖД қызметкерлері екі күн бойы жоғалған бойжеткенді Жайық өзені жағалауынан, далалық жерлерден кинологиялық қызметтің көмегімен іздестірді. Оған департаменттен бес қызметкер, бір кинологиялық есеп, бір техника жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижелі аяқталып, бүгін, 17 қараша күні сағат 10:20-да ТЖД…

Read More