Caspian Life, 22 қараша. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин енді жоғары оқу орнына түскен жастар әскерден автоматты түрде босатылатынын айтты. Бұған дейін жылда 106 мың студент оқу орнынан немесе емханадан анықтама алып, әскери комиссариатқа тапсыруға екі апта жұмсайтын. «Енді студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрліктің базасын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ автоматты түрде әскерден босатылады», — деді Мусин үкіметтің бүгінгі отырысында. Бұдан бөлек, нотариустар жазып беретін сенімхаттардың 5 пайызы цифрлық форматқа ауыстырылды. Автокөлікті тіркеудің 55 проценті онлайн форматта жасалады. Ал «Электронды үкімет» порталы әр азаматты туған күнімен құттықтап, құжаттардың мерзімі аяқталып қалғаны туралы алдын-ала хабарлауды бастаған.
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspian Life, 22 қараша. Ақтау қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты І кезеңдегі сабақтар онлайн өтеді. Бұл туралы қалалық білім бөлімі мәлімдеді. — Ақтау қаласындағы 28 мемлекеттік мектепте ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымдағы сабақтар онлайн өтеді. Ал тасымал қызметі бар 23 жеке мектепте сабақ болады, — деді Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Тоты Күлметенова. Ал бүгінгі ІІ ауысымдағы сабақтың қай форматта өтетіні қосымша хабарланады. Екінші ауысымдағы сабаққа қатысты ақпарат кейін белгілі болады.
Желтоқсан айында қазақстандықтар 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады, Caspian Life. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңда 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып белгіленген. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсан күндері, алты күн жұмыс істейтіндер – 16 және 17 желтоқсан күндері демалады. Айта кетейік, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ретінде мерекелер тізбегінде қалды. Бірақ бұл күні демалыс берілмейді. Бұған дейін Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс болатынын түсіндірген еді. 2023 жылдың соңғы…
22-қарашада Атырау облысында күн райы бұзылады. Аймақтың батысында, солтүстігінде нөсер жауып, қар түседі, арты көктайғаққа ұласады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге дейін жетпек, — деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Сондықтан құтқарушылар жолға шыққанда, көшеде жүргенде абай болу керектігін ескертеді. Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні облыс аумағында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жеткен жел соғып, ғимараттардың шатырын, ағаштарды қаңбақша ұшырып, айналаға қауіп төндірген еді. Дегенмен құтқарушылар жұлынып түскелі тұрған конструкцияларды бекітіп, бүлінгендерін алып тастап, жедел әрекет етті. Абырой болғанда зақым алғандар жоқ. Қазір де мамандар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, кез-келген жағдайға…
Атырау облысы ПД Киберпол арнайы тобы іс-шара аясында әлеуметтік желілерде күдікке ілінген алаяқтық парақшаларын анықтап, назарға ұсынады. Анықталған интернет-алаяқтық парақшаларының басым бөлігі Instagram әлеуметтік желісі арқылы ұялы телефон және үй жиһаздарын арзан бағада жарнамалайды. Арзан бағадағы тауарға қызыққан қарапайым халық әлеуметтік желі арқылы бөліп төлеу немесе банк картасына аударым жасау арқылы төлем жасап, тапсырыс береді. Кейіннен парақша иесі тапсырыс берушіні әлеуметтік желіден бұғаттап, тапсырыс беруші мен сатушы арасында байланыс үзіледі. Осылайша, арзан бағаға алданғандар әлеуметтік желі арқылы тапсырыс беріп, интернет-алаяқтықтың құрбаны болады. Әлеуметтік желідегі алаяқтық парақшалар тізімі: “euro_iphone.kz”; “Apple trade”; “Applezone.kz”; “okko_mebel”; “xantore_mebel”; “yellow. apple. kz”; “mir_tehniki”; “onlyapplekz”; “applegoods.kz”; “apple_sale.kz”.…
Caspian Life, 21 қараша. Батыс Қазақстан облысынан келген екі отбасы Атыраудан үйлі болды. Оларға баспана ҚР Оқу-ағарту министрлігінің арнайы жобасы бойынша берілді. Оралдық Ержан Егімбай қазір Әбіш Кекілбаев атындағы №41 мектеп-гимназиясында математика пәнінен сабақ береді. 11 жыл еңбек өтілі бар мұғалім байқауға қатысып, іріктеуден өткеннен кейін Атырау қаласына жолдама алған. Осылайша, қала орталығынан үш бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды. 19 жыл еңбек өтілі бар Гүлжан Борамбаева да байқаудан өткен ұстаздардың бірі. Ол да әріптесі Ержан Егімбаймен көрші тұрмақ. Гүлжан БОРАМБАЕВА, №31 мектеп-гимназиясының мұғалімі Осындай бағдарламаның шыққанын былтыр естідім. Содан кейін биыл тамыз айында конкурсқа қатыстым. Өте қуаныштымын. Бұл – ұстаздарды…
Caspian Life, 21 қараша. Қашаған жобасының операторы — НКОК компаниясы Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 200 миллион АҚШ долларын бөлмек ниет білдірді. Бірақ күкіртті ашық аспан астында шамадан тыс сақтағаны үшін жергілікті экологтар салған 5 миллиард АҚШ долларын төлеуден бас тартпақ. Бұл туралы Блумберг ақпараттық ресурсына сілтеме жасаған Энерджи монитор телеграм каналы хабарлады. Бұған дейін НКОК компаниясы Қазақстан Үкіметінің талабына келіспеген еді. Қазір іс еліміздің апелляциялық сотында қаралуда. НКОК және оның халықаралық серіктестері — Eni SpA, Shell Plc, Exxon Mobil Corp. және TotalEnergies SE тарапынан әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 200 миллион АҚШ долларын бөлу туралы ұсыныс жасалған. «Мұндай…
Caspian Life, 21 қараша. Ақтауда кәріз құдықтарының шойын қақпағын ұрлауды «кәсіп» қылған бес адам ұсталды. Ұрылардың ең үлкенінің жасы 40-қа жақындаса, ең кішісі 20-да. Бұдан бөлек олар Ақтау қаласының аумағында орналасқан кәріз станцияларының бірінен бағалы металды да қолды қылған. Шығын көлемі 105 млн теңгеден асады. Қолының сұғанағы бар жігіттер қазір тергеу абақтысында отыр.
Атырауда 9 адамның гонконг тұмауын жұқтырғаны анықталды. Мұны облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлімдеді. Олардың сөзінше, симптомы жағынан кәдімгі тұмаудан еш айырмасы жоқ. Сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны салдыру арқылы қорғануға болады. Гонконг тұмауы алғаш рет 1968-1969 жылдары Гонконгте анықталған. Кейін штамм Қазақстанға да жетіпті. Айкөркем НҰРҒАЛИЕВА, Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айта кетсек, тұмау ауруының алдын алудағы тиімді жолы профилактика болып саналады. Тұмау аурушаңдығы соның ішінде гонконг тұмауының симптомдары кәдімгі тұмаумен бірдей. Құрғақ жөтел, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, аяқтың ауырсынуы, бұлшық етттің ауырсынуы осы белгілерді сезсеңіз бірден онда медициналық көмекке жүгінуіңіз қажет. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Роза…
Caspian Life, 21 қараша. Атырауда жасөспірімдер арасында суицид көбейген. Ал буллингке ұшыраған балалар туралы жиі айтылғанмен нақты дерек жоқ. Яғни полицияға «балам зәбір көріп жатыр» деп ешкім арыз түсірмейтін көрінеді. Бұл Amanat партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысында айтылды. Былтыр 4 жасөспірім өз еркімен өмірден кетсе, биыл 11 жеткіншек суицид жасаған. Айта кетерлігі – балалардың не себепті мұндай қадамға барғандығы көп жағдайда анықталмайды. Білім беру басқармасындағылар мәселені алға қарай психологиялық көмек көрсету орталығын ашу арқылы шешпек ниетте. Ал буллингке келсек полицейлер бұл қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болғанымен, ол үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік көзделмегенін айтады.…
