Автор: Сайт әкімшілігі

Атырау қалалық әкімдігінің қызметкеріне пара алғаны үшін 3 млн теңге айыппұл салынды. Ол енді мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды, деп хабарлайды  Caspian Life порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс тергелген. «Мемлекеттік қызметші арнайы техниканы жедел тіркегені үшін жүйелі негізде 87 мың теңге көлемінде пара алған. Атырау қалалық №2 сотының үкімімен оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұл мөлшері – пара сомасынан 35 есеге көп», — деп…

Read More

Биыл өңірде игерілмей жатқан 222 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Мұны Атырау облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали брифинг барысында айтты. Пайдаланылмай отырған учаскелердің басым бөлігі жайылымдық жер. Және көбісі Жылыой ауданының аумағында. Былтыр өңірдегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 3 млн 220 мың гектар болса, биыл 3 млн 209 мың гектар болыпты. Азаюдың басты себебі — қайтарылған жер көлемінің артуы. Қазір облыстың жер көлемі 11 млн 863 мың гектар, оның ¼-і ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер. Сондай-ақ, биыл облыс бойынша жеке тұрғын үй салу үшін 1452 жер учаскесін беру жоспарланған. Әзірге 966-сы берілген. Мамандардың сөзінше, жер кезегіндегі азаматтардың…

Read More

Лотерея терминалдарының көбейіп кетуі өскелең ұрпақты ойынқұмарлыққа еліктірумен қатар, түрлі қылмыстың көзіне де айналып отыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев айтты. «Қазіргі елімізде лудомания, яғни ойынқұмарлықтың өршіп бара жатқаны жасырын емес. Ол – қоғамның үлкен дертіне айналды. Дегенмен, азаматтарымыздың ойынқұмарлыққа салынуына лотерея ойындарының да тежеусіз көп таралуы алғышарт қалыптастырып отыр. Мәселен, елімізде «LOTOMatic», «LOTOclub» сияқты атаулармен жұмыс істейтін «Сәтті жұлдыз» компаниясынан лицензия алған екі компания бар. Ашық ақпарат көздерінен белгілі болғандай, екі компанияның да құрылтайшылары бір. Біреуі ақылы арнайы лоторея сататын лотоклубтардың жұмысын үйлестірсе, енді бірі елімізге жасыл-сары түсті аппараттарды енгізумен айналысады. Лотоклубтың мәселесін заңмен қатаң шектейтініміз…

Read More

«Отбасы банкіне» оған азаматтарды есепке қою мен тұрғын үй бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функциялары беріледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты. «Қазір қолданыстағы заңнама бойынша жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйге есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу әрі беру бойынша функцияларды жүзеге асырады. Заң жобасы аясында бұл функцияларды Отбасы банкіне беру ұсынылған. Бұл ретте азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады. Оны тұрғын үй салу және сатып алу…

Read More

ALMA TV телекоммуникациялық компаниясының Атырау қаласындағы филиалы Қазақстан бойынша үздік деп танылды. «Алма ТелеҚазахстан» АҚ-ның басқарма төрағасы  Дмитрий Басиннің айтуынша, бөлімше қызметкерлері өте жақсы жұмыс жасап, 13 филиал арасынан оқ бойы озық шыққан. Атыраудағы мамандар былтыр коммерциялық көрсеткіш жағынан екінші орын алса, 2021-нші жылы үшінші орынға тұрақтаған екен. Биыл да тың идеяларды жүзеге асырып, көрсетілетін қызмет ауқымын кеңейтіп, көзге түскен. Дмитрий БАСИН, «Алма ТелеҚазахстан» АҚ басқарма төрағасы   — Филиалдар тұтынушы саны, кіріс-шығыс көрсеткіші, бөлімшенің даму қарқыны және қызмет ауқымын кеңейту секілді критерийлер бойынша бағаланды. Атырау қаласындағы филиал ұжымы алғаш болып видеобақылау камерасын орнату қызметін ұсынды. Мұндағы мамандар жақсы жұмыс…

Read More

Биыл қаңтар-қазан айлары бойынша Атырау облысының өнеркәсіп орындарымен 9 млрд 135 млн 800 мың теңге сомасына тауар өндіріліп, қызмет көрсетілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. — Өнеркәсіп өндірісінің индексі 114,1% құрады. Жалпы республикалық көлемде Атырау облысының үлесі – 24%. Өңірімізде өнеркәсіптің үлес салмағында едәуір орын алатын секциялар тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу.  Аталған сала үлесі 92,4%, — деді Н.Құмарғалиев. Сондай-ақ оның айтуынша, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 114,6% құраған. Бұл саланың басым бөлігін шикі мұнай және…

Read More

Caspian Life, 22 қараша. Атырау қалалық мәслихатында Amanat партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтіп, онда партияның сайлауалды бағдарламасының биыл қаншалықты орындалғандығы туралы айтылды. Қала әкімі Шәкір Кейкиннің сөзінше, осы жылы аманаттықтар қыруар шаруа бітіріпті. Жасалуы тиіс 34 іс-шараның тек үшеуі келесі жылға қалғалы тұр. Соның бірі — «Кедергісіз келешек»  жобасы аясында 145 әлеуметтік нысанның мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ыңғайлы болуын қамтамасыз ету еді. Бірақ бұл жұмыстың қазір 30 пайызға жуығы жасалған. Және қала аумағында салынып жатқан 27 тұрғын үй келесі жылы тапсырылмақ. Бұған құрылыс кезінде кеткен кемшілік себеп болып, тым жақсы қарқынмен басталған істің уақытылы аяқталуына кедергі болып тұр. Жиын барысында…

Read More

Атырауда ерекше қажеттілігі бар жандар ғимараттардың 90 пайызына емін-еркін кіріп шыға-алмайды. Өйткені бірінде пандус мүлде жоқ болса, өзгесінде талапқа мүлде сай емес. Мұндай мәліметті «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының өкілдері жариялады. «Қоғам кембағал жандардың жағдайын жасап, олардың өзін қоғамның тең дәрежелі мүшесі екенін сезіну үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет» деген олар шағын және орта бизнес иелерімен кездесіп, проблемаға бей-жай қарамай, шешуді сұрады. Теңізшевройл компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Кедергісіз Атырау» жобасы аясында қор мүшелері жыл басынан бері 1000-нан астам нысанның мүгедектер үшін қаншалықты ыңғайлы екендігін тексерген. Өкінішке қарай жағдай қуанарлықтай емес.

Read More

Caspian Life, 22 қараша. Биыл қазан айынан бастап «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы» (ЭЧ-4) мекемесіне қарасты Атырау қаласының кейбір ықшамаудандары мен Исатай ауданының Томан ауылында электр желісін жүргізу құрылысы қайта іске асырылуда. Бұл турлы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Электр желісімен жабдықтау жұмыстары «Сұңқар Құрылыс LTD» ЖШС және «Айком Ltd» ЖШС-нің мердігерлігімен өткен жылдың мамыр-шілде айларында басталған. «Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы Динара Қуанышеваның айтуынша, техникалық шарттарға өзгеріс енгізіліп, жобаға түзету жұмыстары жүргізілуіне байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған. — Былтырға жоспарланған жобалау-сметалық құжаттамаға түзетулер мен өзгерістер енгізіліп,…

Read More

23-қараша күні күні атыраулықтар түс әлетіне таман, яғни сағат 11.55  шамасында сирена дыбысын естиді. Бұдан үрейленудің қажеті жоқ дейді төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері. Бар болғаны  — мамандар төтенше жағдай кезінде қажет болатын дабыл жүйелерін тексерістен өткізбек. «Төтенше жағдайдың болу қаупі туындаса немесе бола қалған жағдайда халық назарын аудару үшін электр сиреналары немесе басқа да сигнал құралдары іске қосылады. Бұл «Назар аударыңыз!» дегенді білдіреді. Мұндай кезде жергілікті радионы болмаса телеарнаны қосу керек», — дейді құтқарушылар. 23-24 қараша күндері Атырау облысында «Қыс-2023» республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Соның аясында дабыл жүйесіне тексеру де  жоспарланған, — деп мәлімдеді департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Read More