Автор: Сайт әкімшілігі

Атырау облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 5800-ге жуық хабарлама түскен. Биыл жеңіл дене жарақатын салуға қатысты 331 іс қозғалса, былтыр бұл көрсеткіш 300-ге жетпеген. Ал ұрып соғу фактісі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейген. Осы жылы заң талаптары сәл де болса қатаңдатылғанмен, ақылын ашуына жеңдірген ерлердің саны азамай тұр. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олардың көбеюіне биыл заңға енген өзгеріс себеп. Бұл туралы «Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу: құндылықтар жүйесі мен мінез құлық үлгілерін трансформациялау» тақырыбында өткен  дөңгелек үстелде айтылды. Осы жылдың маусымынан бастап  отбасыдағы кикілжіңге байланысты шақыртылған полицейлер әйелін немесе баласын ұрған азаматтарды арыз шағымсыз-ақ жазалауға құқылы.…

Read More

Caspian Life, 21 қараша. Атыраудағы базарлардың бірінде киік еті емін-еркін сатылып жатыр. Тіпті ватсап желісінде «киік еті» деген атаумен чат ашылып, мыңдаған адам ақбөкеннің етін алуға қызығушылық танытып, кезекке тұруда. Ақбөкен етінің базарға қайдан келетіні белгісіз. Өйткені қалалық ветеринарлық станса оның облыс бойынша еш жерде сатылмайтынын айтып отыр. Ал, соңғы күндері әлеуметтік желіде киіктердің Атырауға тасымалданып жатырғаны жөнінде видео тарады. Саудагерлердің айтуынша, «тауарлар» Батыс Қазақстан облысының даласынан әкелініп жатыр. Бір келісі 1500-1700 теңге аралығында. Етті жеткізу арқылы да тапсырыс беруге болады, деп жазады.

Read More

Атырауда қатты желдің салдарынан бірнеше тұрғын үй мен ғимараттың шатыры ұшты. Көшедегі теректер, кейбір тұрғын үйлердің кіреберісіндегі қүнқағары құлады, деп хабарлайды Caspian Life. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, жергілікті уақытпен сағат 17:00-ге дейін желдің екпіні күшейіп, секундына 23-28 метрге жеткен. «Қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатыры бүлінді. Атырау қаласындағы Махамбет, М.Әузов, Н.Оңдасынов, Қ.Ахмедияров, А.Байжігітова көшелеріндегі 118 «г», 109, 58, 19, 61, Азаттық даңғылының 133 «б», 67 және «Нұрсая» шағын ауданындағы 1 мекенжайындағы тұрғын үйлер мен өзге нысандардың шатыры ұшты. Кейбір үйлердің балконы мен кіреберістегі күнқағары, көшедегі теректер құлады. Бұл тұрғындардың өміріне тікелей…

Read More

Қазіргі таңда елімізде көлікке газ баллонын орнатуға тыйым жоқ. Дегенмен кез келген көлік жөндеу орнында жасалатын бұл қызмет қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан Энергетика министрлігі мәселені шешу үшін газ баллонды жабдықтаумен айналысатын компанияларға лицензия алуды міндеттеу шарасын ойластырып жатыр, деп жазады Egemen.kz. Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов көлікті газға ауыстыруға шектеу қою не қадағалау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. «100 пайыз шектеу болмайды. Бірақ газ жабдықтарының қайдан келгені, сапасы, қай жерде орнатылғаны тексеріледі. Қазіргі уақытта газ баллонын орнататын компаниялардың лицензиясы мүлдем жоқ. Мүмкін лицензиялық қызмет жасайтын шығармыз. Соны ойластырып жатырмыз», деді вице-министр. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.…

Read More

Caspian Life, 20 қараша. Маңғыстаулық белсенді Азамат Сәрсенбаев Исатай ауданы Жанбай ауылынан теңіздің қаншалықты тартылып бара жатқандығын көрсетті. Жанбайдың балықшылар ауылы екені белгілі. Тұрғындарының басым бөлігі Каспий теңізінде балық аулаумен айналысады. «90-шы жылдардың аяғында теңіз суы басып қалады деген қауіппен ауылды көшірмек болды. Бірақ соңғы 20 жылда теңіздің ауылдан қашықтап кеткені сонша, тіпті жағасы да көрінбейді…» дейді блогер.

Read More

Қазақстанның алты облысының тұрғындары үшін теміржолмен жүру арзандады. Әсіресе Жетісу облысында айтарлықтай арзандады. Бұл туралы Energyprom.kz порталы хабарлайды. Energyprom.kz мәліметінше, 2023 жылдың қазан айында Қазақстанның алты облысында пойыз билеттерінің бағасы 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда арзандады. Пойызбен саяхаттау Жетісу өңірінің тұрғындары үшін ең қолжетімді болды (-10,4%). Билеттер арзандаған аймақтар тізімінде мыналар да бар: Шығыс Қазақстан облысы (-6,7%); Атырау облысы (-5,7%); Шымкент (-5,1%); Алматы облысы (-2,4%); Қызылорда облысы (-1%). Бұл ретте ел бойынша теміржол жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 7,9%-ға өсті. Бірнеше өңірде пойыз билеттері айтарлықтай қымбаттады, соның ішінде Маңғыстау облысында (+35,5%), Алматыда (+22%) және Солтүстік Қазақстан облысында (+20,2%). 2023 жылдың…

Read More

Маңғыстау облыстық полиция бөлімшесіне 250-ге жуық арыз түсіп, арбау жолымен елдің ақшасын жинап алған әйелге шағымданушылар қатары артып отыр. Ол Қытайдан төмен бағамен ыдыс-аяқтар жеткізіп беруге уәде берген. Бұл туралы  mangystaumedia.kz хабарлайды. Нұргүл есімді келіншек Whatsapp желісінде топ ашып Қытайдан төмен бағадан ыдыс-аяқ жеткізетіні туралы хабарлаған. Тауарды жеңілдікпен алу механизміне мүмкіндігінше тапсырыс берушілерді көптеп тартқан. Соның ішінде алаяққа алданған бір ғана адам үш мыңға жуық адамды шақырған. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгені құрап отыр. «Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің «аса ірі мөлшердегі алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір 39 жастағы әйел…

Read More

2024 жылы қай санаттағы жұмысшылардың жалақысын және қаншаға арттыру жоспарланған? Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді. Ресми сауалға берілген жауапта, еңбек заңнамасына сәйкес министрлік қызметшілерге еңбекақы төлеуді реттейді. Олардың еңбегіне ақы төлеу жүйесі мемлекеттік органдар мен қазыналық кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне бірдей. «Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық міндеттеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы азаматтық қызметкерлердің жекелеген санаттарының (педагогтерді, медициналық және әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды», — делінген жауапта.

Read More

Маңғыстауда биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Рай» әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығына 11 әйел және 32 бала көмекке жүгінген. Әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығының директоры Райхан Бекманованың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған үй 15 адамға арналған. Сонымен қатар орталыққа келген әрбір әйелге 8 бағытта көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, әлеуметтік қызмет, құқық, психологиялық, тәрбиелік,педагогикалық, мәдени-демалыс сауықтыру және еңбек терапиясы. — Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған әрбір әйел орталықты 6 айға дейін паналай алады. Бірақ оның мәселелерін шешу үшін өзінің келісімі мен құқығы бойынша паналау мерзімін анықтаймыз. Әйел 1 айға немесе бір күнге келуі мүмкін. Егер ол жыл ортасында келсе, онда ол желтоқсан…

Read More

Елімізде күріш қымбаттады. Бір жылда баға, шамамен 40 пайызға көтерілген. Бұл мәліметті зерттеу жүргізген Energyprom сарапшылары ұсынып отыр. Ал баға өскенімен, дақылды өндіру биыл 10 пайызға төмендепті. Соңғы үш жыл қатарынан күріш өндірісі тек жоғарылаған. Ал, биылғы өсім 177 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға азайыпты. Соның салдарынан дәнді дақылдың құны да шарықтаған. Қымбатшылық ең алдымен Ақтау қаласында байқалып отыр. Онда тазартылған күріштің бір келісі 904 теңгеден сатылып жатыр. Орал мен Астанадағы көрсеткіш те көңіл көншітпейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына кіретін өнім құны екі қалада 829 және 801 теңге аралығында. Елімізде күріштің 90 пайызы Қызылорда қаласында өсетіндіктенғ әзірге…

Read More