Атырауда жасөспірімдер арасында суицид көбейген. Ал буллингке ұшыраған балалар туралы жиі айтылғанмен нақты дерек жоқ. Яғни полицияға «балам зәбір көріп жатыр» деп ешкім арыз түсірмейтін көрінеді. Бұл Amanat партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысында айтылды. Былтыр 4 жасөспірім өз еркімен өмірден кетсе, биыл 11 жеткіншек суицид жасаған. Айта кетерлігі – балалардың не себепті мұндай қадамға барғандығы көп жағдайда анықталмайды. Білім беру басқармасындағылар мәселені алға қарай психологиялық көмек көрсету орталығын ашу арқылы шешпек ниетте. Ал буллингке келсек полицейлер бұл қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болғанымен, ол үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік көзделмегенін айтады. Тек болған факті бойынша…
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspian Life, 17 қараша, «Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, бейсенбіде ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайлары Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Caspian Life, 17 қараша. Атырау облысында жыл басынан бері 24 мал ұрлығы тіркелген. Алайда, осы кезге дейін ұрлықтың жартысы ғана ашылған. Бұл туралы облыстық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Абай Жұмабаев мәлімдеді. Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Абай Жұмабаевтың мәліметінше, мал ұрлығына байланысты 9 күдікті қамауға алынған. Қылмыстық істер сотқа жолданған. «Мал ұрлығы әсіресе ауыл тұрғындарын мазалап отыр. Сол себептен, «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасақталды. Аталған жоспарығ сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен бірге мал ұрлығының алдын алу, ашуға бағытталған бірқатар іс-шара қабылданды. Ветеринария өкілдерімен арада қол қойылған…
CaspianLife, 16 қараша — Қазақстанда білім беру ұйымдарындағы санитарияның жаңа ұлттық стандарты бекітілді, деп хабарлайды CaspianLife. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, барлық мектеп дәретханаларында сабын, кептіргіш және дәретхана қағазы болуы керек. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арнайы инклюзивті құрал-жабдықтар орнатылады. «Оқушылар үшін қауіпсіздік деңгейін арттыру» үшін мектептің әр қабатында қызметкерлерге арналған жеке дәретханалар, сондай-ақ ұлдар мен қыздарға арналған дәретханалар болуы міндеттеледі. Жаңа ережелер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек. Естеріңізге сала кетейік, биыл қыркүйек айында Ақтау қаласындағы №3 орта мектептің жоғары сынып оқушысы әлеуметтік желіде комиссия келуіне орай мектеп дәретханасында сабын мен дәретхана қағазының пайда болғанын айтып таң қалған видеоны жариялаған…
CaspianLife, 16 қараша — Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті «ӨзенМұнайГаз» АҚ басшылығына қатысты тергеуді аяқтап, істі сотқа жеткізді. Компания басшыларына қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, 1 млрд теңге шығын келтірді деген айып тағылды. Тергеу мәліметіне сенсек, «ӨМГ» АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев өзінің лауазымын пайдаланып, таныстарын жұмысқа алып, оларға еңбектенбесе де жалақы төлеген. Және Мәмбетсапаевтың бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаев пен тағы екі адам да шаталды. «ӨМГ» АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары Е.Қарамырзаевқа ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы, сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды. Келтірілген…
CaspianLife, 16 қараша — «Балауса» ықшам ауданындағы 20-көшеге Алаш қозғалысының мүшесі Ыбыраш Әлжановтың есімі берілді. 1930 жылдары қуғынға ұшыраған Ыбыраш Әлжанов туралы ақпаратты ұрпақтары 2014 жылдан бастап іздеп, тың мәліметтерге қол жеткізіпті. Түрлі мекемеге хат жазып, мұрағаттағы іс-қағаздарды қарауға тура келген. Мемлекет басшысы 2020 жылы тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырған еді. Мұндай жұмыс тобы Атырауда да іске кіріскен. Нәтижесінде Ыбыраш Әлжанов сынды қуғын-сүргіннің құрбаны болған бірнеше азамат туралы ақпарат табылыпты. «Есбол болысында, Қызылқоғада, Жылыойда, Груьев уезінде әртүрлі лауазымды жұмыстарда қызмет еткен адам. Ол кісі бір жағынан Алаш орданың батыс…
CaspianLife, 16 қараша — 14 қараша күні таңғы сағат 08:10-да бес бала дүниеге келіп, Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында бақытты аналардың есімдері белгілі болды, — деп хабарлайды CaspianLife. Сәбилердің ата-анасына ерекше сертификаттар табысталды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 20 миллионыншы азаматтың туған күні туылғандар мен қайтыс болғандар саны, Қазақстанға келгендер мен елден кеткендер сияқты қолда бар барлық демографиялық мәліметтерді ескере отырып анықталды. Сәбилер Ұлытау мен Жетісу өңірлерінде, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген. Олардың арасында үш ұл, екі қыз бала бар. Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев ата-аналардың есімдерін жариялады. «Аналардың рұқсатымен есімдерін айта аламын.…
CaspianLife, 16 қараша — Ұлттық банк теңгенің 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды саудаға шығарды. 16 қарашада TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталарының сатылымы ашылады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. «Коллекциялық монеталар екі түрде жасалған:тантал кірістірілген сынамасы 925/1000 күмістен; алтын жалатылған 925/1000 сынамасы бар күмістен», — делінген хабарламада. Монеталарды Ұлттық банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады.
CaspianLife, 16 қараша — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады, деп хабарлайды CaspianLife. «Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», — деп жазды Президент Twitter-де.
CaspianLife, 15 қараша — Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топтардың ұяшықтары бейтараптандырды. Топтың 12 мүшесі терроризмді насихаттау, сондай-ақ экстремистік топты құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу бойынша бір мезгілде ұсталған. Тергеу болжамы бойынша, олар Қазақстандағы зайырлы құрылымды құлатуды көздеген. Ол үшін экстремистік идеологияны таратқан және қатарларына жаңа жақтастарды тартқан. Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларын тінту кезінде тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да дәлелді заттар табылды. Топтың бірқатар мүшелері полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, қарақшылық, тонау және зорлау секілді ауыр қылмыстар жасағандары үшін бұрын сотты болғандар. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне…
