Ақтауда түнгі клубтардың бірінде төбелескен полицияның екі қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды. «Әлеуметтік желіде екі қызметкер Ақтау қаласының түнгі клубтарының бірінде төбелес бастағаны және жанжал кезінде пышақ пайдаланғаны туралы ақпарат тарады. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды», – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Айта кетейік, төбелесте пышақ қолданылғаны туралы ақпарат расталмаған.
Автор: Сайт әкімшілігі
Облыс орталығындағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экономика және құқық» факультетінің деканына жалақы заңсыз төленіп келген. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Facebook парақшасында жазылған. «Әділдік жолы» РҚБ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің деканына жалақыны заңсыз аудару фактісін анықтады. «2017 жылдан бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін декан жұмыс күндері Оңтүстік Корея, Түркия және тағы басқа шетелдерге бірнеше рет сапарға шыққан. Алайда табельде жұмыс күндері көрсетіліп, 1 млн теңгеге жуық төлем жасалған. Осы алты жылдың 80 жұмыс күнінде іс жүзінде жұмыс…
Атырау облыстық мәслихатынынң депутаттары әлеуметтік жағынан аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік апарып берді. Олардың сөзінше, мұндай қайырымдылық іс-шарасы халық қалаулылары арасында дәстүрге айналған. Олар халық қалаулысы атанған 8 айдың ішінде осы тектес төрт іс-шара өткіздік дейді. Көмек алғандардың бірі Зүлфия Саидова. Жалғызбасты келіншек пәтер жалдап, 3 баланы өсіріп отыр. Қайырымдылық іс-шарасына депутаттардан өзге еріктілер де белсене қатысты. Ал оларға қаржы жағынан демеушілік жасаған — Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев.
Үкімет Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы қаулыны бекітті. «2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін», делінген қаулы мәтінінде. Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қызылша, қызамық, паротитке қарсы екпенің қалған 19 мың дозасы(қажеттілік 39 мың) осы апта соңына дейін жеткізіледі деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Caspian Life тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта мамандар келген вакцина дозаларын қалалық және аудандық емханаларға бөліп, таратып жатыр. Жалпы облыста қызылшаны жұқтырғандар саны — 2 290. — Қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы бойынша соңғы екі жылда облыста бұл инфекция тіркелмеген. Алайда қазір ауру өршіп тұр. Осы ретте ұжымдық иммунитет қалыптастыру керек. Өйткені инфекция ауа тамшылары арқылы таралады. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы қызылшаға өте сезімтал болады және кез-келген жаста…
1963 жылы туған Мизам Казиевич 24 қарашада жоғалған. Сол күні сағат 17:30 шамасында Ақжар ауылы, Ақжайық көшесі №9 үйден балық аулауға шығып кеткен болатын. Бұл туралы оның жұбайы хабарлама таратып, іздеу салған еді. Өкінішке қарай, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бүгін сағат 10.25-те оның денесін Ақжар ауылы тұсындағы Жайық өзенінен шығарғандарын мәлім етті. Оқиғаның мән-жайы қосымша хабарланатын болады.
Шәкір Кейкин Нұрсая ықшамауданындағы Т.Жұмағалиев көшесіндегі аяқсыз қалған асфальт жұмыстары толығымен іске қосылса, Ғабдиев көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылығындағы кептелісті азайтатынын айтты. Бүгін Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Т.Жұмағалиев көшесінде аяқсыз қалған 100 метрдей жолға жөндеу жүргізетін мердігер «Қазахдорстрои» ЖШС мекемесі және жауапты бөлім басшысымен кездесті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. — Қала тұрғындарының әлеуметтік желі арқылы жолдың сапасына, салынуына байланысты жолдап жүрген ұсыныстары назарымыздан тыс қалған емес. Сол жоспарға еңгізген жолдардың бірі — Таумыш Жұмағалиев көшесіндегі 100 метрдей үзік жол. Екі жолдың қосылмауы тұрғындар тарапынан да наразылық тудырғаны үшін аппараттық жиында жауапты бөлім басшыларына тапсырма берген…
Қазақстанда орташа айлық жалақы 350 мың теңгеден асты. 2023 жылдың үшінші тоқсанында елдегі орташа айлық жалақы 350,5 мың теңгені құрады, бұл былтырғыдан атаулы мәнде 16,9% артық. Бұл ретте инфляцияны есепке алғанда нақты өсім 3,5%. Салыстыру үшін: былтыр осы кезеңде орташа айлық жалақы 299,8 мың теңге болған. Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында: 602,4 мың теңге – былтырғыдан атаулы мәнде 14,3% және нақты мәнде 2,8% артық. Одан кейін Маңғыстау (519,1 мың теңге, нақты мәнде 2,2% көбейген) және Ұлытау (471,3 мың теңге, 5,4% көбейген) облыстары. Ең төменгі орташа айлық жалақы Түркістан облысында: бар болғаны 248,9 мың теңге, бір жылда…
Қолайсыз ауа райы жолдардағы қозғалысты қиындатып, тәуекел қаупін арттыра түседі. Осы орайда, атыраулық полицейлер тұрғындарға ескерту жасады. «Тұман — жол-көлік оқиғасына себепші болатын ауа райының құбылыстарының бірі. Тұман кезінде басқа көліктерге дейінгі арақашықтықты анықтау қиынға соғады. Қарсы немесе қатарлас бағытта келе жатқан көліктердің жылдамдығы дұрыс байқалмайды. Сондықтан да туман кезінде ЖЖЕ басып озуға тыйым салады. Тұманда көліктің алысқа жарық түсіретін шамын қосуға болмайды. Бұл тұманға түскен жарықтан көзге шағылысуға әкелуі мүмкін. Жақынды көрсететін шаммен қатар фардың тұманға қарсы жарығын пайдалану керек. Артты тұманға қарсы шамды қосуды ұмытпаған абзал, ол габариттік шамнан жарығырақ жанады, осылайша сіз өзіңізді соқтығысудан сақтайсыз. Күзгі-қысқы кезінде…
Әлеуметтік желіде Жылыой аудандық білім бөлімі басшысының ұсталғандығы туралы ақпарат тарады. Бейресми деректерге сүйенсек, білім бөлімін 2019 жылдан бері басқаратын басшы пара алды деген күдікке ілініпті. Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті әзірге бұл ақпаратты не растаған, не теріске шығарған жоқ. Қолда бар ақпаратқа қарағанда күдікті қазір үйқамақта отыр.
