Атырау облысында мыңға жуық кәсіпорын болса, оның 109-ында ғана ұжымдық шарт жасалған. Бұл өте төмен көрсеткіш. Оның өзінде бұл мекемелер ұжымдағы өзекті мәселелерді негізге алуды жөн көрмек, дайын құжатты көшіре салыпты. Мәселен, құжатта аз қамтылған отбасындағы мектеп жасындағы балаға жазғы лагерьге тегін жолдама, көпбалалы жанұяға жылына бір рет бір жолғы төлемақы, жыл сайын медициналық көмекті қажет ететін отбасыға қаржылай көмек беру секілді маңызды мәселелер қамтылмайды. Бұны мамандар мониторинг барысында анықтаған. Ұжымдық шарттың болмауы немесе дұрыс жасалмауы жұмысшылардың құқығының шектелуіне алып келеді. Мамандардың айтуынша, өңірдегі еңбек қатынасының тұрақтылығы әкімнің жұмыс көрсеткішіне тікелей әсер етеді. Сондықтан, мәселеге бей-жай қарамаған жөн десті олар.…
Автор: Сайт әкімшілігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Caspian Life Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды. Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі. Қазақстанның қолдауы Газа секторында болған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.
«Қазгидромет» РМК биылғы қыс мезгіліне күн райы болжамын ұсынды. «Қазақстанда биыл қыс ерекше жылы болады. Мұндай қыс 20 жылдан аса уақыттан бері болмаған. Алайда, бұл мүлде аномалия емес. Консультативтік-маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, 2023-2024 жылдардағы қыс 2001-2002 жылдардағы қыстың сценарийіне сәйкес келеді. Яғни жауын-шашын нормаға жақын немесе одан да көп болады», – деп атап өтеді Қазгидрометтен. Мекеме мәліметінше, суық кезеңде республика аумағында Атлантикалық аймақтардан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі қозғалуы күтіледі. Алдағы қыста Қазақстан аумағында температуралық фон 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанған. Тек желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шегінде, ал елдің солтүстігі мен шығысында нормадан…
«Мектепте бомба бар» деген күдікті психиатриялық станционарға жатқызылды, деп хабарлайды Caspian Life порталы Atyrau Pressке сілтеме жасап. Атырау қаласында 1996 жылы туған азамат анасының ұялы телефоны арқылы 102 нөміріне мектептердің бірінде жарылғыш зат орнатылғандығы туралы жалған ақпарат берген. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламасынан кейін оқиға орнына Атырау облысының полиция департаментінің, Атырау облысы прокуратурасының, ҚР ҰҚК-нің Атырау облысы бойынша департаментінің және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барып, тексеру барысында ешқандай жарылғыш құралдың жоқтығын анықтаған. 27 жастағы азаматтың анасы заңды өкілі ретінде сот отырысында баласының ауыратынын, оқиға болған күні ауруханадан екпе алып, жай-күйі нашарлағанын айтқан. Сонымен қатар, оның қайда телефон…
Атырау облысында Қазақстанның Батыс аймағының электр желілерін нығайту мақсатында салынған жаңа электр желілері іске қосылды. Желінің өткізу қабілетін арттыру және Қазақстанның Батыс аймағындағы тұтынушыларды тұрақты энергия қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ «Батыс Қазақстан энергетикалық торабы – Атырау – Маңғыстау» бағыты бойынша жалпы ұзындығы 780 шақырымға жуық 220 кВ бес электр беру желісін салды, деп хабарлайды Caspian Life порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап. Жұмыс барысында 4,2 мыңнан астам электр бағаналары орнатылып, «Уральская», «Правобережная», «Индер», «Құлсары», «Теңіз» қосалқы станцияларын кеңейту қамтамасыз етілді, сондай-ақ «Қарабатан» жаңа таратушы қосалқы станциясы іске қосылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде электр желісінің қуаттылығы айтарлықтай ұлғайтылды: «Батыс Қазақстан энергетикалық…
Қазақстандық қоғам қайраткері және саясаттанушы Оразғали Селтеев екпеге қарсы адамдарды әкімшілік және қылмыстық жазала туралы ұсыныс білдірді. «Екпе егуге қарсылық танытқаны үшін салдардың ауырлығына қарай ата-аналарға қатысты әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізу керек. Осы тұста заңнамалық түзетулерді тез және ойланбастан біріктіру маңызды», — деп жазды Уразғали Селтеев Telegram-да. Оның айтуынша, «қазақ қоғамының белгілі бір бөлігінің түбегейлі надандығы мен «қараңғылығымен» күресудің басқа жолы жоқ».
Қазгидромет мәліметінше, 29 қарашада Атырауда қолайсыз ауа райы және ауаның ластануы күшейеді. Метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Бірақ жалпы алғанда, қалада ауаның ластану деңгейі төмендейді деп күтіледі. PM-2,5 — ауаны ластаушы болып табылады, оның құрамында бөлшектер мен ұсақ сұйық тамшылар бар. Үлкен бөлшектерден айырмашылығы, олар биологиялық кедергілерді жеңіп, денеге енеді, сондықтан адам денсаулығына қауіп төндіреді.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі оқылуы мен айтылуы «сөйлеу мәдениетіне жат» болғандықтан алып тасталынған мемлекеттік тіркеу белгілері қатарын көрсетті. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, кейбір әріп тіркестерін алып тастау туралы шешім тіл сараптамасы негізінде қабылданған. «Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту комитетінің 2018 жылғы тілдік сараптамасына сәйкес оқуы мен айтылуы сөйлеу мәдениетіне жат заңды және жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерінің мынадай сериялары диапазоннан алып тасталды», — делінген Tengrinews.kz редакцияның ресми сұрау салуына жауапта. Барлығы ұсынылған тізімде 106 әріп комбинациясы бар. Бұл комбинациялар, мыналар: AAM, BOK, CEX, FBP, HER, KAL, KOT, MAL, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER,…
Қазақстанда газ баллон жабдығы бар көлік иелерінен арнайы белгі орнату талап етілді. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттарды жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр. «Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығы бойынша, КазСтандарт әзірлеген, «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану ережелері» СТ 1412-2017 ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл стандарт міндетті болып табылады, өйткені ол Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерінде сілтеме ретінде көрсетілген», — деп хабарлады ҚазСтандарт баспасөз қызметі. Өзгеріс леп белгісі және «GAS» деген жазуы бар қара…
Жылжымалы бригада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне ата-анасының келісімімен қызылша, қызамық, паротитке қарсы екпе салынады. Мұндай ақпаратты өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты. Сондай-ақ вакцина медициналық мекемелердегі екпе кабинеттерінде де егіледі. Күні кеше өңірге жеткізілген 20 мың доза екпе қала мен аудандарға таратылған. Мамандардың айтуынша, сәбиге екпе салу үшін ол 6 айға толу керек. Биыл наурыз айынан бері облыста 1300-ден астам атыраулық қызылша жұқтырған. Оның 60 пайызға жуығы екпе алмаған. Ауру балалардың арасында өршіп тұр. Әсіресе, 5 жасқа толмаған кішкентайлардың иммунитеті инфекцияға төтеп бере алмай тұр. Қазір облыстағы инфекциялық ауруханада 76 науқас ем алып…
