Атыраудағы «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркінің» басшылығы жауапкершілікке тартылды. Атырау облыстық Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі прокурорлармен біріге отырып, тексеріс жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтаған. Атап айтсақ, ЖШС монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, бірдей келісімдерге әр түрлі баға немесе шарт қолданған. Сондай-ақ, басқа субъектілердің тауар нарығына кіруіне және шығуына кедергі келтіріп, экономикалық немесе технологиялық тұрғыданнегiзсіз шарт талаптарын күштеп міндеттепті. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне» 324 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енді.
Автор: Сайт әкімшілігі
Маңғыстау ауданының әкімдігі мен апат салдарынан өртке ұласқан Қаратұрын кен орнын игеруші компания 50 миллион теңгеге меморандумға қол қойды. Кәсіпорын Маңғыстау облысының тұрғындарын әлеуметтік қолдауға міндеттелді. Сондай-ақ бірқатар елді мекендегі, атап айтқанда Қызан, Ақшымырау, Шебір, Тұщықұдықтағы жобаларға қайтарымсыз қаражат бөлді. – Бізде қаржыландыруды қажет ететін әлеуметтік нысандар бар. Олардың барлығы да халыққа қажет. Барлық нысанда демеушілік қаражатты пайдаланудың ашықтығы қамтамасыз етіледі,- деп атап өтті Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Маралбек Сейілов.
18 қараша күні Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Hi-Tech” іс-шарасы кезінде Krisha.kz парақшасында «Пәтерді жалға беремін» деп жалған хабарлама беру арқылы тұрғындардан алдын-ала төлем ретінде ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған 1996 жылғы күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Caspian Life сайты. Күдікті 27 жастағы ер адам болса да әр түрлі үнге дауысын өзгертеді. Бірде жас қыз немесе әйел болып, адамдарды телефон арқылы оңай алдап отырған. Пәтерді жалға алу хабарламасы бойынша 37 жастағы қала тұрғыны Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы хат алмасып, күдіктіге алдын-ала 50 000 теңге ақша аударған. Салдарынан жәбірленуші сан соғып қалды. Тергеу кезінде күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске…
Caspian Life, 24 қараша. Атырауда тергеу кезінде күдіктіні соққыға жықты деген айып тағылған 5 полицейдің ісіне нүкте қойылды. Атырау қалалық №2 соты айыпталушыларға үкім кесті. Күдіктілердің үшеуі 4 жылға, екеуі 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Сотталғандар 22 мен 29 жас аралығында. Әрқайсысы жәбірленушіге 500 мың тг көлемінде моральдық өтемақы төлеуі тиіс. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарында 3 жыл жұмыс істей алмайды. Үкім заңды күшіне 15 күннен кейін енеді. Оған дейін айыпталушы тарап аппеляциялық шағым бермек. Олардың айтуынша, арыз берген азаматтың сот процесі кезінде 6 түрлі жауап бергені есепке алынбаған. Атыраулық 5 полицейге қатысты қылмыстық іс биыл жазда басталған еді. Олардың үстінен…
Маңғыстаудағы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт жыл аяғына дейін сөндіріледі. Мамандар осындай болжам айтып отыр. Қазір «Бозащы» кен орнындағы қып-қызыл жалынды өшіру жұмысының екінші кезеңі басталды. Бірінші кезеңде жер астына 40 000 текше метрден астам су жіберіліп, апатты ұңғымадан шығып жатқан газ қысымы төмендеген болатын. Енді мамандар ол жерге арайы сұйықтық құюға кірісті. Айтуларынша, мұндай қоспа өртті мүлдем өшіреді. Еске сала кетейік, Бозашы мұнай түбегіндегі өрт биыл маусым айында басталған болатын. Осында жұмыс жасап жатқан мердігер мекеме жұмысшыларының технологиялық ереже-талапты сақтамауы себепті әуелі газды-су қоспасы атқылап, арты өртке ұласқан еді.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында заңсыз сауда жасағандарға үш хаттама толтырылды, деп хабарлайды Caspian Life. Құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында облыс көлемінде қарашаның 20-30 күні аралығында «Құқықтық тәртіп»жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара құқық бұзушылықтың алдын-алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Осыған орай, Атырау қаласы бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы қызметі барысында 3 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің әр түрлі баптарымен әкімшілік материалдар толтырылған. Нақтылай кетсек, ҚР ӘҚБтК 204 бабы бойынша заңсыз сауда жасаған азаматшаларға, 434 бабының 2 бөлімі…
Құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында облыс көлемінде қарашаның 20-30 күні аралығында «Құқықтық тәртіп»жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара құқық бұзушылықтың алдын-алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Осыған орай, Атырау қаласы бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы қызметі барысында 3 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің әр түрлі баптарымен әкімшілік материалдар толтырылған. Нақтылай кетсек, ҚР ӘҚБтК 204 бабы бойынша заңсыз сауда жасаған азаматшаларға, 434 бабының 2 бөлімі бойынша қоғамдық орында қоқыс, темекі шылымын лақтырған азаматтарға, 440 бабы бойынша қоғамдық орында мас…
Атыраулық құтқарушылар командалық штабтық оқу-жаттығу өткізіп, қысқа дайындықты пысықтады. Жиынға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшылары қатысып, жедел әрекет ету жасағы мен құрал-сайман, техниканың қыста болуы мүмкін төтенше жағдайға дайындығын тексерді. Жаттығуға 110-ға жуық қызметкер қатысып, 27 техника жұмылдырылды. Жиын кезінде басшылар генератор, мотопомпа, спутникалық байланыс және өрт сөндіру құралдары мен дәрі-дәрмек қобдишасы секілді жабдықтарды тексерді. Құтқарушылардың сөзінше былтырмен салыстырғанда биыл оқыс оқиға 6 пайызға көбейген. Мысалы осы жылдың 9 айында жану, өртену секілді дерек саны 26 пайызға артыпты, ал құтқару жұмысы 20 пайызға кеміген. Және де биыл әртүрлі қиын жағдайда қалған 25 адам құтқарылыпты.
Күн райы бұзылысымен коммуналдық қызметкерлердің жұмысының да көбейе түсетіндігі белгілі. Синоптиктерден қолайсыз ауа райы туралы хабар ала салысымен жедел іске кірісетін олардың басты міндеті – көлік және жаяу жүргінші жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Көпір үстіне және өзге де жерлерге реагент, құм мен тұз сеуіп, қозғалыстың тоқтамауына мүмкіндік жасайды. Осындай қара жұмысқа жауапты – «Арнаулы автобаза» мекемесінің басшылығы қысқа әзірміз дейді. Қажет болған жағдайда жол тазалайтын 45 техника, 400 тонна тұз бен құм дайын тұрған көрінеді. Биыл ақпанда күні-түні жапалақтап жауып, тіршілікті тұралатып тастаған қар қала билігіне сабақ болған сыңайлы. Шаһар басшысы қысқа дайындықты ерте бастады. Қыркүйекте қала әкімі Шәкір Кейін…
Ер адам алаяқтық жолмен 15 млн теңге көлемінде несие алуға көмектескені үшін 2,6 млн теңгені алдап алған. Түпқараған аудандық соты Маңғыстау тұрғынын ҚК — нің 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілеусіз 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды. Алайда апелляция үкімді өзгертті. «Сотталған адамның жасаған қылмысының қауіптілігін ескеріп, осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын алты рет сотталғанын ескере отырып, ол осы санаттағы қылмысты қайтадан жасады, алдыңғы үкімдер бойынша бұрын тағайындалған жазалардан қорытынды жасамады. Сонымен қатар, жәбірленушіге келтірілген залал өтелмеген. Сондықтан сот алқасы 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын…
