Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 5 желтоқсан — 2023 жылғы 1 желтоқсандағы дерекке сүйенсек, Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс 1,8 трлн теңгені (3,9 млрд доллар) құраған, деп хабарлайды CaspianLife. Егер жыл соңында кіріс шамамен осы деңгейде сақталса, келесі жылы қазақстандық 18 жасқа дейінгі балалардың (6,5 миллион бала) шоттарына 300 АҚШ доллары түспек. Келесі жылдан бастап инвестициялық кірістің жартысы балаларға бөлінеді. Ақпарат @NRG_monitor телеграм арнасынан алынды.

Read More

CaspianLife, 5 желтоқсан — Қала аумағындағы көше жолдарында пайда болған ойық-шұңқырларды қалпына келтіру жұмыстары қала әкімдігінің жоспарына сай жүргізілуде. Бүгін Молдағұлова көшесіндегі ойық-шұңқырларды тегістеу жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, Берғалиев көшесі және Талғайран ауылының тұсындағы үлкен ойық-шұңқырларды бітеу жұмыстары жүргізілмек.

Read More

CaspianLife, 5 желтоқсан — Атырауда Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) қызметкерлері қауіпсіз мекеменің аумағына дрон арқылы есірткіні өткізу әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды CaspianLife. ҚАЖД №15 мекемесінің (орта қауіпсіздіктегі ерлер колониясының) қызметкерлері, сондай-ақ ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚБ) қызметкерлері есірткі заттарын колония аумағына дронмен өткізбек болған күдіктілерді ұстады. Күдікті азаматтар Н.Р. және И.Р. мінген «Мерседес-Бенц» автокөлігінен арнайы иісі бар лентаға оралған 8 пакет қою-жасыл түсті зат: «трамадол» препаратының 26 пластинасы және 6 пластина «тропикамид» психотроптық препараты, сондай-ақ пультпен басқарылатын бір дрон табылған. Аталған азаматтар ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Read More

Атырауда эпидахуалдың тұрақсыздығына байланысты қызылшаға қарсы екпа салу науқаны әлі де жалғасуда. Геолог емханасына 27 қараша күні 1000 доза вакцина жеткізілген. Қазіргі кезде олардың 300-ге жуығы салыныпты. Емхана меңгерушісінің сөзінше мұнда жыл басынан бері қызылша жұқтырған 400-ге жуық адам есепке алынған Оның 300-ге жуығы бала болса, қалғаны ересек. Ауруды жұқтырғандардың арасында жүкті келіншектер де бар.  «Қазір 90 пайыз екпе алмаған балалар аурып тұр. 6 айдан 10 күн-29 күн аралығындағы балаларға, 2 жастан 4 жас, 11 жастағы балаларға және 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне қосымша екпе алуды жүргізіп жатырмыз. Қазір вакцинаға қарсы көптеген жалған ақпараттар тарап жатыр ғой, соның әсерінен бе…

Read More

CaspianLife, 5 желтоқсан — Ақтау қаласында орналасқан құрылысы аяқталмаған «Атамекен» тұрғын үй кешеніндегі салымшылардың сеніп тапсырған ақшасын ысырап ету және жымқыру фактісі бойынша «Багис» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы CaspianLife Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Тергеу барысында «Багис» ЖШС директоры «2017 жылдың наурызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтаймыз» деген желеумен 119 үлескердің 400 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырғаны анықталды. ЖШС директорына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта қосымша сот-медициналық сараптамалар күтілуде. Оның қорытындысы бойынша күдіктінің әрекетіне түпкілікті құқықтық баға беріледі.

Read More

Қазақстан Респуликасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, 2023 жылдың желтоқсан айының 8 күні сағат 15:00-де Атырау қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Атырау қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады: Орта білім беру ұйымдарындағы балалардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәрбиеленуі мен қауіпсіздігі бойынша атқарылған жұмыстары туралы; Атырау қаласы Қоғамдық кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын құру туралы; Әртүрлі мәселелер. Атырау қаласының Қоғамдық кеңесі

Read More

CaspianLife, 4 желтоқсан — «Эйр Астана» әуе компаниясына 876 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Енді әуе билеттерінің құны арзандауы тиіс. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Агенттік қызметкерлері прокурорлармен бірігіп «Эйр астананы» тексерген кезде компанияның жанармай алымын негізсіз алғанын анықтапты. Яғни билетті дәл ұшатын күні немесе соған таяу уақытта сатып алған жолаушылардан 3500-ден 6500 теңге аралығында ақша алған. Тексерістен кейін «Эйр Астана» мен Агенттік арасында ішкі бағыттар бойынша бағаны тежеуге бағытталған, монополияға қарсы комплаенс жасалды. Соған сәйкес енді 2023 жылдың 6 желтоқсанынан бастап жанармай үшін алым алынып тасталады. Мысал ретінде айтсақ, Астана-Алматы бағытындағы билет 14 пайызға арзандап, енді…

Read More

CaspianLife, 4 желтоқсан — Синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 5-7 желтоқсан аралығында республика бойынша ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды CaspianLife. «Қазгидромет» РМК мәліетінше, 7 желтоқсанда республика бойынша ауа температурасы күрт төмендейді: түнде республиканың батысында, орталығында және шығысында -10-18°С дейін; республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде -25-33°С дейін; оңтүстігінде -5-13°С дейін. Сонымен қатар: 5 желтоқсанда – республиканың батыс және солтүстік бөліктері циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болады, онда қар аралас жаңбыр жауады; 6 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қалың қар жауады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі; 7 желтоқсанда антициклонның солтүстік-батыстан салқын басып кетуімен республиканың…

Read More

Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін саунаны анықтады, деп хабарлайды Caspian Life. Полицияның хабарлауынша, саунада еліміздің түрлі өңірлерінің – Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарының 8 тұрғынына «қызмет» көрсетілген. – Әкімшіге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында интимдік қызмет көрсеткен Тәжікстан Республикасының 26 жастағы транссексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интимдік қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болды. Қазақстанға қараша айында келген шетелдік азаматқа қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар көші-қон басқармасына тапсырылды, – делінген хабарламада. Анықталған адамдар жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді.

Read More