CaspianLife, 7 желтоқсан — Атырауда тәулігіне 15 мың бөлке нан мен тәтті өнімдерін дайындайтын наубайхана ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Шәкір Кейкин, Дамбы округінің әкімі Ұзақбай Байзуллин және ауыл тұрғындары қатысты. — Мемлекет басшысы ірі және орта кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Міне, соның бір дәлелі ретінде Бибігүл Әбілқанқызы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен және жеке капиталы арқылы заман талабына сай наубайхана ашып, қаламызда шағын кәсіпкерлікті дамытуға үлкен үлес қосып отыр. Сізге облыс әкімі Серік Жамбылұлының және өзімнің атымнан ризашылығымызды білдіреміз. «Асыл ана» наубайханасы І сұрыпты бөлке нанды нарықтағы бағадан 5% төменделіп қала халқына ұсынылатын болады. Бұдан бөлек, кәсіпкер жаңа…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 7 желтоқсан — Бүгін таңертең Ақтау тұрғындарынан жер сілкінісі туралы жаппай хабарлар түсе бастады. Сағат 09:17 шамасында тұрғындар жер асты дүмпулерін сезінгенін хабарлады. Ақпарат қаланың әртүрлі аудандарынан келген. Ақтау сауда ойын-сауық орталығындағы бутик қызметкерлерінің айтуынша, олар қауіпсіздік мақсатында біраз уақытқа ғимараттан эвакуацияланған. Earthquaketrack.ru сайтының хабарлауынша, магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі Әзірбайжанға жақын Каспий теңізінде болған. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер асты дүмпулері UTC 04:15-те (Мәскеу уақытымен 07:15) сезілген. Жер сілкінісінің ошағы 42 шақырым тереңдікте жатыр.
CaspianLife, 7 желтоқсан — Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге бопсаламақ болған қылмыстық топты ұстады. Қылмыстық топ жәбірленушілерден ақша алмақ болып кездесу ұйымдастырған. 32, 25 жастағы және 27 жастағы 2 күдікті 2 млн 600 мың теңгені алу кезінде ұсталды. Қылмыстық топ мүшелері деструктивті діни ағым өкілдері екені және кәсіпкерлерді наурыз айынан бері бопсалап келгені анықталды. Олар жәбірленушілердің әрқайсысынан 5 млн-ға жуық қаражат иемденбек болған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
CaspianLife, 6 желтоқсан — Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов босқын мәртебесін беру, ұзарту бойынша 2023 жылдың 1-желтоқсанына дейінгі мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды CaspianLife. Бүгінгі күні босқын мәртебесін алуға тапсырған пана іздеуші азаматтардың жағдайы тұрақты және қатаң бақылауда. Биылғы жылдың 1-желтоқсанына дейін 96 адам босқын мәртебесіне өтініш білдіріп, басқармаға хабарласқан. 11 адамға босқын мәртебесі беріліп, 55 адамның босқын мәртебесіне берген өтініштері қайтарылып, елдеріне қайтты, 4 адам ыхтиярхат алды. Сонымен қатар, 11 адам басқа өңірге көшіп кетсе, 9 адам елден ескертусіз шығып кеткен. Пана іздеген адам ретінде 6 адам тіркелді, олардың ішінде 1 ер адам,…
CaspianLife, 6 желтоқсан — Бүгін Облыстық ономастика комиссиясының 22 маусымдағы қорытындысы негізінде Атырау ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылыда көрнекті қаламгер Нұриден Мұфтаховтың атына көше берілді. Облыстық «Атырау» газетінің ғасырлық тойы аясында өткізілген салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында көше атауы берілгенін айтып өтті. — Бүгін қаламыздың көптеген ардақты азаматтары арнайы қатысуымен Жаңаталап ауылының тұрғындарымен бірге атақты фельетоншы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі болған, облыстық «Атырау», республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бұрынғы қызметкері Н.Мұфтахов ағамыздың есімін ұлықтау мақсатымен бүгін осы көше ашылып отыр. Бұл Жаңаталап ауылымыздың гүлденіп, көркейіп келе жатырғанының бір дәлелі. Жалпы…
CaspianLife, 6 желтоқсан — Оқиға бүгін Атырау әуежайында болған. Қону кезінде Qazaq Air әуекомпаниясының Q-400 Dash 8 ұшағы құспен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан ұшақ қанатының механизациясына зақым келген. Техникалық мәселелер шешілгенше ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды. Түзетулер енгізу үшін жолаушылар ресми ақпараттық ресурстарда берілген авиакомпанияның әуе кемелерінің ұшуы/қонуы туралы ақпаратты тексеруі қажет. Осыған дейін Азаматтық авиация комитеті әуежайлардағы орнитологиялық жағдайдың жақсарғаны туралы қуана баяндаған еді. Биыл аэродромдардың жауапкершіліндегі аймақта әуе кемелерінің соқтығысуының салыстырмалы деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге (58%) азайған. Ал әуе кемелерінің соқтығысуы салдарынан ұшақтардың зақымдалуы шамамен 2 есеге (89%) азайды.
CaspianLife, 6 желтоқсан — Полицейлер Атырауда киберволонтерлар дайындауға кірісті. Өйткені технология дамыған сайын соның көмегімен жасалатын қылмыс саны да артып барады. Ал интернет ресурстардағы ақпаратқа мониторинг жүргізіп, бақылап отыру – тәртіп сақшыларына және арнайы орын қызметкерлеріне оңайға соқпай тұр. Сондықтан киберқылмысқа қарсы күресте АЙТИ немесе ақпараттық технологиядан хабары бар белсенді тұрғындардың көмегі зор болмақ. Жуықта қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың бірі студенттер үшін «Киберволонтерларды дайындау» тақырыбында семинар өткізіп, оған Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан арнайы маман шақырды. Онда нашақорлық, оның қауіптілігі, салдары, тіпті жасырылған есірткінінің иісшіл иттің көмегімен қалай табуға болатындығы туралы айтылды. «Киберволонтер ең алдымен есірткіге қатысты жалпы құқық бұзушылық…
