CaspianLife, 6 желтоқсан — Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов босқын мәртебесін беру, ұзарту бойынша 2023 жылдың 1-желтоқсанына дейінгі мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды CaspianLife.
Бүгінгі күні босқын мәртебесін алуға тапсырған пана іздеуші азаматтардың жағдайы тұрақты және қатаң бақылауда.
Биылғы жылдың 1-желтоқсанына дейін 96 адам босқын мәртебесіне өтініш білдіріп, басқармаға хабарласқан. 11 адамға босқын мәртебесі беріліп, 55 адамның босқын мәртебесіне берген өтініштері қайтарылып, елдеріне қайтты, 4 адам ыхтиярхат алды.
Сонымен қатар, 11 адам басқа өңірге көшіп кетсе, 9 адам елден ескертусіз шығып кеткен.
Пана іздеген адам ретінде 6 адам тіркелді, олардың ішінде 1 ер адам, 3 әйел адам және кәмелетке толмаған 2 бала бар. Барлығы Украина Республикасының азаматтары.