Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 11 желтоқсан — Жыл басынан бері Атырау қаласында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы 3491 адамның ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны анықталды. Көше бойына қоқыс пен темекі тұқылын тастай салу — әкімшілік құқық бұзушылық, ол үшін жауапкершілік көзделген. Мәселен, 11 қараша күні Вокзал маңындағы көше бойында 39 жастағы ер адам кіші дәретке барып, кейін қалтасындағы қоқыс қалдықтарын лақтырғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оған ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін 8625 теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы ретте, атыраулық полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтап, қоршаған ортаны ластамауға шақырады.

Read More

CaspianLife, 11 желтоқсан — Атырауда ПД жанындағы патрульдік полиция қызметкерлері демалыс күндері ауа-райы күрт өзгеріп, тас жол бойында көлігі істен шығып қалған 3 жүкті келіншекті аман-есен перзентханаға жеткізген. Қазір сәбилердің жағдайы бірқалыпты, деп хабарлайды CaspianLife. Бөбектердің біреуі ұл, екеуі қыз. Атап өтсек, Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 597 шақырымында қызмет инспекторлары полиция капитаны Асланбек Бейсембаев, Нұрлыбек Бақытжанов және полиция аға лейтенанты Тұрар Қибашқа Honda автокөлігінің жүргізушісі келіп келіншегін шұғыл түрде облыстық перзентханаға жеткізуге көмек сұраған. Полиция қызметкерлері уақыт өткізбей жүкті әйелді облыстық перзентханаға аман-есен жеткізген. Айта кетейік, дәл осындай оқиға демалыс күндері Атырау-Орал тас жолы бойында болған. Патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторлары…

Read More

CaspianLife, 11 желтоқсан — Еліміздің энергетика министрлігі Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газының тапшылығы туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды CaspianLife. Айтуынша, өңірдегі жағдай тұрақты. Маңғыстау облысында энергетика министрлігі тарапынан желтоқсан айына қосымша 1500 тонна газ бөлінген: Атап айтсақ, «Қазгипз» ЖШС арқылы 1000 тонна және «АМӨЗ» ЖШС арқылы 500 тонна газ берілген. Бүгінде өңірде 433 автогаз құю станциясы тіркелген: Ақтауда – 93, Жаңаөзенде – 74, Мұнайганда – 113, Маңғыстауда – 52, Түпқарағанда – 44, Бейнеуде – 30, Қарақияда – 27. 9 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде 169 (39%) АГҚС жұмыс істейді. Олар: Ақтау-31 (33%), Жаңаөзен – 44 (59%), Мұнайган – 36 (32%),…

Read More

CaspianLife, 10 , желтоқсан — «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Мейірім Қалауидің айтуынша, 10 желтоқсан сағат 16.00-де Атырау қаласы мен Мақат ауданындағы тұтынушыларға су толық берілді. Сағат 19:00-де қысым қалпына келтірілген. Су тазарту қондырғыларын жөндеп, тазарту жұмыстары 9 желтоқсан күні кешке басталып, жағдай тұрақталғанға дейін үздіксіз жалғасты. Бүгін сағат 16:00-де «Атырау облысы Су Арнасы» кәсіпорнының жұмысшылары мен арнайы кәсіпорынның сүңгуірлері күрделі ауа-райы жағдайында үзіліссіз жұмыс істеп, барлық су тазарту қондырғысын мұздан толық тазартты. Қазір «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-нің су тарту құрылғылары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Судың құрамы тазарған сайын жүйедегі қысым артады. Мамандардың айтуынша, бұл…

Read More

CaspianLife, 10 желтоқсан — «Өзендегі мұздың тығыз массасының пайда болуымен байланысты мұндай жағдай 20 жылдан бері байқалмады», — «Атырау облысы Су Арнасы» ҚГП өкілі. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 10 желтоқсан күні сағат 15.00-де жұмыс істеп тұрған үш су тазарту қондырғысының екеуі лайдан тазартылып, іске қосылған. Қондырғылардағы су ағынының жылдамдығы қалдыпты. Сүңгуірлер үшінші су тазарту қондырғысын тазарту жұмыстарын жалғастыруда. Жайық өзенінде қабыршақ мұздың пайда болуына байланысты қалада су беру тоқтатылған еді. Себебі, қаладағы су тазарту қондырғыларында Жайық өзенінен су алуда қиындықтар туындаған. Сонымен қатар, соңғы бірнеше тәулікте шығыстан қатты жел соғып, Каспий теңізінің деңгейі айтарлықтай төмендеген. Осыдан кейін Атырау қаласы мен…

Read More

CaspianLife, 10 желтоқсан  — Атырауда су құбырлары қайта қалпына келтірілуде. Әзірге су қысымы әлсіз. Жайықта қабыршақ мұз пайда болып, өзеннің қозғалыс жылдамдығы төмендеген. Салдарынан 9 желтоқсан күні сағат 23:30-да «Атырау облысы Су Арнасы» КМК Атырау қаласының су тазарту қондырғысына су беруді тоқтатқан еді, деп хабарлайды CaspianLife. Бүгін таңғы сағат 4:30-да қала желілеріне төтенше жағдайларды болдырмау үшін төмен қысымда су берілді. «Атырау-Мақат» магистральды су құбыры бағытында, оның ішінде «Береке» ықшамауданында (тоғыз қабатты үйлер), Көктем, Жұлдыз-3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 ықшамаудандарына техникалық себептерге байланысты су жіберілмеді.

Read More

CaspianLife, 9 желтоқсан — «АТЫРАУДА ЖАСАЛҒАН» атауымен қаламызда 70-тен аса тауар өндірушінің қатысуымен көрме-жәрмеңке өтті. Халықаралық стандартқа сай өндірілген құрылыс материалдары, ауылшаруашылығы және кондитерлік өнімдер, жергілікті қолөнершілер мен суретшілердің де туындылары көрме-жәрмеңкеге қойылды. Сонымен қатар, жергілікті дизайнерлердің ұлттық нақышта тігілген киімдерінен сән үлгілерінің көрсетілімі өтті. 70-тен астам тауар өндірушінің көрмесіне қала әкімі жеке тоқталып, әкімдік тарапынан да шағын кәсіпкерлікті дамытуға атсалысатынын атап өтті. — Бүгінгі шараға уақыттарын бөліп, атсалысып жатырған барша кәсіпкерлерге облыс әкімі Серік Жамбылұлының және өзімнің атымнан үлкен алғыс білдіреміз! Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы іс-шаралар барлық өңірде атқарылып жатыр. Міне, бүгін Тәуелсіздік күні…

Read More

CaspianLife, 8 желтоқсан — Мұндай келісімге Алматы әкімдігінде қол қойылған. Ботаникалық бақшаның оңтүстік кіре берісінде (әл-Фараби жағынан) 150 орындық көлік тұрағы салынады. Мердігерге алдын ала 54,4 миллион теңге төленген.

Read More

CaspianLife, 8 желтоқсан — Биыл Ақпарат министрлігі «Қоғамдық сананы жаңғырту шараларына» 1 млрд теңге жұмсаған. Бұл биылғы жылдың қазан айындағы дерек. Министрлік жыл соңында да осынша ақша жұмсамақ, яғни осы жылға жалпы 2 млн жұмсау жоспарланған. Жоспар бойынша жылдың соңғы айларында миллиардтаған теңгені игеріп үлгеру керек екен. Ендеше, жыл соңында сана жаңғыртудың күшейтілген жұмыстары жүруі мүмкін. Сонымен қатар, осы жылы Ақпарат министрлігі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бойынша 40,4 млрд теңге жаратқан. Жыл соңына дейін бұл сома 59,3 млрд теңгеге дейін жетпек. Бұл қаражат мемлекеттік тапсырыстар есебінен жұмыс істейтін мемлекеттік БАҚ-қа төленеді (мысалы, «Хабар» және «Казправда»). Өз кезегінде олар халыққа елде бәрі…

Read More

CaspianLife, 8 желтоқсан — ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасы аумағындағы уақыт есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына тиісті түзетулер жобасын дайындады, деп хабарлайды CaspianLife. Жобаға сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00-00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытпақ. Осылайша, Қазақстанның барлық аумағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады. Қазір Қазақстанда екі уақыт белдеуі (UTC+5, UTC+6) қолданылып келеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары 4-ші сағаттық белдеуде (UTC+4+1) орналасқан. Астана, Алматы, Шымкент қалалары және басқа облыстар…

Read More