Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 15 желтоқсан — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс Таксиге қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды CaspianLife. Тергеу қорытындысы бойынша компания бақылау-кассалық машиналардың бағдарламалық қамтамасыз етуін техникалық қолдау қызметтерін жүктеуде көрсетілген таксопарктердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Яндекс Такси монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін де әкімшілік жаза алды. Яндекс Такси Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 млрд теңге аударды. Сондай-ақ агенттік пен Яндекс Такси монополияға қарсы комплаенс жасасып, оның аясында мынадай шаралар кешенін іске асыру көзделген: — біріншіден, жүргізушілер үшін еңбекақыны арттыру шартының бірі ретінде, егер тапсырыс жол жүру ақысының базалық құнынан екі есе…

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан — Бүгін 14:00 шамасында Атырау қаласы Оңтүстік өндірістік аймағында орналасқан «Batys Petroleum» ЖШС-нің №1 цехтың жуу-булау станциясында жылжымалы темір жол құрамын(цистерна) тазалау кезінде мұнай шламының қалдықтары жанып тұрған газ-ауа қоспаларының дүмпілі болды. Дүмпіл салдарынан цех құрылымдарының ішінара (бөлігі) құлаған. Автоматты өрт сөндіру құрылғысы іске қосылып, сонымен қатар «Batys Petroleum» ЖШС-мен келісім-шартта отырған мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 48 қызметкер мен 5 бірлік техника, «Апаттар медицинасы орталығын» 3 қызметкер 1 бірлік техника, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС 5 адам 1 бірлік техника жұмылдырылды.…

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан — Бүгін сағат 10.00-де Махамбет, Индер, Қызылқоға аудандары және Атырау қаласындағы Береке ықшамауданы, Водниково ауылы, Балықшы ауылы, Курилкино ауылы, Тасқала ауылы, Ширина ауылы, СМП-136, Жилгородок, Стройконтора, қаланың сол жақ ықшам аудандарында апатты түрде электр қуаты өшті. Оқиға 35/110 кВ желілерінде «САОН» жүйесін автоматтандыру жүйесін іске қосу әсерінен болған. Бұл автоматика бір немесе бірнеше жеткізу желілерін ажырату сияқты апаттық бұзылулар кезінде жүктеме түйінінің тұрақтылығын сақтау үшін жұмыс істейді. Тоқтатуға KUS газ тасымалдау жүйесінде (Қарабатан кентінде) өндірудің азаюы, Маңғыстау энерготорабына қарай 220 кВ транзиттік желідегі қуаттың ұлғаюы, сондай-ақ ауа температурасының күрт төмендеуі, тұтыну деңгейінің төмендеуі себеп болды. Атырау облысының…

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан — Бүгінгі таңда елімізде қызылшаны жұқтырғандар саны 21 мыңнан асқан. «АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы қызылшаның жаһандық індетіне қатысты мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан ауру жұқтырғандар саны бойынша көшбасшы үштікке кіреді. Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны 21 мыңнан асты. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл жұқпалы ауруға Эфиопияда — 11 мың, Пәкістанда — 8 мың, Конгода 6 мың адам ғана шалдыққан. Яғни бұл жұқпалы дерт бойынша Қазақстан тіпті Африка елдерінің алдына шықты. Еліміздегі сарапшылардың пікірінше, вакцинациялау бағытында мәселелер бір күнде туындаған жоқ»,-деді сенатор Бибігүл Жексенбай.

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан — Мемлекет арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы отандық өндірістің дамуын ынталандырады. Оған мемлекеттік бағдарламалардың операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялар мен кепілдік беру, сондай-ақ серіктес қаржы ұйымдары арқылы жеңілдетілген несие беру арқылы қолдау көрсетеді, деп хабарлайды CaspianLife. Қор кәсіпкерлерге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен қолдау көрсетеді. Қор қызметін бастаған күннен бері бағдарлама таңдаудан бастап, жоба жүзеге асқанға дейінгі көрсетілетін көмек ТЕГІН. Қор менеджерлері қолдау сұрап келген әр кәсіпкерге әрекет ету жоспарын қадам-қадаммен түсіндіреді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басталғалы бері «Даму» Қоры бүкіл Қазақстан бойынша жалпы несие сомасы 11,4 трлн теңге болатын 197 мыңға жуық бизнес-жобаға…

Read More

CaspianLife, 13 желтоқсан — Кейінгі үш күнде ауа райының қолайсыздығынан Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне 120 адам келген, деп хабарлайды CaspianLife mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. Оның ішінде 12 адам аурухананың травматология, нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың қол-аяғы сүйектері, иық сүйектері сынған. Құлап, басын жарақаттағандар да бар.

Read More

Caspian Life, 13 желтоқсан. Қызылқоғалық шаруалар биыл 108 800 тонна жем-шөп дайындады.  Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 103 пайызға артық. Ал мал азығының бағасын арзандату мақсатында  қожалық иелеріне мемлекет тарапынан 800 млн тг. көлемінде субсидия беріліпті. Нұрболат Бергариннің қорасында 160-қа жуық малы бар. Жаз бойы 3 техникасының және жұмысшылардың көмегімен өзіне тиесілі аумақтан 1500 рулон шөп дайындаған. Нұрболат БЕРГАРИН, шаруа қожалығының жетекшісі —  Осында 2 жылдай болды малмен айналысып келе жатқанымызға. Енді қыс азығын дайындап жатырмыз, осы өз күшімізбен. Темірбай алқабында 2000 гектардай жеріміз бар. Содан биыл 1500 дай руллон дайындадық. Субсидия алып жатырмыз. Жеміне көмек беріп жатыр. 4 тоннадай жем…

Read More

CaspianLife, 13 желтоқсан — Атырау облысында кешенді күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесінде кеңейтілген «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды су құбыры іске қосылды. Аталған нысанның батыс аймағы үшін маңызы өте зор. Себебі, Еділ өзенінен тартылған құбыр Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарын, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарын тіршілік нәрімен қамтып отыр. Ал, халықтың су тұтыну мөлшері жылдан-жылға артып келеді. Жоба аясында «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырының екі учаскесі жаңғыртылды. Нәтижесінде, оның су өткізу мүмкіндігі тәулігіне 110 мың текше метрден 170 мыңға дейін артты. Жобаны қаржыландырған «Қазмұнайгаз» компаниясы бұдан өзге тағы 3 жобаны жүзеге асырмақ. «Осыдан 1 ай бұрын Кендірліде…

Read More

CaspianLife, 13 желтоқсан — ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық университетінің атауын өзгертуді жоспарлауда. Бұл туралы 29 қараша күні «Ашық құқықтық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланды. Жобаның 13 желтоқсанға, яғни, бүгінгі күнге дейін қоғамдық талқылауға салынды. Бұйрық жобасы Қорғаныс министрі орынбасарының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес әзірленген. Еске салайық, қазан айында сенатор Бекбол Орынбасаров палата отырысында Ұлттық қорғаныс университетінің атауын өзгерту туралы айтқан еді. Атап айтқанда, университет атынан Елбасы сөзін алып тастау жоспарланған.

Read More

CaspianLife, 13 желтоқсан — Атырау облысында жүкті келіншек аурухана төсегінде көз жұмды. Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны денсаулығына байланысты шағыммен дәрігерге жүгінген, деп хабарлайды CaspianLife. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел ауруханаға 5 желтоқсан күні түскен. Дәрігерлер «жедел респераторлық ауру. Жедел фарингит» диагнозын қойыпты. Жүктіліктің 36-шы аптасында болған келіншек ертесіне жансақтау бөлімінде көз жұмған. Оқиғаға байланысты аудандық полиция бөлімі «Медицина жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды. «Қазір аталған дерек бойынша ҚК 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Read More