Автор: Сайт әкімшілігі

Мұнайлы ауданында 10 жасар қызға әлеуметтік желі арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазған 19 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы  Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Күдіктінің іс-әрекеті бойынша тергеу басталды. 8 желтоқсанда полицияға әйел өзінің 10 жасар қызына белгісіз адам WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазады деген мәлімдеме жасаған. Әйел хабарлама жазған адаммен қызының ұялы телефонынан сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған. Ер адам белгіленген жерге көлікпен келгенде видеоға түсіріп, сол арқылы полицияға жүгінген. — Полиция 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Read More

Caspian Life, 13 желтоқсан. Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы Казинформ хабарлайды. Қатысушылар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайданы жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметін атқарған. Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды. Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды.

Read More

Caspian Life, 13 желтоқсан. Бүгін, яғни 13 желтоқсан сәрсенбі күні Атырау қаласы мектептерінің оқушылары ауа-райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқитын болады. Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Атырау облыстық білім беру басқармасы ауа райын болжау орталығы берген мәліметтерге сүйене отырып, 13 желтоқсанда Атырау қаласындағы жалпы білім беретін мектептер қашықтан оқитынын хабарлайды», — делінген хабарламада.

Read More

Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауыты ішкі нарықты көгілдір отынмен толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл жайында Энергетика министрлігінен мәлім етті. «Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыты «QazaqGaz» ҰК» АҚ күшімен салынып жатыр. Пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Зауыт іске қосылғаннан кейін ішкі нарықтың қажеттіліктері үшін шамамен 720 млн текше метр тауарлық газ өндіріледі деп болжанады. Бұл ішкі нарықтың қажеттіліктерін ішінара жабуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай. Ведомство мәліметінше, аталған зауытта өндірілетін тауарлық газ ішкі нарықтағы газ бағасына айтарлықтай әсер ете қоймайды. «Өйткені «QazaqGaz»…

Read More

Алдағы уақытта Атырау облысына қарасты аудандардағы мектептерге 19  автобус сатып алынады. Әрқайсысының құны 35 миллиони теңге болатын көлік Қазақстанда жасалған. Көпшілігі Құрманғазы ауданы оқушыларының игілігіне берілмек. Атырау қаласындағы ықшам аудандарда жарылып тұрған электр бағаналарын ауыстыру үшін 241 миллион теңге қарастырылып отыр. Облыстық мәслихаттың кезекті отырысында өңірдің келер жылға қаралған бюджеті жайы талқыланды. Жалпы 2024 жылға облыстық бюджеттен  613,7 миллиард теңге қаралған. Бұдан өзге республикалық бюджеттен берілетін қаражат тағы бар.

Read More

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының  баспасөз қызметі хабарлады. “Ауа райының қолайсыздығына байланысты, яғни желдің ұйытқуы 30 м/с болуына орай бүгін, яғни 12 желтоқсанда күні барлық қала  мектептері екінші аусымда онлайн режимінде оқиды”, — деп жазылған хабарламада.

Read More

Энергетика министрлігі жаңа жылда автогаздың бөлшек саудадағы бағасын көтермеуді жоспарлап отыр. Жаңа бұйрықты дайындаған ведомства оны Ашық нормативтік құқықтық актілер порталына ашық талқылауға шығарды. Ресми құжаттағы мәліметке сүйенсек, сұйытылған отынның бөлшек саудадағы құны өзгеріссіз қалады. Естеріңізге сала кетейік, сұйытылған газдың бағасы соңғы рет шілде айында көтерілген еді. Сол кездегі шекті бағаға сәйкес Атырау, Ақтөбе мен Маңғыстау облысында автогаздың литрі 54 теңге болып қала бермек.  Астана қаласында, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау және ШҚО-да сұйытылған отынның бөлшек саудадағы құны 76 теңге, Алматы қаласы, Алматы және СҚО-да — 81-теңге. Шымкент қаласында, Қызылорда, Түркістан, Павлодар, Жамбыл мен БҚО-нда да газ бағасында өзгеріс…

Read More

Атырау облысында жұмыртқа бағасы бір жылда 8,5 пайызға қымбаттаған. Яғни бұрын 10 дана жұмыртқа орташа есеппен 507 теңге тұрса, қазір шамамен 550-600 теңге. Енді баға өсіміне не әсер етіп отырғанына тоқталсақ. Біріншіден бізге жұмыртқа Қостанай, Павлодар облыстарынан,  Орал, Ақтөбе қаласынан және Ресейден әкелінеді. Яғни оларда тауар бағасы өссе, бізде де көп ұзамай көтерілетіні сөзсіз. Ризабек МҰСАҒАЛИЕВ, Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп баскармасының бөлім басшысы —  Бұл жерде басқа өңірден алатынымыз белгілі. Сол өңірдің өндірушілері де логистика шығындары бар, жанар-жағармайдың шығыны бар, сосын жем-шөп бар құсқа беретін бұлардың бағасының өсуі өндірушілердің өз өнімдерінің бағаларын көтеруге әкеліп соғып отыр. Сондықтан бүкіл Қазақстан…

Read More

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста бірнеше тас жол қайта жабылды. Көктайғаққа байланысты Бейнеу-Ақтау, Жетібай-Жаңаөзен және Ақтау-Құрық тас жолдары уақытша жабық. Облыс тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және аса қажет болмаған жағдайда көлікпен жолға шықпауды сұраймыз.

Read More

Бүгін Алматы уақытымен таңғы 08:05 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті сейсмикалық стансалар желісі тіркеген. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 890 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.9. MPV магнитудасы — 5.7. Тереңдігі — 170 шақырым. «MSK-64 бағаны бойынша сезілгені жайлы ақпарат түскен жоқ», — делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.

Read More