Атырау облысында жыл басынан бері 50-ге жуық мемлекеттік қызметші үстеме жұмыс жасаған. Артық еңбек еткен қызметкерлер бұл үшін тиесілі ақшаны да алмапты. Мұндай жағдайды мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысындағы департаменті анықтады. Жалпы департамент жыл басынан бері 180 мемлекеттік қызметкердің құқығын қорғап, оның ішінде 70 қызметкердің әлеуметтік-еңбек құқығын қалпына келтіріпті. Гаухар ЖАРАСОВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі АОД басқармасының бас маманы — Департаментпен шаралардың нәтижесінде 50-ге жуық қызметшінің үстеме жұмысқа негізсіз тартылып, оларға еңбек ақы төленбеген. Нәтижесінде 1,5 миллион теңге төлемдері өтеліп берген болатын. Сол секілді мемлекеттік кірістер органдарының бір қызметшісінің өзінің жұмысынан босамай, өзге қызметшілердің артық жұмыстарын қызмет атқарып…
Автор: Сайт әкімшілігі
Қазақстандықтар желтоқсанда 11 күн демалады. Аптаның демалыс күндерінен бөлек, тәуелсіздік күніне орай бес күн жұмыс істейтіндерге айдың 16,17 және 18-і, ал аптасына 6 күн еңбектенетіндер үшін 16 және 17-желтоқсан – демалыс. Жаңа жылдың құрметіне жұмыс аптасы 5 күнге созылатындар 4 күн — 30,31 желтоқсан-1,2 қаңтарда демалады. Ал сенбі күні жұмысқа шығатындар тек 3 күн тынығады.
Еріктілер Атыраудағы 534 кәсіпкерлік нысанда болып, ондағы көрнекі ақпараттың жазылу заңдылығын тексеріп, заңға сәйкес келмейтін 1 мыңға жуық фото фактіні тіркеді. Жұмыс тобының айтуынша, кәсіпкерлер атауларды, заттардың этикеткасындағы ақпаратты қазақ тілінде жазуға құлықсыз. Ал жазылғанын сауатты деп айту қиын. Бұл жұмыс «Көрнекі ақпарат – тілге жауапкершілік» жобасы аясында іске асты. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, сыртқы жарнама мен көрнекі ақпараты заң талабына сай бизнес субъектілердің қатарын көбейтуді мақсат еткен жобаны ұйымдастырушылар – «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы. Ал жоба жүзеге асыруға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері көмектесті. Олар кәсіпкерлерге заң талабы жазылған жадынама таратып, атау және өзге де ақпараттың қазақша жазылу…
Қызылқоға ауданындағы Қызылқоға, Жамбыл, Жангельдин, Тасшағыл, Мұқыр, Көздіғара ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункт меңгерушілеріне жаңа көлік берілді. Бұл көліктер ветеринар мамандардың шалғай орналасқан елдімекендерге уақытылы жетіп, жануарларға дер кезінде көмек көрсетіп, сапалы ем-дом жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауданның ахуалын жақсартуға да бұл автокөліктердің үлесі зор болмақ, — дейді аудан әкімі Қанат Әзмұханов. Қазіргі кезде Қызылқоғада 1 ветеринариялық станция мен 10 ветеринариялық пункт жұмыс істеп тұр. Бұдан өзге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне де екі машинаның кілті табысталды. Қос көлікті «Арман» мәдениет үйінің ұжымы пайдаланбақ.
Құлсары қаласындағы автожолдар, «Астрахань-Атырау-Ақтөбе», «Атырау-Астрахань» трассалары мен аудандардағы ауылішілік көшелер. Аманат партиясының депутаттары өңірде жол салу жұмыстарының кестеден кешігіп жатқандығын айтып, жиналыс өткізді. Жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары да онлайн режимде қатысып, пікірлерін айтты. Олардың кейбірі жол құрылысы ойдағыдай жүріп жатыр десе, енді бірі бар жолдан айрылып қалдық деп налиды. Мұны депутаттар да қостап отыр. Атырау облыстық мәслихатының депутаты — Бізде облыстық маңызы бар Ганюшкино-Приморье-Котяевтің өзі 29 шақырым учаскесі бар. 2018 жылы басталды. Күні бүгін бес жыл болып отыр. Астыңғы қабаты төселіп, аяқталмаған нысанға қазіргі таңда көлік қозғалысына рұқсат берілді. Асфальттің үстіңгі жабынды қабатының болмауына байланысты ақау пайда болуда. Біздер бір…
Ауданда республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» науқаны аясында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында түрлі форматта іс-шара өткізілуде. Жуықта аудандық аналар кеңесі мен ішкі саясат бөлімі бірлесіп, отбасылық қарым-қатынасты нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырды. Оған прокурор, инспектор, дәрігерлер, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп психологтары, балабақша меңгерушілері қатысты. Алдымен аудандағы тиісті бөлімдер әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, оларды қорғау, құқықтық көмек көрсету бағытында жасалған іс-шараларға және заңдағы өзгерістерге тоқталды. СНХ: Ахмет ТЫНЫШБАЙ, Қызылқоға ауданының прокуроры — Арыз-шағымсыз қазіргі таңда іс құжаттары жиналып сотқа жолданады. Яғни осыған дейін аталған баптар тек арыздың негізінге…
Мақатта 11 мұғалімнің жалған дипломмен жұмыс істеп жүргені анықталды. Бұл туралы аудан әкімі жанынан құрылған құқық бұзушылықтың алдын алу комиссиясының отырысында белгілі болды. Жалған диплом пайдаланғандардың 8-і балабақшада тәрбиеші болса, 3-еуі мектепте мұғалім. Тіпті балабақша меңгерушілерінің кейбірі қарауындағы қызметкердің дипломы жалған екенін жасыруға тырысқан. Енді 2 тәрбиеші тағы да 4 миллион теңгеден астам қаражатты мемлекетке қайтаруы тиіс. Ал біреуінің ісі әзірге күмәнді болғандықтан, қосымша дәлел жиналуда. Айбол ДОЛДАШЕВ, Мақат аудандық білім бөлімінің басшысы — Бұл қызметкерлер жұмыстан шығарылған. Сондықтан, қазіргі таңда жұмыссыз болуына байланысты қаражатты қайтара алмай отыр. Енді ол бойынша «Шапағат» балабақшасының меңгерушісіне тапсырма берілді, сотқа талап арыз беруге.…
Маңғыстау облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Ауырғандар саны 1000-нан асып кеткен. Дені 18 жасқа дейінгілер. 90-ға жуық сәби облыстық балалар ауруханасында ем алуда. Кейбір ата-аналар сыймай дәлізде жатқанын айтады. Ғалия ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ата-ана — Бүгін түнде коридорда 8 ана болып жаттық. Коридор салқын болды. Ингаляторды біз үйден алып келдік. Балдарымызды курткамен ұйықтаттық. Уайыммен ұйықтадық. Екі палата босап, содан бізді палаталарға ауыстырды. Дәрігерлер балалардың көбі қызылша, бронхиолит және пневмониямен жатыр дейді. Ал орын жетіспеушілігі түнгі мезгілде қызылша жұқтыруы мүмкін деген күдікпен түскен бала санының күрт көбеюімен байланысты екен. Ал аурухана басшылығы мен денсаулық сақтау басқармасындағылар мәселені уақытша болса да шешу мақсатында бөлімшедегі…
Балалар қауіпсіздігі үшін терезелердің сыртын қауіпсіздік құлыптарымен жабдықтау міндеттелетін болды. Бұған қатысты Мәжіліс білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заңды қабылдады, деп хабарлайды Caspian Life порталы. Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндағы басты мақсат білім беру саласындағы және жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы кешенді жетілдіруге бағытталып отыр. Заң жобасында сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу, ата-аналарға электронды жүйелер арқылы бағалар мен үй тапсырмаларын тегін қарауға мүмкіндік беру, бірінші сыныпқа тестілеусіз қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезек жүйесін енгізу қарастырылған. «Білім сапасын арттыру мақсатында әкімдіктерге білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оларды 5 жыл сайын апаттық тексерістен…
Қызылқоғада да қызылшаны жұқтырғандар саны қарашада күрт көбейді. Жалпы ауданда соңғы екі ай ішінде 70-ке жуық дерек тіркеліпті. Дәрігерлер аурудың күн санап көбеюіне балалардың екпені уақытылы алмауы себеп, — деп отыр. Осы уақытқа дейін Қызылқоға аудандық ауруханасынан қызылша жұқтырған18 науқас емделіп шыққан. Қазір 4 кішкентай ем-дом алып жатыр. Айнұр ТІЛЕМІСОВА, Қызылқоға аудандық ауруханасының директоры — Амбулаториялық емде 16 бала емделіп жатыр. Қазіргі аудандық ауруханадағы4 балада жағдайлары орташа ауырлықта. Бұл қызылшаның жеңіл түрі болады, ауыр түрі болады және өте ауыр түрі болады. Жеңіл түрде ауыратындар осы амбулаторияда емделеді, , ауыр түрде ауырғандар аудандық ауруханада емделеді. Ауданда қызылша, қызамық, паротитке қарсы жаппай…
