Үкімет Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы қаулыны бекітті.
«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін», делінген қаулы мәтінінде.
Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.