Маңғыстау облысы ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне «Ж» есімді азаматтың бекіре балық уылдырығын сату және сақтаумен айналысқаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Полиция арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерімен бірлесіп, бекіре балық уылдырығын анықтап, тәркіледі.
Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылындағы «Тойота Ипсум» маркалы автокөліктен 6 пластик қорапқа салынған жалпы салмағы 3 келі 150 грамм уылдырық табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлер осы фактіге қатысты 33 жастағы ер адамды ұстады. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабтың 1-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының СДТБТ тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.