Автор: Сайт әкімшілігі

Ақтауда полиция адамдарды эвакуациялап, ауруханадағы өртті сөндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоні қызметкерлері 7 наурызда сағат 23:20-да Маңғыстау облыстық ауруханасына адам жеткізген. «Осы кезде олар қабылдау бөлімінің ішінен жарылыс болғанын естіген. Сол кезде іштегі адамдар арасында дүрбелең пайда болған. Алайда полиция лейтенанттары – Н.Әзімхан, Ж.Ниязбеков еш сасқалақтамай не болғанын қарау үшін ғимаратқа кірген. Іште жалынды көрген соң адамдарды құтқару үшін сыртқа шығаруға кірісіп, бірден өрт сөндірушілерге және рота командиріне хабарлап үлгерген», делінген хабарламада.

Read More

Атырау, Caspian Life. Оқиға Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылында болған.  Атырау қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей,  5 наурыз, сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөліміне Салықов көшесі бойындағы бір үйден төрт адамның мүрдесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түседі. Болжаммен қаза болу себебі — көмір қышқылгазына улану. Оқиға орнына Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жеткен кезде, 1974 және 1991 жылы туған ер азаматтар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыз баланың қаза болғандығы анықталды. Қазіргі таңда аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция қызметі жұмыс жасауда.

Read More

««ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық жойылды» деп хабарлады «ССЕР» компаниясының өкілі Орақ Бисембиев. Мәлім етілгендей, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Read More

«Қазақстан халық партиясы» зейнетақы мәселесін көтерді. Оның ішінде партия мүшелері әйелдер мен еркектердің зейнет жасын төмендетуді ұсынып отыр. Себебі, дамыған елдерде зейнетке шығу жасы орта есеппен 56-ны құрайды. Бұл табысы жоғары елдерде лайықты зейнетақымен өмір сүру үшін жасалған жағдай. Сондай-ақ, бәсекеге кабілетты экономиканың жемісі. Жиында зейнетақы жинақтарының ашықтығы тақырыбында да қозғалып, төлемдерді жақсарту бойынша қатысушылар өз ұсыныстарын орта салды.  Дегенмен, қазір зейнетке шықпаса да қордағы ақшасын тиімді жұмсау үшін бірқатар іс-шара қолға алынған. Мысалы шоттағы ақшасына үй сатып алуға немесе сырқатын емдеуге жұмсауға болады. Айта кетейік, ҚР заңнамасына сәйкес 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасына 6 ай қосылып отырады.…

Read More

Балық қорғаушылар үшін аса мазасыз шақ келді. Олар сірескен мұзды ойып, балықтарға ауа жіберумен әлек. Жылда бұл уақытта мұздың көбесі сөгіліп, су маржандары тұщы сулы өзен-көлдерге ұмтылатын. Қазір мұздың қалыңдығынан қозғалыс тоқтап тұр. Бүгінде облыстағы өзендер мен су арналарынада 2000-нан астам ойық пен үкі дайындалды. Оларды балық қорғау инспекциясының мамандары табиғат пайдаланушылар мен волонтерлердің көмегімен үнемі бақылауда ұстайды. Волонтер демекші, өзен үстіндегі әбігерді пайдаланған төңіректегі ауыл тұрғындары да жаппай балық аулауға шыққан. Олар үкі ойып жүрміз деген желеумен жасырын ауларын жағалай құрып тастайды екен. Инспекторлардың жұмысы сол тәулігіне айдын бетінен 30-40 ау-құралын алады Енді аз күнде сең сөгіліп теңіз балықтарының…

Read More

Махамбет атындағы академиялық драма театры 9-10 наурыз – Б. Шоудың пьесасы бойын «Клеопатра» жастар спектаклі. Басталуы — сағат 19:00. Ғ.Сланов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана 5 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемді әлдилеген ана» атты кітап көрмесі, ақпараты. Басталуы — сағат 11.00. 5 наурыз — Зағип жандар арасында халықаралық әйелдер күніне орай  ұйымдастырылған «Көктем аруы» атты өнер сайысы. Басталуы — сағат 15.00. 9 наурыз — «Жас Алашқа — 100 жыл» атты слайд-шеру. Басталуы — сағат 11.00. 10 наурыз — Жерге орналастыру, геодезия және картография күніне арналған «Жердің шұрайы — елдің шырайы» видеоролигінің көрсетілімі. Басталуы — сағат 11.00. 11 наурыз…

Read More

 Шаһарды мұнай өнімдерімен ластаған бұрынғы «Ақжайық» жуу-булау станциясының аумағы тазартылды. Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттың шешімімен аталған мекеменің қызметі әуелі уақытша, кейін толықтай тоқтатылды. Сондай-ақ, 2019 жылдың желтоқсан айында олардан 900 мың теңгеге жуық айыппұл өндірілген болатын. Міне үлкен тазалық жұмыстары да сол жылы басталған еді. Ұзақ жылғы күрестен кейін жеңіске экология департаментінің басшысы да дән риза. Оның айтуынша, мекеменің сот шешімін уақтылы орындамауы бірнеше рет кедергі болған. Бүгінде «Қазақстан темір жолдары» АҚ өкілдері «Ақжайық» ЖБС аумағынан барлығы 390 тонна мазутталған топырақ және мұнай өнімдерінің қалдықтары бар 5 цистерна шығарылды. Сондай-ақ, бул жерді облыстың меншігіне өткізіп,…

Read More

Атыраулық кәсіпкерлер онлайн төлемдер жасау кезінде салық салуға қарсы. Айта кетейік, қазақстандық депутаттар онлайн банкинг арқылы жасалған төлемдерге салық салуды ұсынған болатын. Бірақ, бұл заң күшіне енсе кәсіпкерлердің басына қара бұлт орнамақ. Расымен қазір барлық сауда-саттық онлайн төлемге көшті десек артық айтқандық емес. Себебі, телефон немесе карта арқылы аударым тез әрі ыңғайлы. Бірақ, бұның бәрі қолма-қол ақшасыз жүзеге асатындықтан кәсіпкердің кіріс-шығысы туралы нақты ақпарат қолжетімсіз болады. Депутаттардың мұндай ұсынысына қарсылық білдіргендердің бірі кәсіпкер – Бибігүл Шайхиева. Оның сөзінше, қосымша салық бірінші кезекте кәсіпкердің, екіншіден, тұтынушының қалтасына салмақ түсіреді. Бибігүл ШАЙХИЕВА, бизнес-жаттықтырушы Қазіргі уақытта адамдардың барлықтары онлайнға көшіп жатыр. Онлайн болғандықтан…

Read More

Араға 5 жыл салып Атырау облысында көктемгі аң аулау қайта жанданбақ. Наурыздың 14-і мен сәуірдің 4-і аралығында үйректерді аулауға рұқсат берілді. Мамандардың сөзінше, аңшылар тек 15 күн бойы белгіленген жерлерде аулай алады. Бұл аңшылар үшін жағымды жаңалық болды. Соңғы бес жылда көктемде аң аулауға тыйым салынған болатын. Бұған браконьерлердің кесірінен құстар санының азайып кетуі себеп болған еді. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының бақылауында ауданы 1 млн 600 гектар болатын 6 аңшылық алқап бар. Егер азаматтар арнайы алқапта аң аулау ережелерін бұзса 14 жарым мың теңге айыппұл арқалайды. Ал заңсыз құс атумен айналысқан жандар әр құс…

Read More

Бір кездері арнасы суға толған Ойыл өзені жоғалып бара жатыр. Оның жағасын мекендеген Қызылқоға ауданының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Және өзеннен, жағымсыз иіс шыға бастаған. Олардың бар қорқынышы – сусыз қалу. Ауыз суға жарымай отырған жұрт, ауданда ауылшаруашылығы кенже қалды дейді. Одан басқа да өзеннің өзекті мәселелерін онлайн-конференцияда ғалымдар, экологтар мен тұрғындар ашына жеткізді. Ғалымдар өзеннің осындай мүшкіл халге түсуіне қыста қардың, көктем-жазда жаңбырдың аз жауыуынан деп санайды. Бірақ, бұл пікірмен тұрғындар келіспейді. Олардың сөзінше, өзен бойындағы шаруа қожалықтары суды түрлі қалдықтармен ластайды екен. Мұны ғалымдар да растады. Бұл мәселемен биліктегілер де жақсы таныс. Күні кеше Қызылқоға ауданына іс-сапармен…

Read More