Бір кездері арнасы суға толған Ойыл өзені жоғалып бара жатыр. Оның жағасын мекендеген Қызылқоға ауданының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда.
Және өзеннен, жағымсыз иіс шыға бастаған. Олардың бар қорқынышы – сусыз қалу. Ауыз суға жарымай отырған жұрт, ауданда ауылшаруашылығы кенже қалды дейді. Одан басқа да өзеннің өзекті мәселелерін онлайн-конференцияда ғалымдар, экологтар мен тұрғындар ашына жеткізді.
Ғалымдар өзеннің осындай мүшкіл халге түсуіне қыста қардың, көктем-жазда жаңбырдың аз жауыуынан деп санайды. Бірақ, бұл пікірмен тұрғындар келіспейді. Олардың сөзінше, өзен бойындағы шаруа қожалықтары суды түрлі қалдықтармен ластайды екен. Мұны ғалымдар да растады.
Бұл мәселемен биліктегілер де жақсы таныс. Күні кеше Қызылқоға ауданына іс-сапармен келген экология,геология және табиғи ресрустар министрлігінің кеңесшісі Сәрсенбай Еңсегеновтың айтуынша, көктемде ғылыми экспедиция құрылады.