Автор: Сайт әкімшілігі

Атырауда мереке күндері мас күйде рульге отырған екі әйел жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Баспасөз  мәліметінше, 7-8 наурызда патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 2 әйел ұсталған. «Мәселен, 7 наурызда түнгі сағат 02:30 шамасында Ә.Молдағұлова көшесінің бойында «Toyota Ipsum» автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде аталған автокөліктің 40 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Ал, 8 наурызда таңғы сағат 05:30 шамасында Вокзал маңы-5 шағын ауданынан тоқтатылған «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі – 39 жастағы әйелден алкогольдік ішімдіктің иісі шыққан» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Медициналық сараптаманың корытындысымен екі жүргізушінің де жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталған. Мас күйде…

Read More

Талғайраңда көпбейінді аурухана салынатын болды. Дегенмен бұдан бұрын жоба белгісіз мерзімге шегерілді деп хабарланған болатын. Құрылысты осы жылдың аяғында бастау жоспарланған. Бұл туралы azh.kz хабарлайды. — Облыстық аурухана мен облыстық перинаталды орталық Талғайраңға көшеді. Ал облыстық аурухана ғимаратында 200 кереуеттік қалалық жедел жәрдем ауруханасы жұмыс істейтін болады. Қазір ғимаратты жобалау жұмыстары жүргізілуде, жаз аяғына дейін барлық құжат дайындалып, жыл аяғына қарай құрылыс басталады, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Асхан БАЙДУАЛИЕВ. Перинаталды орталықтың қазіргі ғимаратын жөндеуден кейін №1 емханаға айналдыру жоспарланған. Біздің 8 емхананың 2-уі: Геологтағы және Нұрсаядағы №7 емхана ғана типтік стандарттарға сай келеді. №1 емхана облыстық ауыл шаруашылығы…

Read More

Облысқа қарасты республикалық маңызы бар жолдарда 1 наурыздан сәуірдің біріне дейін жүк көліктердің жүруіне уақытша шектеу енгізілді. Нақтырақ айтсақ, бір осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын темір тұлпарларға тас жолда жүйіткуге тыйым салынды. Себебі қыстан жаңа шыққан жол жабындыларының жүкті көтеру қабілеті төмен болады дейді мамандар.  Дегенмен бұл шектеулер төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралармен айналысатын және зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін көліктерге қолданылмайды. Сондай-ақ,  азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалымен айналысатын көлік құралдарына еш кедергі жоқ.  

Read More

Атырауда карантиндік талаптар тағы да  жеңілдетілді. Бұдан бұлай облыстағы сауда орталықтары мен базарлар демалыс күндері де ашық болады. Бұл бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында көрсетілген. Сонымен қатар, жаңа құжатта мектептерге де қатысты үлкен өзгеріс бар. Нақтырақ айтсақ, қазір кезекші сыныпта білім алып жатқан оқушы саны 15-тен 25-ке ұлғайтылды. Яғни, 1шіден 5-ші сыныпқа дейінгілердің қатары он оқушымен толықты. Ал 9 бен 11-ші сыныптар аралас форматта оқытыла бермек. Мұны білім беру басқармасындығылар білім сапасын арттыру үшін жасалған қадам дейді.   Жаңа қаулыға сәйкес, балалар түзету кабинеттері, үйірмелер мен арнайы курстар да штаттық режимге көшеді. Бірақ, әр топта бала саны 15-тен аспауы қажет. Сонымен…

Read More

Ақбөкен мүйіздерін Қазақстаннан Қытайға жаппай сатуды ұйымдастырғаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың12 мүшесіне қатысты үкім шығарылды. Қылмыстық бизнес 2018 жылдың жазынан басталған. Киік мүйіздері қытайлық шығыс медицинасымен айналысатындарға сатылған. Мүйіздерді Қазақстанның әр аймағындағы браконьерлерден жаппай сатып алып, Қытайға жеткізіп отырғаны анықталды. 2019 жылдың қазан айында ҰҚК қызметкерлері Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларында қылмыстық топты құрықтады. Тінту кезінде ақбөкеннің бір тонна 118 келі мүйізі тәркіленді. Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз қызметінен мемлекетке келтірілген зиян — бес миллиард 665 миллион теңгені құрады. Қылмыстық топ мүшелерін ұстау кезінде істі «жасыру» үшін ірі көлемде пара бермек болған. Сот 12…

Read More

Ақпан айында қолданыстағы пәтерлерді қайта сату құны 3,1%-ке – бір шаршы метріне 252,3 мың теңгеге дейін, ал жаңа үйлердің бағасы 1,2%-ке, 323 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлайды. Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда қолданыстағы тұрғын үй 20%-ке қымбаттады. Жаңа пәтерлердің бағасы 2020 жылдың ақпанымен салыстырғанда 8%-ке көтерілді. Сонымен қатар, қолданыстағы тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6%-ке артты, өткен жылдың ақпанына қарағанда өсім – 11,3 %. Аренда орта есеппен бір шаршы метр үшін 1 714 теңгені құрады. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр тұрғын үй құрылысының қарқыны 11,2%-ке өскенін мәлімдеп, мұны жақсы көрсеткіш деп атады. Алайда пайдалануға берілген…

Read More

Facebook құрамындағы танымал WhatsApp мессенджерінің командасы ескі iPhone-дарды қолдауды тоқтатуға дайындалып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ixbt.com сайтына сілтеме жасап. WhatsApp-тың IOS-қа арналған жаңа бета-нұсқасында iOS 9 операциялық жүйесіне қолдау жоқ. WhatsApp тарапынан осындай өзгеріс 2020 жылдың ақпанында болғанын атап өткен жөн. Содан кейін WhatsApp қосымшасы Android операциялық жүйесінің 2.3.7 және iOS 8, сондай-ақ, олардан да ескі нұсқаларымен смартфондағы жұмысын тоқтатқан болатын. WhatsApp-та әзірге жаңа шектеулер пайда болған жоқ. Ал iOS 9-ды қолдауын тоқтату туралы шешім кейінірек ресми түрде жариялануы керек. WhatsApp сайтындағы анықтамада қазір Android 4.0.3 және одан жаңа нұсқалар, iOS 9-дан жаңа, KaiOS 2.5.1 және одан жаңа нұсқалар жұмыс істеп тұрғаны…

Read More

«Атырауда 27 адамнан коронавирус анықталды» . Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 3 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 24 адамнан инфекция анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 6 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 85 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 99 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 70 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 21 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 245 адам ем қабылдауда. 9 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола және Павлодар облыстары «сары» аймақта тұр. Ал қалған өңірлер – «жасыл»…

Read More

Қаулы 2021 жылғы 9 наурызда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді. «Атырау облысындағы шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 ақпандағы №3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің  9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының…

Read More

Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев айтты. Спикердің айтуынша, Атырау қаласы маңындағы Талғайраң ауылында биыл облыстық көпбейінді аурухана құрылысы басталады. 350 керуеттік жаңа ауруханаға Атырау облыстық перинаталдық орталығы көшіріледі. «Ал, қолданыстағы облыстық перзентхана ғимараты №1 Атырау қалалық емханасына беріледі. Перзентхананың екінші көпқабатты ғимараты дәрігер мамандар үшін баспана тұрағы түрінде қайта жасақталады» деді Асхан Байдуалиев.

Read More