Облысқа қарасты республикалық маңызы бар жолдарда 1 наурыздан сәуірдің біріне дейін жүк көліктердің жүруіне уақытша шектеу енгізілді. Нақтырақ айтсақ, бір осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын темір тұлпарларға тас жолда жүйіткуге тыйым салынды. Себебі қыстан жаңа шыққан жол жабындыларының жүкті көтеру қабілеті төмен болады дейді мамандар.
Дегенмен бұл шектеулер төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралармен айналысатын және зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін көліктерге қолданылмайды. Сондай-ақ, азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалымен айналысатын көлік құралдарына еш кедергі жоқ.