CaspianLife, 25 қыркүйек. Каспий теңізінде болған төтенше жағдайдан кейін ауруханаға жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Зардап шеккен әскери қызметші – 2007 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы Ақжол Темерхан. Қазір ол дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, облыстық көпбейінді аурухананың терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр.
«24 қыркүйекте болған қайғылы оқиғадан кейін әскери қызметшілердің бірі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде оған қажетті медициналық тексерулер жүргізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Әскери қызметші терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр», – деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Избасаров.
Мариям БЕРІКҚЫЗЫ, Маңғыстау облысы


